8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Иманнан кейінгі ең құнды ғибадат

Иманнан кейінгі ең құнды ғибадат

Садрул-әфадил Харезми хазреттері фиқһ, нахв және лұғат ғалымы. 555 (м.1160) жылы Түркістанда Харезмде туылды. 617 (м.1220) жылы Бұхарада қайтыс болды. Бір дәрісінде былай деген:

Дінімізде иманнан кейінгі ең құнды ғибадат – намаз. Намаз – діннің тірегі, ғибадаттардың ең үстемі. Исламның екінші шарты. Араб тілінде намазға «Салат» делінеді. Салат – негізінде дұға, рахмет және истиғфар деген сөз. Намазда осы үш мағынаның бәрі бар болғандықтан салат делінген. Аллаһу та'аланың ең көп ұнатқан және қайта-қайта әмір еткен нәрсесі – бес уақыт намаз. Аллаһу та'аланың мұсылмандарға иман келтіруден кейінгі ең маңызды әмірі – намаз оқу. Дінімізде ең алғаш әмір етілгені де намаз. Қияметте де иманнан кейін алғашқы сұрақ намаздан болады. Бес уақыт намаздың есебін берген адам бүкіл қиыншылық пен емтихандардан құтылып, мәңгілік құтылуға қолжеткізеді. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Намаз – діннің тірегі. Намаз оқыған адам дінін қуаттандырған болады. Намаз оқымайтын адам, әлбетте, дінін құлатады». Намазды дұрыс оқумен қадірленген кісі жаман нәрсе істеуден қорғанған болады. Анкәбут сүресінің қырық бесінші аятында: «Дұрыс оқылған намаз адамды лас, жаман және тыйым салынған әрекеттерден қорғайды» делінген.

Усам бин Юсуф есімді бір кісі Хатим Әсам хазреттерінің мәжілісіне келді. Хатим Әсамға қарап «Намазды қалай оқисың?» деп сұрады. Хатим Әсам оған бұрылып: «Намаз уақыты келгенде орнымнан тұрып, әрі захири (сырттай), әрі батыни (іштей) тұрғыдан дәрет аламын» деп жауап берді. Усам бин Юсуф «Захири және батыни дәрет қандай болады?» деп сұрап еді, сол кезде Хатим Әсам: «Захири дәрет – белгілі мүшелерді белгілі түрде сумен жуу. Ал батыни дәретке келер болсақ, мүшелерімді тәубемен, өкінумен дүниелікке және басшы болу қалауын, адамдардың мақтауын, кек сақтау мен көре алмаушылықты тәрк ету жолымен тазалаймын. Қағбаны көз алдыма елестетемін, Аллаһу та'аланың мені көріп тұрғанын ойлаймын. Жәннатты оң жағымда, тозақты сол жағымда, Әзірейіл алейһиссаламды артымда тұрғанын елестетіп, аяғымды Сырат көпіріне қойғандай болып, оқымақшы болған осы намазымды соңғы намазым деп қабылдаймын. Кейін ниет етіп, тәкбір айтамын. Намазды оқығанда тәфәккур етіп оқимын. Кішіпейілдікпен рукуға иілемін. Жалбарынып сәжде жасаймын. Үмітпенен тәшәһудте отырамын, ықыласпен сәлем беремін. Отыз жылдан бері менің оқып жүрген намазым осындай» деді.

Бұларды естіген Усам бин Юсуф Хатим хазреттеріне: «Мұны бәрі істей алмайды» деп қатты жылады.