4 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     5 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Иманды қорғау қиынға соқты

Иманды қорғау қиынға соқты

Адамның ең құнды байлығы – иманы. Оны қорғау үшін барлық күш-жігерін салуы керек. Мәңгілік бақыттың немесе (Аллаһ сақтасын) мәңгілік пәлекеттің себебі – соңғы демді иманмен шығарған бола алу немесе осы үлкен ниғметтен мақрұм қалып дүниемен қоштаса алуда.

Кімде-кім соңғы демінде калима-и шаһадат айта алған болса, Раббымыздың ең үлкен ниғметіне қауышты деген сөз. Иманның дұрыс бола алуы үшін діннің барлық әмірлеріне сену қажет.

Мысалы біреу «Мен діннің барлық әмірлеріне сенемін, бірақ көзіммен көрмеген нәрсеге сенбеймін. Жындарды мен көрмедім, сондықтан жынға сенбеймін» десе, толықтай дінге сенбеген болып саналады. Бұл адам таңға дейін намаз оқыса, ораза ұстаса, бәріне жақсылық жасаса, ешқандай пайдасы тимейді.

Иманда күмәндануға да болмайды. Күмәнді иманға иман делінбейді. Мысалы бір адам «Мен өлгеннен кейін қайта тірілуге сенемін, бірақ осыншама адам қалай тіріледі екен, бәрі бірден қалай есепке тартылады» деп күмәнданса, ол адам ахиретке сенбеген болады. Бұл ойда Аллаһу та'аланың құдіретіне күмән бар. Бұл оның мәңгі азап шегуіне себеп болады.

Иманын сақтағысы келген және иманмен ахиретке өтуді көздеген адам Әһли сүннет сенімінде болуы керек. Басқа 72 топта болғандардың осындай үлкен ниғметке қолжеткізуі өте қиын.

«Мен Әһли сүннет сеніміндемін» дегеніміз – «Пайғамбарымыз алейһиссалам және Асхаби кирам (алейһимурридуан) қалай иман келтірген болса, қалай сенген болса, мен де дәл солай сендім» деген сөз. Олай болса, тозақтан құтылу үшін әр мұсылманның бәрінен бұрын осы жолды үйренуі және соған сай ғибадат етуі қажет. Сену керек болған нәрселердің кейбірлері мыналар:

* Құран кәрімнің Аллаһу та'аланың сөзі болып, махлұқ (жаратылыс) емес екеніне сену.

* Асхаби кирамның (сахабалардың) бәрін жақсы көру, ешқайсысын жамандамау.

* Жәннатта Аллаһу та'аланың көрінетініне сену.

* Құбыла әһлін, намазхандарды жасаған күнәлары себебінен кәпір демеу. Ғибадат иманның бөлшегі емес. Иман көбеймейді және азаймайды.

* Миғраж рух және денемен бірге болған.

* Мұғжиза және керемет хақ.

* Бұл заманда төрт хақ мазһабтың бірін ұстану, мазһабсыз болмау.

* Төрт ұлы халифаның халифа екендігіне және олардың үстемдіктері халифа болу ретіне байланысты екендігіне сену.

* Қабір зияраты, пайғамбарлар мен әулиелерден көмек сұрау жаиз (рұқсат). Оқылған Құран кәрімнің және берілген садақаның сауабын өлілерге бағыштаудың жаиз екендігіне, бұл сауаптар мен дұғалардың өлілерге жетіп, азаптарының азаюына себеп болатынына сену.

* Қабірдегі сұраққа тартылу хақ. Қабір азабы рухқа және денеге болады.

* Сырат көпірі бар.

* Шапағатқа, есепке тартылуға және мизан таразысына сену...