19 - Мухаррам, 1441 жыл.
     18 - Қыркүйек, 2019 жыл.   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (10)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (10)

10) Кітаптың екі жүз сегізінші бетінде: «Ибн Қайим Жәузияның айтуынша, ширктің түрлері бар: Мұқтаж болған нәрселерін өліден сұрау, өлілерге истиғаса жасау да ширк. Өлі іс атқара алмайды. Өзіне қажет болған нәрсені істей алмайды және зиянды нәрседен сақтана алмайды ғой, басқаларға қалай пайда тигізсін? Өзіне Аллаһтың алдында шапағат етуін өліден сұрау да ширк. Аллаһ рұқсат берсе, өлі шапағат ете алады. Оның өліге жалбарынуы Аллаһтың рұқсат беруіне себеп болмайды. Бұл мүшрик рұқсатқа кедергі болатын нәрсемен шапағат сұрауда» деп жазылған.

Алайда, дінімізде Аллаһу та'ала шапағат ете алмайтынын айтқан нәрселерден, яғни пұттардан, табынылған, серік етілген нәрселерден шапағат сұрауға тыйым салынған. Пайғамбарлар (алейһимуссалауату уәттаслимат), әулиелер және ғалымдардың (рахимә-һумуллаһу та'ала) шапағат ететіні хабар берілген. Кісінің олардың шапағатын сұрап, оларға жалбарынуы Құран кәрімге және хадис шәрифтерге сенгенін көрсетуде.

Иә, шапағат Аллаһу та'аланың рұқсат беруі арқылы болады. Бірақ, дәл кімдерге рұқсат беретінін Құран кәрім мен хадис шәрифтер көрсетіп тұр. Сол рұқсатты алғандар қалағандарына, разы болғандарына шапағат етеді. «Уәддуха» сүресінде «Раббың саған разы болдым дегенге дейін барлық қалағаныңды береді» деп айтуы да осыны көрсетіп тұр. Имам Ағзам Әбу Ханифа (рахимә-һуллаһу та'ала) «Фиқһ-и әкбар» кітабының он төртінші бөлімінде «Пайғамбарлар мен ғалымдар, салихтар үлкен күнәсі бар мұсылмандарға шапағат етіп, тозақтан құтқарады» деген. «Фиқһи әкбар» кітабының «Қаул-ул-фасл» атты шәрһінде осы жайлы кеңірек мәлімет бар.

Әулиелерге жалбарыну, Аллаһу та'аланың оларға рұқсат беруі үшін емес, рұқсат берген кезде бізге де шапағат етулері үшін жасалуда. Осы нәзік мәселені түсіне алмаған дүмшелер адасып, шапағат сұрап жатқан миллиондап мұсылманды кәпір деп атауда. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүминдерге шапағат етемін деп айтқанын, мүшриктерге шапағат етпейтіні өз кітаптарында да жазылған. Бұл жерде өлгендерден шапағат сұраудың ширк екенін өзі ойдан шығарып отыр. Ол мүшриктерге шапағат етілмейтінін Құран кәрім көрсетіп тұр деп, Аллаһу та'аланың кітабын өзіне жалған куәгер ретінде көрсетуге тырысуда.

[Әбу Ханифа Нуман бин Сабит 150 [м.767] жылы Бағдадта шәһид етілді.]