8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Мұсылмандардың ұстанымы

Мұсылмандардың ұстанымы

Сұрақ: Айналамызда болсын, жұмыс істейтін жерімізде болсын, сенімдері және мінездері әртүрлі адамдармен кездесіп тұрамыз. Мұсылман ретінде олардың алдында іс-әрекеттеріміз қандай болуы керек?

Жауап: Имам Ғазали хазреттері адамдарды төртке бөлген:

1) Ішіп-жеу мен рахаттанудан басқа ештеңе ойламайтындар.

2) Зорлық-зомбылық және зұлымдықпен әрекет ететіндер.

3) Айла және қулықпен айнасындағыларды алдайтындар.

4) Жақсы мінезді болған шынайы мұсылмандар.

Ұмытпауымыз керек болғаны, әр адамның жүрегінен Аллаһу та'алаға баратын бір жол бар. Ең маңыздысы, осы жолдан Ислам нұрының адамдарға жеткізілуі. Сол нұрды жүрегінде сезген адам, қай тұрғыдан болса да, жасаған жамандықтарына өкінеді және дұрыс жолды табады.

Егер барлық адамдар Ислам дінін қабылдаса, дүниеде жамандық та, қулық та, соғыс та, зорлық-зомбылық та, зұлымдық та қалмас еді. Сондықтан нағыз және кәміл мұсылман болуға күш салып, мұсылмандықты, негізі мен ерекшелігін түсіндіріп, бүкіл әлемге жаю – бәріміздің мойнымызға жүктелген борыш. Осыны атқару – жиһад.

Басқа діннен болса да, адамдарға әрдайым жылы сөзбен және түсіністікпен қарау керек! Мұны Құран кәрім әмір етуде. Мұсылман болмаған адамның бетіне «кәпір, дінсіз» деп оны ренжітудің күнә екендігі, осылай айтқандардың жазалану керектігі фиқһ кітаптарында жазылған. Мақсат – бәріне Ислам дінінің ұлылығын түсіндіру. Бұл жиһад тек қана жылы сөз, сабыр, білім және иман арқылы орындалады.

Біреуді бір нәрсеге сендірмекші болған адам әуелі өзі соған сенуі шарт. Ал мүмин ешқашан сабырын жоғалтпайды және сенгенін айтып беруге қиналмайды. Ислам дініндей ашық және қисынды ешқандай дін жоқ. Бұл діннің негізін түсінген адам баршаға бұл діннің жалғыз хақ дін екенін оңайлықпен дәлелдеп бере алады.

Басқа діннен болғандардың бәрін жаман мінезді адам деп қарамау керек. Иә, күпір, яғни мұсылман болмау барлық уақытта және барлық жерде жаман. Өйткені күпір адамды дүниеде және ахиретте пәлекетке жетелейтін зиянды сенім және қате өмір сүру салты.

Аллаһу та'ала Ислам дінін адамдардың дүниеде рахат және бақытты, бір-біріне бауыр болып өмір сүруі үшін және ахиретте шексіз азаптардан құтылуы үшін жіберген. Кәпірлер, яғни мұсылман болмағандар бұл бақыт жолынан мақрұм қалған бейшара адамдар. Оларды аяп, ренжітпеу керек! Оларды ғайбаттау да харам. Адамның саид (жәннаттық) немесе шақи (тозақтық) екендігі соңғы демінде белгілі болады.

Аллаһу та'ала Құран кәрімде барша адамдарды дұрыс жолды ұстануға шақыруда. Ол дұрыс жолға қауышқан адамның бұрынғы қателіктерінің барлығын кешіретіндігіне уәде берген. Басқа дінді ұстанатындар – шайтанға немесе мұсылмандықтан хабары болмағандарға алданған бейшара адамдар. Олардың көбі Аллаһу та'аланың разылығын табу үшін қате жолға адасқан адамдар. Біз оларға сабырмен, жылы сөзбен, ақыл және қисынмен дұрыс жолды, яғни Ислам дінін көрсетуіміз қажет!