11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (5)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (5)

5) Жүз он бірінші бетінде: «Лә илаһа иллаллаһ деп Аллаһтан басқа нәрселерге табынбайтындардың мал-мүлкі мен жаны харам болады» хадис шәрифін жазып, «Тек калима-и тәухидті айту адамның қаны мен мал-мүлкін құтқара алмайды. Қазіргі қабірлерге және өлілерге табынатындар осындай. Олар Құран кәрімде айтылған жахилия (надандық дәуіріндегі) мүшриктерінен де жаман» дейді.

Кейбірлері «Мүшриктерді қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер!» деген аяти кариманы да көрсетіп, мұсылмандарды өлтіруді, мал-мүлкін тартып алуды қалайды. Хуруфилердің және сауатсыздардың күпір мен ширк болған сөздерін жазып, тасаууфқа және тасаууф ғалымдарына тиісуде. Ағаштарға, тастарға, мазарларға табынатындарға қатысты болған хадис шәрифтерді жазып, қабір үстіне кесене салу, қабірді зиярат ету ширу, күпір дейді.

Таспен, ағашпен, белгісіз мазармен берекеттену әрине ширк. Бірақ пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) және әулиелердің (рахимә-һумуллаһу та’ала) қабірлерін зиярат етіп, олардың берекетімен Аллаһу та'аладан фәйз бен берекет күтуді осыған ұқсату ақымақтық пен сауатсыздық. Осы себеппен миллиондаған мұсылмандарға күпір мен ширк айыбын тағу болса – мұсылмандар арасына араңдатушылық салу деген сөз.

«Әс-Сауаиқ-ул илаһия фиррәдди аләл-уаһһабия» кітабының авторы үлкен ғалым Сүлейман бин Абдулуаһһаб Нәжди (рахимә-һумуллаһу та’ала) Мұхаммед бин Абдулуаһһабтың туған бауыры.

Ол бауырының британдықтармен бірігіп шығарған «Уаһһабилік» ағымының қате екенін дәлелдермен анықтаған. Қырық төртінші бетінде былай дейді:

«Жолының бұзылғандығын көрсететін дәлелдердің бірі – «Сахихайн» деп аталатын екі дұрыс хадис кітабында, яғни «Бұхари» мен «Мүслим» кітаптарында көрсетілген хадис шәриф. Бұл хадис шәрифті жеткізген Уқбә бин Амир (радиаллаһу анһ) айтады: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) минберге шықты. Оны минбер үстінде соңғы көргенім осы еді. «Менен кейін мүшрик болуларыңнан қорқпаймын. Дүниелікке беріліп, бір-бірлеріңді өлтірулеріңнен, осылайша бұрынғы қауымдар сияқты құрып кетулеріңнен қорқамын» деді.» Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қиямет күніне дейін үмбеттің басына келетін нәрселердің бәрін хабар берген. Жоғарыдағы сахих хадис шәриф үмбетінің пұттарға табынбайтынын, бұған сенімді екендігін хабар беруде. Бұл хадис шәриф бидғат жолын түбінен құлатуда. Өйткені уаһһаби кітабы бұл үмбеттің бәрінің пұттарға табынғандығын, Ислам мемлекеттерінің пұттарға толы екендігін, кесенелердің пұтхана екендігін айтуда. Олар «Кесенелерден жәрдем, шапағат сұрағандардың кәпір болатынына сенбейтіндер де кәпір» дейді. Алайда мұсылмандар ғасырлар бойы қабірлерді зиярат еткен, әулиелерге тәуәссул мен истиғаса жасаған. Осылай жасағандарға ешбір Ислам ғалымы мүшрик демеген, мұсылман ретінде таныған.

 

Сұрақ: Бір хадис шәрифте: «Сендердің бастарыңа келетіндердің ішінде ең көп қорқатыным – ширк» делінген. Бұған не дейсіз?

Жауап: Бұл хадис шәрифте «Ширк-и әсғар» айтылғандығы басқа хадис шәрифтерден аңғарылуда. Шәддад бин Әустен, Әбу Хурайрадан, Махмуд бин Ләбибтен (радиаллаһу та'ала анһум) келген осындай хадис шәрифтердің барлығы Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үмбетіне ширк-и әсғардың (кіші шірк - рия) келуінен қорққанын көрсетуде. Хадис шәрифтерде айтылғанындай болды, мұсылмандардың көбі ширк-и әсғарға душар болды. Сіз осы ширк-и әсғарға ширк-и әкбар (үлкен ширк - күпірлік) деп отырсыз. Осылайша мұсылмандарды кәпірге шығарудасыз. Мұсылмандарға кәпір демейтін мүминдерді де кәпір деп атаудасыз. «Әс-Сауаиқ-ул-илаһия» кітабынан аударма тәмәм болды. Бұл кітап алғаш рет 1306 хижри жылы Бағдадта «Нухбет-ул-ахбар» баспаханасында басылған, 1395 [м.1975] жылы Стамбұлда «Хақиқат кітап үйі» тарапынан офсеттік баспада екінші басылымы шыққан.

«Хадиқа»-ның төрт жүз елу бірінші бетінде «Ей, адамдар! Өте жасырын болған ширктен сақтаныңдар!» хадис шәрифін түсіндіргенде айтады: «Бұл ширк тек себептерді көру, Аллаһу та'аланың жаратқанын ойламау деген сөз.

Істерді себептердің жасайтынына сену – Аллаһу та'алаға серік қосу болады. Көрінген, ойға келген нәрселерді серік қылуға «Ширк-и жәли» [яғни ашық ширк] делінеді. Шариғи тұрғыдан, ақыл тұрғысынан және әдет арқылы себеп болған нәрселердің жұмыс атқаратынына сену «Ширк-и хафи» [яғни жасырын ширк] деп аталады.» Абдулхақ Деһлеуи (рахметуллаһи алейһ) «Әшиат-ул-ләмәат» хадис кітабының бірінші том, елуінші бетінде былай деген: «Пұттарға табынуға "Ширк-и әкбар" делінеді. Күпір болған ширк осы. Риямен [яғни елге көрсету үшін] ғибадат, жақсылық жасауға "Ширк-и әсғар" делінеді. Бұл кіші ширк күпір емес.» Бұл ширктердің екеуі де ширк-и жәли болып табылады.

«Хадиқа» кітабынан алынған жоғарыда жазылған хадис шәрифте рухтардан және өлілерден бір нәрсе сұрауға ширк делінбеген. Көрінетін немесе көрінбейтін нәрселерден және адамдардан бір нәрсе сұрағанда, яғни себептерге жүгінгенде бұл істі себептердің жасағанына сенуді ширк деген. Қысқасы, себептерге жүгіну – сүннет. Себептердің жасайтынына сену – ширк. Себептер ештеңе істей алмайды, тек Аллаһу та'аланың жаратуына себеп болады. Істерді жасайтын себептер емес, Аллаһу та'ала. Жанды немесе жансыз қандай да бір себептің қалағанының бәрін істей алатынына, яғни жарататынына сену оны Аллаһу та'алаға серік қосу болып саналады. Дәл осы сеніммен одан бір нәрсе сұрау оған ғибадат ету болады.

Себептің жарататынына сенбей себепке жүгінгенде Аллаһу та'аланың жарататынына сену себепке табыну болмайды. Бұл себепке жүгіну болады. Мұсылмандар тірілерден, өлілерден және көрінетін-көрінбейтіндерден бір нәрсе сұраған кезде олардың сұрағандарының бәрін өздері істейтініне сенбейді. Себепке жүгінгенде тілектерін Аллаһу та'аладан күтеді. Аллаһу та'аланың жарататынына сенеді. Сондықтан мұсылмандардың рухтардан, өлілерден бір нәрсе сұрауы оларға табыну, оларды құдай қылып алу болмайды. Аллаһу та'ала барлық нәрсені себебімен жаратады. Себептерге жүгінуімізді бұйырған. Сондықтан тілектерімізге қолжеткізу үшін солардың себептеріне жүгінеміз. Себептерге жүгінуіміз ширк болмайды, күнә болмайды. Бірақ қалауымызды себептерден күту ширк болады. Сұрағандарының бәрін істей алатынына сеніп олардан күту ширк-и әкбар болады. Аллаһу та'ала берген күшпен жасайтынына сену ширк-и хафи болады. Себептерден күтпей, олардың істей алатынына сенбей, тек қана Аллаһу та'аланың жарататынына сеніп, тілегін тек Аллаһтан күту мұсылмандық болады. Ислам дінін ұстану болады. Мұсылмандардың өлілерден және рухтардан бір нәрсе сұрауы осындай. Осылай рұқсат етілген түрде тілек сұрауға «Тәуәссул» және «Истиғаса» делінеді.

[Абдулхақ Деһлеуи 1052 [м.1642] жылы қайтыс болды.]

Өліден немесе тіріден бір нәрсе сұраудың ғибадат екенін немесе тәуәссул жасағанын, яғни ниетінің не екенін түсіну үшін тілегенде Ислам дінінің сыртына шыққан-шықпағанына қаралады. Ислам дінінің сыртына шықса, яғни оның көңілінен шығу үшін харам істеп немесе парызды істемей жатқан болса, оған табынғандығы аңғарылады. Көрініп тұрғанындай, тіріден бір нәрсе сұрағанда оның көңілінен шығу үшін Ислам дінінің сыртына шыққан уаһһабилер мүшрик болуда. Ислам дінінің сыртына шықпастан тәуәссул еткен мұсылмандар болса, Аллаһу та'аланың әмірін орындауда, яғни себептерге жүгінуде. Оларға мүшрик дегендердің тәуилі (түсіндірмесі) болмағандары кәпір болады. Адам өз нәпсінің қалауларына, яғни шәһуаттарына қолжеткізу үшін Ислам дінінің сыртына шықса, нәпсіне табынған болады. Бірақ нәпіске табынуға дініміз ширк демеген. Яғни олар кәпір емес, пасық (күнәхар) болады.