12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жақсылық жасасаң жақсылық көресің!

Жақсылық жасасаң жақсылық көресің!

Адамдарға жасалған жақсылықтар ахирет азаптарынан құтылуға және жәннат ниғметтерінің артуына себеп болады. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан:

«Аллаһу та'ала құлдарының қажеттіліктерін жаратып жібереді. Аллаһу та'аланың ең сүйікті құлы – Оның ниғметтерін құлдарына жетуіне себепші болған адам.»

Жақсы мұсылман жақсылық жасамақшы немесе садақа бермекші болса, мұны жасырын түрде істейді. Жақсылық жасаған немесе садақа берген адамын ренжітпейді. Көңілін қалдырмай, жақсылығын міндетсінбей жасайды. Аллаһу та'ала осылай жасау керектігін Құран кәрімде көптеген жерлерде әмір етуде.

Дүние өмірі өте қысқа. Ахиреттің азаптары өте ауыр және шексіз. Алдын көре алатын ақылды адамдардың дайындықта болуы қажет. Дүниенің әсемдігіне, қызығына алданбау керек. Адамның қадірі мен құрметі дүниелікпен өлшенгенде, дүниелігі ең көп болғандардың бәрінен қадірлі және үстем болуы керек болар еді.

Қияметте азаптардан құтылудың екі үлкен негізі, яғни екі жолы бар:

Біріншісі, Аллаһу та'аланың әмірлерін маңызды санау, құрмет көрсету. Екіншісі, Аллаһу та'аланың құлдарына, жаратқандарына қамқорлық, жақсылық жасау.

Мүминун сүресінің жүз он бесінші аятында: «Сендерді бостан-бос, ойыншық болсын деп жараттым деп ойлайсыңдар ма? Бізге қайтпайсыңдар ма?» делінген.

Ақылы бар, алдын көре алатын кісі қысқа болған дүние өмірінде ахиретте жақсы, рахат өмір сүруге себеп болатын амалдарды ғана істейді...

Раббымыздың құлдарына қызмет ету арқылы дүние мен ахиретте ниғметтерге қауышатынымызды ойлауымыз қажет. Адамдардың алдында жұмсақ болудың, оларға жақсылық жасаудың, олардың тірліктерін күлімдеген жүзбен жылы сөзбен және жеңілдікпен атқарудың Аллаһу та'аланың сүйіспеншілігіне қауыштыратын жол екенін білуіміз керек...

Мұсылмандардың қажеттіліктерін өтеп беру, оларды қуанту және жақсы мінезді болу өте құнды. Мұның маңызын көрсеткен және жұмсақ, салмақты, сабырлы болуды мақтаған, әрі осындай болуға шақырған көптеген хадис шәрифтердің біреуі мынадай:

«Мұсылман – мұсылманның бауыры. Олар бір-бірін ренжітпейді. Кімде-кім дін бауырының бір жұмысына көмектессе, Аллаһу та'ала да оның жұмысын жеңілдетеді. Кімде-кім бір мұсылманның басына түскен қиыншылығын шешіп беріп, оны қуантса, қиямет күнінің ең қиын кездерінде Аллаһу та'ала оны қиыншылықтан құтқарады. Кімде-кім бір мұсылманның кемшілігін, мінін жасырса, Аллаһу та'ала қиямет күні оның кемшіліктерін, қателіктерін жабады.»

Мына үш күндік дүние өмірінде Аллаһу та'аланың разы болатын амалдарын орындауға тырысу керек. Оның құлдарына сый-сияпат көрсету, жақсылық жасау қажет...