8 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     10 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Жел шығару дәретті бұзады

Жел шығару дәретті бұзады

Сұрақ: Илмихал білімдеріне қайшы көзқарастарымен аты шыққан бір теолог кісі жел шығарудың дәретті бұзбайтындығын мақаласында жазыпты. Бұл тұрғыда хадис жоқ па? Мазһабтардың қаулысы қандай?

Жауап: «Төрт мазһабта да жел шығару дәретті бұзады.» (Мәзаһиби Әрбәа)

Осы тақырыпта хадис шәрифтер де бар. Бірнешеуі төменде:

«Намаз оқығанда жел шығарған кісі намаздан шығып дәрет алсын, намазды қайтадан оқысын.» (Тирмизи, Нәсаи, Әбу Дауд, И,Ахмед, Бәйһақи, Табарани)

«Жел шығарған адамның дәреті бұзылады.» (Әбу Дауд, И.Ахмед)

«Шайтан намаз оқып жатқан кісінің артынан жеңіл түрде тиіседі. Ол кісі мұны жел деп ойлайды. Осындай жағдайда иісі немесе дауысы естілмегенше намаздарыңды бұзбаңдар.» (И.Ахмед)

«Дәреті жоқ адамның намазы қабыл болмайды. Арттан дауыспен немесе дауыссыз жел шықса, хадес орын алады, яғни дәрет бұзылған болады.» (Бұхари)

«Артында жыбырлау сезген кісі дауысы мен иісін байқамағанша мешіттен шықпасын (намазын жалғастырсын) (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)