9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Иман иелеріне көп сүйіншілер бар

Иман иелеріне көп сүйіншілер бар

Кониялық Исмаил мырза тәфсир және Ханафи мазһабының фиқһ ғалымы. Кония қаласында туылды. 1195 (м.1781) жылы қажылықтан қайтып келе жатқанда Шам қаласында қайтыс болды. Бір дәрісінде былай айтып берген:

Жабир бин Абдуллаһ айтқан: «Бір адам Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Аллаһу та'аланың Юнус сүресінің 64-аяти каримасында айтқан «Дүниеде және ахиретте оларға сүйінші бар» деген сүйіншісі туралы сұрады. Расулуллаһ жауап ретінде: «Дүниедегі сүйінші – мүминдердің жақсы түс көруі және бұған қуануы, ахиреттегі сүйінші – өлім сәтінде оған "Аллаһу та'ала сені кешірді және сені қабірге дейін алып баратындарды да кешірді" деп айтылған сүйінші» деді.»

Имам Суфиян айтқан: «Иман иесі болғандарға үш жерде сүйінші болады. Өлерде, қабірден тұрғанда және үлкен қорқыныш уақытында.»

Осы сияқты сүйінші туралы хадис шәрифтер көп. Хадис шәрифте: «Өлім періштесі мүминнің жанын алуға келген кезде "Раббың саған сәлем айтты" деп хабар береді» делінген.

Мүминнің жаны алқымға келгенде өлім періштесі оған сәлем беріп «Әссәләму алейка йа уәлийаллаһ, Аллаһу та'ала саған сәлем айтты» дейді.

Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарына өлім – қуаныш. Өйткені рахаттық, мейірім, әртүрлі кереметтер, сый-сияпаттар, мүбәрәк орындар, жәннаттықтардың, жақсылардың рухтарымен көрісу өлімнен кейін болады. Өлерде достары, жора-жолдастары және қатысқан жиындары оған көрінеді. Білім алу жиынына қатысып, ғалымдармен достық құрған болса, сол сәтте оған салтанатты білім алу мәжілістері және ғалымдар көрінеді. Арам, жаман адамдармен достық құрып, жаман жиындарға қатысса, сондай жаман жерлер мен шайтандар көрінеді. Кирамән катибин періштелері оған көрінеді. Ол адам жақсы жерлерге барып, жақсы, пайдалы сөздер тыңдаған болса, қасындағы (екі иығындағы) хафаза періштелері оған: «Аллаһу та'ала саған қамқор болсын. Сенен разы болсын. Сенімен бірге біз жақсы мәжілістерге қатыстық. Жақсы сөздер тыңдадық. Көп рет білім алу және ғибадат жасау жиындарына барып, бізді жақсы жерлере алып бардың. Біз сенен разы едік, Аллаһу та'ала да сенен разы болсын» дейді. Ол адам күнә болған жиындарға барып, жаман сөздер тыңдаған және сөйлеген болса, хафаза періштелері өлім сәтінде оған: «Аллаһу та'ала сенен разы болмасын. Біз сенен қорлық көрдік. Көп уақыт бойы бізді жаман жиындарға алып барып, жаман сөздер тыңдатқыздың. Аллаһу та'ала саған жақсылық бермесін. Енді қазір өмірін таусылып, біз сенен құтылдық» дейді.