2 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     4 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Мүршид-и кәміл деген кім?

Мүршид-и кәміл деген кім?

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мүминдер төртке бөлінеді:

1) Калима-и шаһадат айтқандар.

2) Салихтар: Аллаһу та'аланың разылығына қауышуға бар күшін салатындар.

3) Әулиелер: Аллаһу та'аланың разылығына қауышқандар.

4) Мүршид-и кәміл болғандар: Басқалардың да қауышуына күш салатындар.

Имам Ағзам хазреттері де Имам Раббани, Маруф Кәрһи және Хасан Басри хазреттері сияқты мүршид-и кәміл еді. Бірақ олар міндетті бөліскен еді. Имам Ағзам, Имам Шафии, Имам Малик және Имам Ахмед сияқты ғалымдар діннің фиқһ бөлімімен, басқа әулиелер тасаууф бөлімімен айналысқан. Нәтижеде барлығы мұсылмандардың дін мен дүние қиыншылықтарын шешуге тырысқан.

Мүршид-и кәміл әрбір әрекетінде Ислам дінін ұстанатын, әр сәтте Аллаһу та'аланы ойлайтын кісі. Періштелер бір сәтте әр түрлі жерге бара алады. Аллаһу та'ала осы қуатты мүршид-и кәмілдердің рухына да берген. Бір мүршид-и кәмілдің екі шәкірті бар болса, бірі шығыста, бірі батыста тұрса, екеуі де бір сәтте өлім аузында жатса, ол екеуіне де көмекке келіп, иманмен жан тапсыруын қамтамасыз етеді. Біздің бойымыздағы кемшіліктер тек қана олар мен сұхбаттасу арқылы жойылады. Сұхбаттасуға мүмкіндік болмаса, олардың кітаптарын оқу керек.

 

Аманатты иесіне беру

Кеме капитанының ұсталығы қалыпты жүрісте емес, үлкен толқындарда, қатты боранда, кемені адастырмай, батқызбай жеткізуінен белгілі болады. Әйтпесе қалыпты жағдайда бәрі жеткізе алады.

Аманатты иесіне беру – дініміздің әмірі. «Ниса» сүресінің 58-аятында: «Аллаһу та'ала сендерге аманаттарды иесіне беруді әмір етеді» делінген. Сүйікті пайғамбарымыз «Аманат зая етілгенде қияметтің басталуын күтіңдер» деген, сонда қасындағылар «Йа, Расулаллаһ, аманат қалай зая етіледі?» деп сұрады. «Міндет (қызмет) лайықты болмаған адамға берілгенде қияметті күтіңдер» деді. Бұл мәселе адамның көңіліне қарап жасалатын іс емес. Аманатты иесіне бермеген адам опасыздық жасаған болады. Сондықтан әр істі өз иесіне, лайықты болғанына беру керек. Бір істің өз маманы тұрғанда жұмысты оған бермеген кісі жауапкер болады. Жұмысты лайықты болмаған адамға беріп зая еткен адам да жауапкершілікті мойнына алған болады. Сондықтан ғұламалар әрдайым аманатты өз иесіне, лайықтысына тапсырған.