12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Екі есе сауап алатындар

Екі есе сауап алатындар

Сұрақ: Бір ғибадатқа адамдар бір сауап алғанда екі сауап алатындар болады ма?

Жауап: Иә, бар. Бір амалды істеген адамнан сахабалар көбірек сауап алады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Ант етемін, бір адам Ухуд тауындай алтын садақа берсе, сахабаларымның бірінің бір уыстай арпа садақасының сауабына жете алмайды.» (Бұхари)

Ықыласы көбірек болған адамның алған сауабы да көбірек болады. Екі есе сауап алатындар көп. Бұл туралы хадис шәрифтердің кейбірлері мыналар:

«Мына адамдар амалдарына екі сауап алады:

1) Расулуллаһтың әзуаж-и тахираты (мұсылмандардың аналары болған Расулуллаһтың пәк жұбайлары),

2) Әһли кітап (кітапты кәпір) бола тұра тәубе етіп, мұсылман болғандар,

3) Құл болған кісі әрі Аллаһу та'аланың, әрі қожайынының ақысын өтегені үшін.» (Бұхари)

«Туысқандарға берілген садақаның сауабы екі еселеніп беріледі. Яғни әрі садақа, әрі сыла-и рахым сауабын алады.» (Табарани)

«Екінді намазы сендерге дейінгі үмбеттерге де парыз еді, бірақ олар оны тәрк етті. Осы намазды тұрақты оқитындарға екі есе сауап бар.» (Мүслим, Нәсаи)

«Жұма күні жасалған ғибадаттарға ең аз дегенде екі есе сауап беріледі. Жұма күні жасалған күнәлар да екі еселеніп жазылады.» (Рияд-ун-насихин)

«Әр күнәдан кейін дереу тәубе ету парыз. Тәубені бір сағаттай кешіктіргенде күнә екі еселенеді.» (Хақ сөздің дәлелдері)

Расулуллаһ алейһиссаламға берілетін сауаптар басқа пайғамбарларға берілетін сауаптардан бірнеше есе көбірек. Қабыл болған бір ғибадат және қайырлы амал істеген адамға берілетін сауап оның ұстазына да сол шамада беріледі. Ұстазының ұстазына төрт есе, оның ұстазына сегіз есе, оның ұстазына он алты есе болып артып, Расулуллаһқа дейінгі барлық ұстаздарға шәкіртінің есі еселенген сауабы беріледі. Мысалы, жиырмасыншы ұстазына 524288 сауап беріледі. Расулуллаһқа үмбетінің әрбір жақсы амалы үшін сауап беріледі. Мұхаммед алейһиссаламға берілетін сауаптардың саны осы есеппен өлшенетін болса, бәрінің санын Аллаһу та'аладан басқа ешкім білмейді. Сәләф-и салихин кейіннен келгендерден абзалырақ, үстемірек екені айтылған. Сауап саны тұрғысынан бұл үстемдік айқын көрініп тұр. (Иман және Ислам)

«Бір қайырымдылық жасалуына жол көрсеткен адам сол амалды істеген сияқты» деген хадис шәриф бойынша садақаны ашық түрде беру, жақсылықты ашық түрде жасау екі есе сауап болады. Бірі садақа сауабы, екіншісі басқаларды жақсылыққа шақыру сауабы. Бір хадис шәриф:

«Садақаны жасырын беру ашық түрде беруден абзал. Бірақ үлгі болу үшін, жақсылыққа ынталандыру үшін ашық түрде берілген садақа жасырын садақадан абзал.» (Дәйләми)

Рия қауіпі бар болса, садақаны жасырын беру сауаптырақ. «Йа, Расулаллаһ, қандай садақа құндырақ?» деген сұраққа пайғамбарымыз: «Аз-аздан жасырын берілген садақа» деп, «Егер садақаны ашық түрде берсеңдер жақсы болады, жасырын берсеңдер, сендерге сол қайырлырақ» деген аяти кариманы оқыды. (Табарани)

 

Бір жақсылыққа көп сауап

Сұрақ: С.Әбәдия кітабында: «Жұма күні жасалған ғибадаттарға кемінде екі есе сауап беріледі. Жұма күні жасалған күнәлар да екі еселеніп жазылады» делінген. Неліктен күнәлар екі еселеніп жазылады?

Жауап: Бұл жұма күнінің қасиеттілігінен. Бір нәрсе қаншалықты қасиетті болса, оны құрметтемеудің күнәсі соншалықты көп болады. Бір хадис шәриф:

«Аллаһ дәргейінде жұма күнінде жасалған сауаптан құндысы болмағанындай, сол күні жасалған күнәдан жаманы жоқ.» (Жами-ус-сағир)

Көшеде күнә істеу күнә, мешітте істеу одан да жаман. Ал Қағбада істеу одан да үлкен күнә болады. Жасалған сол бірдей күнә жасаған адамға және жасалған жеріне қарай өзгереді. Бір хадис шәриф:

«Көрші әйелге, досының әйеліне шәһуатпен қарау бөтен әйелге қараудан он есе үлкен күнә. Тұрмыс құрған әйелдерге қарау қыздарға қараудан мың есе үлкен күнә. Зина күнәлары да осындай.» (Табарани)

Демек, бірдей күнә жасалған жеріне және адамдарға қарай өзгереді. Бұдан басқа Аллаһу та'ала жақсылықтарға сауапты еселеп береді, бірақ күнәларды еселеп жазбайды, бір күнәні бір күнә қылып жазады. Төрт хадис шәриф:

«Мұсылманның әр жақсылығына он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады. Әр күнәсі үшін еселенбей бір күнә жазылады.» (Мүслим)

«Әр жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады. Ал әр жамандыққа бір күнә жазылады. Аллаһ оны кешірсе, мүлдем жазбайды.» (Бұхари)

«Раббыларың рақымды. Бір жақсылық жасауды көздеп, жасай алмаған адамға бір сауап жазады. Жасаған адамға он еседен жеті жүз есеге дейін немесе одан да көп сауап жазады. Жамандық жасауды көздеп, жасамаған адамға бір сауап, жасаған адамға бір күнә жазады, қаласа оны кешіреді.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала айтады: Бір жақсылық жасауды көздеп, жасай алмаған құлыма бір сауап жазамын. Жасаса, он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазамын. Бір жамандық жасауды ойлап, жасамаған адамға ештеңе жазбаймын. Істесе, тек бір күнә жазамын.» (Бұхари)

Төрт аяти карима мағынасы:

«Хасанамен (салих амалмен) келгенге (ең аз дегенде) он есе сауап беріледі. Сәйиямен (күнәмен) келген адам да өз жазасын алады. Ешбірі әділетсіздікке ұшырамайды.» (Әнам 160)

«Хасанамен (салих амалмен) келгенге одан жақсырақ марапаты беріледі. Сәйиямен (күнәмен) келген де тек жасағаны шамасында жаза көреді.» (Қасас 84)

«Мал-мүлкін Аллаһ жолында жұмсаған адамның жағдайы әр сабағында жүз дәні бар болған жеті сабақты ұрыққа ұқсайды. Аллаһ қалағанына көбірек те береді.» (Бақара 261)

«Аллаһ (жамандықтың жазасын әділетпен береді) түйірдей әділетсіздік етпейді, түйірдей жақсылықтың сауабын еселеп арттырады және бөлек үлкен марапатын береді.» (Ниса 40)

Аллаһу та'ала сауапты еселеп берумен және күнәларды кешірумен тоқтамайды. Күнәларды сауапқа айналдыратын кездері бар. Бір аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Тәубе етіп, иман келтірген және салих амал істегендердің күнәларын сауаптарға айналдырамын. Аллаһ – ғафур-ур-рахим, өте кешірімді және аса мейірімді.» (Фурқан 70)