12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Қияметтің жақындағанына белгілер көп

Қияметтің жақындағанына белгілер көп

Нигделік Қара Яқуб хазреттері Ханафи мазһабының фиқһ ғалымдарының ұлыларынан. 789 (м.1387) жылы Нигде (Түркия) қаласында туылды. 883 (м.1478) жылы Қараманда қайтыс болды. Дәрістерінде былай деген:

Біліп жүріңдер, Аллаһу та'ала бес нәрсені бес нәрседе жасырды: 1) Адамдар «бәлкім сол жақсы амалға сәйкес келемін» деген үмітпен барлық жақсы амалдарды жасауы үшін Аллаһу та'ала разылығын барлық жақсы амалдардың арасында біреуінде жасырды. 2) Адамдардың күнәға батудан сақтануы және қорғануы үшін ашуын, азабын күнәлардың арасындағы бір күнәнің ішінде жасырды. 3) Адамдардың өткізіп алмайық деген үмітімен барлық түндерді ғибадатпен өткізуі үшін Қадір түнін Рамазан айында жасырды. 4) Адамдар кездескен адамдарымен «мүмкін Аллаһу та'аланың әулие құлы болар» деп олардың дұғаларын алуға ұмтылуы және ешкімді төмен көрмеуі үшін әулие құлдарын адамдардың арасында жасырды. 5) Адамдар жұма күнінде дұғаны ықыласпен жасауы үшін Аллаһу та'ала жұма күні дұға қабыл болатын уақытты жасырды...

Аллаһу та'ала «Әнбия» сүресінің 1-аяти каримасында: «Адамдардың есепке тартылуы жақындады, алайда олар ғапілдік ұйқысында болғандықтан насихат пен жақсы амалдан қашып жүр» деген.

Имам Бұхари хазреттері Ибн Омардан (радиаллаһу анһума) хабар берген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Өткен үмбеттердің уақыттарымен салыстырғанда сендердің уақыттарың екінді уақытынан ақшам уақытына дейінгі мерзім сияқты» деген.

Қияметтің жақындағанына белгілер көп. Олардың кейбірлері мыналар: Сауатсыздық көп болып, білімнің аз болуы. Сауатсыздар басшылыққа шығып, сауатсыздығымен адамдарды басқаруы. Қазы, мұғалім және мүфти сияқты аманат саналатын қызметтер өз лайықтысына берілмеуі. Ғалымдарда зұлымдық пен күнә бар болып, ал ғибадат етушілердің сауатсыз болуы. Зиянынан құтылу үшін адамдарға сый-сияпат көрсету. Еркектің әйеліне еріп, ата-анасына қарсы шығуы. Кейіннен келгендер өздерінен бұрын келгендерді «Олар сауатсыз, ештеңе білмейтін еді» деп айтуы. Сенімді, адал адамдар азайып, «пәлен жерде сенімді адам бар екен» деп сөйлеуі. «Пәленше адам ақылды және сыпайы кісі» дегенде, негізінде, ол адамда түйірдей иманның болмауы. Бидғаттар шығып, сүннет тәрк болу, адамдарда сүйіспеншіліктің қалмауы. Дұрысты айтқан кісіге адамдар ашуланып, қуып жіберуге, жұмысынан шығаруға тырысуы. Жастар күнәхар болып, ал әйелдердің жұмысы оларды бұзу болуы. Әмри маруф және нәхи мүнкәр (діннің бұйрықтары мен тыйымдарын насихаттау) тоқтап, керісінше күнәға шақырып, жақсылықтан арылуы. Дінге қатысты амалдар айып саналып, тәрк етілуі. Күнә болған істер жасалып, әдетке айналуы. Жұрттың ғалымдарды тастап, надандарға еруі.