Иман және күнде бес уақыт намазОсман бин Абдуррахман әл-Курди хазреттері тәфсир, хадис және фиқһ ғалымдарының бірі. Ибн Салах есімімен де аты шыққан. 577 (м.1181) жылы Солтүстік Иракта Шахризурда туылды. 643 (м.1245) жылы қайтыс болды. «Мухтасар фи илм-ил-хадис» атты еңбегінен үзінділер: «Заманымыздағы адамдардың парыздар мен уәжіпті орындауға немқұрайлы қарағандарын, сүннет пен мәндубтардан бет бұрғандарын, Аллаһу та'ала разы болмаған істермен айналыстқандарын көргенде ғибадаттардың құндылықтары туралы, тәрк еткенде берілетін жаза мен азаптар туралы хадис шәрифтердің біразын жинақтағым келді. Аллаһу та'аладан тілейтінім, хусни ниетпен (жақсы ниетпен) дайындаған осы еңбегімді кешірілуіме және «Оларға ешқандай қорқыныш жоқ, олар тіпті қайғырмайды да» (Бақара-274) деген аяти каримада айтылған дәрежелерге жақын болуыма себеп қылуы.» Бұхаридың Талха бин Убәйдуллаһтан (радиаллаһу анһ) риуаяты мынадай: «Нәжд халқынан шашы алба-жұлба кедей бір кісі Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдына келді. Исламның не екенін сұрады. Бұл сұрағына жауап ретінде Расулуллаһ алейһиссалам «(иман келтіргеннен кейін) бір күн, бір түн ішінде бес уақыт намаз оқу» деді. Ол кісі «Мойныма осы намаздардан басқа нәрсе де жүктеледі ме?» деп сұрап еді, Расулуллаһ «Жоқ! Тек татавву етерсің (нәпіл намаз оқырсың)» деді. Бұдан кейін Расулуллаһ алейһиссалам «Және де Рамазан оразасы» деді, әлгі кісі «Мойныма бұдан басқасы да жүктеледі ме?» деп сұрады. Расулуллаһ «Жоқ! Тек нәпіл ораза тұтарсың» деп жауап берді. Талха (радиаллаһу анһ) айтуынша, Расулуллаһ оған зекетті те айтты. Ол кісі тағы да «Мойныма бұдан басқасы да жүктеледі ме?» деп сұрағанда, Расулуллаһ «Жоқ! Тек нәпіл ретінде садақа берерсің» деді. Сонда әлгі кісі «Уаллаһи, бұдан артық та, кем де ештеңе істемеймін» деп бұрылып кетіп қалды. Расулуллаһ алейһиссалам «Егер шынымен айтса, онда бақытын тапты» деді.» Амр бин Абәсә (радиаллаһу анһ) былай риуаят еткен: «Расулуллаһтың қасына келдім. «Йа, Расулаллаһ! Ислам деген не?» деп сұрадым. «Жақсы (жылы) сөз және ас беру» деді. «Иман деген не?» деп сұрап едім, «Сабыр мен самахат (беруі қажет және уәжіп болмаған нәрселерді өз еркімен қуанып беру, жақсылық, жомарттық, жылы қарым-қатынас)» деді.» |