6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Хақ жолдағылар

Хақ жолдағылар

Сұрақ: Бидғаттар кеңінен тараған қазіргі қоғамда хақ жолды ұстанатын топ бар ма екен?

Жауап: Имам Бәйһақи хазреттері «Хақ жолды ұстанатын топ жоқ болса (яғни бар болғанымен беймәлім болса), Ислам ғалымдары көрсеткен жолды ұстанғандар құтылады» деген. Хақты ұстанатын жол фырқа-и нажия деп аталады. Төрт хақ мазһабтың бірін ұстанған адам фырқа-и нажияның қатарында болады.

Қоғам қаншалықты бұзылып кетсе де, арасында хақты ұстанатын бір топ бәрібір болады. Өйткені хадис шәрифтерде былай делінген:

«Үмбетімнен  хақты ұстанып жиһад етіп (дінді жайып) жатқан бір топ әрқашан болады. Олар қияметке дейін жеңіс пен міндеттерін жалғастырады.» (Ибн Асакир)

«Аллаһу та'аланың көмегі үмбетімдегі бір топқа қияметке дейін келіп тұрады. Оларды тастап, айрылғандардың бұл топқа зияны тимейді.» (Ибн Мажа)

«Үмбетімнен бір топ әрдайым дұшпандарын жеңіп, хақ жолда жиһад етеді. Тіпті олардың аяқ жағындағылар Дәжжалмен соғысады.» (Әбу Дауд)

«Үмбетімнен бір топ Аллаһтың әмірімен хақ жолда жүруін жалғастырады.» (Бұхари)

Мишкат-ул-мәсабихтегі «Бір заман келеді, үмбетімнің бір бөлігі мүшрик болады, пұтқа табынады, пайғамбармын дейтіндер шығады. Мен соңғы пайғамбармын. Менен кейін пайғамбар келмейді. Үмбетімнің арасында дұрыс жолдағылар әрдайым бар болады. Оларға қарсы шыққандар Аллаһтың әмірі келгенге дейін дұрыс жолдағы осы адамдарға зиянын тигізе алмайды» хадис шәрифінің көрсетіп тұрғаны, бидғатшылар дінімізді қияметке дейін мүлдем бұза алмайды. Кітапханалар мен кітап дүкендерін қазір адасқан ағымдардың, мазһабсыз дүмшелердің кітаптары қаптап кеткен болса да дұрыс кітаптар да жоқ емес. Осы дұрыс кітаптар ешқашан жоқ болып кетпейді және оларды ешкім жойып жібере алмайды. Олардың қорғаушысы – Аллаһу та'ала. Сол кітаптарды іздеп тауып, оқып, бақытқа қауышқандарға сүйінші болсын! (П. Мағлұматтар)

Әһли сүннет ғалымдары айтқан:

Аллаһу та'ала Ислам дінін дұрыс үйренуді қалағандарға мұны нәсіп ететінін уәде еткен. Раббымыз уәдесінен қайтпайды. Сондықтан «Йа Раббым, саған сенемін, сені және пайғамбарларыңды жақсы көремін. Ислам білімдерін дұрыс үйренгім келеді. Маған осыны нәсіп ет және мені қате жолдарға түсуден қорғай гөр» деп дұға етіп, истихара ету керек! Аллаһу та'ала оған дұрыс жолды әлбетте көрсетеді.

Қазіргі таңда қандай да бір топтың өкілі болған адамдардың да дәл осылай дұға етуден тартынбауы қажет. Аллаһу та'ала қате істемейді. Кісінің араласып жүрген тобы қате жолда болуы әбден мүмкін. Сондықтан әр мұсылман қай жерде кімдермен араласып жүрсе де «Йа Раббым, қай топтағы мұсылмандар дұрыс жолда болса, сенің разылығың қай топта болса, маған соны нәсіп ете гөр» деп дұға ету керек. Егер өзі жүрген ортасы дұрыс жолда болса, зияны жоқ. Бірақ қате жолда болса, дұрысына қауышқан, құтылған болады.