18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Барлық істе жетістікке жету үшін

Барлық істе жетістікке жету үшін

Сұрақ: Барлық істе жетістікке жету үшін не істеу керек?

Жауап: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген:

«Мына үш нәрсені орындағандар барлық жұмыста жетістікке жетеді:

1) Жасаған әрбір ісін Аллаһ разылығы үшін жасаса,

(Адам не Аллаһ разылығы үшін істейді, не нәпсінің қалауы үшін, яғни адамдарды қуанту үшін істейді. Адамдардың разылығын Аллаһу та'аланың разылығынан жоғары санағандарды Аллаһу та'ала адамдарға қалдырады, бірақ адамдардың разылығын емес, Аллаһу та'аланың разылығын таңдағандарды өз қамқорлығына алады. Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін.)

 

2) Бірлік пен ынтымақта болса,

(Денелердің бірге болуы деген мағынада емес. Жүректердің бірге болуы, мақсаттардың бір болуы деген сөз.)

 

3) Дұрыстықтан ешқашан айрылмаса.»

 

Демек, дұрыстықтан айрылмай, бірлік пен ынтымақта істерін Аллаһ разылығы үшін жасағандар барлық жұмыста жетістікке жетеді.

 

Жетістіктің сыры

Сұрақ: Жетістікке жетудің сыры не?

Жауап: Ислам ғалымдары айтқан:

1) Күнәлардан сақтану, харам істемеу,

2) Аллаһу та'аланың құлдарына мейірім көрсетіп, жақсылық жасау,

3) Сабыр ету,

4) Жылы жүзді болып, үнемі күлімдеп жүру.

Осы төртеуін орындаған адамның жетістікке жетпеуі мүмкін емес.