8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Адамдардың үстемдік реті

Адамдардың үстемдік реті

Сұрақ: Хазреті Адамнан бері ең үстем болған он кісінің есімін үстемдік ретімен айтуға болады ма?

Жауап: Ең үстемдері – пайғамбарлар. Пайғамбарлардың ең үстемі – соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссалам. Бір хадис шәрифте: «Мені адамдардың ең жақсысы деп білмеген адам – кәпір» делінген. (Хатиб)

 

Екіншісі, хазреті Әбу Бәкір. Бір хадис шәрифте: «Пайғамбарлардан басқа, Әбу Бәкір – адамдардың ең үстемі» делінген. (Дәйләми)

 

Үшіншісі, хазреті Омар. Бәдірге және басқа да соғыстарға қатысқан, әрі аяттармен мақталған.

 

Төртіншісі, жақсылықтардың қазынасы, ұят, иман және білім қайнары, Зиннурайн хазреті Осман.

 

Бесіншісі, таңқаларлық үстемдіктер иесі, Аллаһтың арыстаны хазреті Әли.

 

Алтыншысы, Ашара-и мубашәрә, яғни жәннатпен сүйіншіленген он кісі.

 

Жетіншісі, Бәдір соғысындағы 313 кісі. Хатиб бин Әби Балтәа Меккедегі мүшриктерге Меккені жаулап алуға дайындық жасалып жатқанын хат жіберіп хабарлады. Уахимен жағдайды біліп қойған пайғамбарымыз хазреті Хатибтен неліктен олай істегенін сұрады. Сонда ол «Меккеде бала-шағам бар. Мүшриктердің зияны тимесін деп жолдадым» деді. Хазреті Омар «Йа, Расулаллаһ, рұқсат беріңіз, басын шабайын» деді. Бірақ Расулуллаһ «Аллаһу та'ала Бәдір соғысына қатысқандарға "Қалағандарыңды істеңдер! Сендердің барлық істеріңді кешірдім" деді. Ол да солардан» дегенде хазреті Омар қатесін түсініп жылады. Ал хазреті Хатибтің бұл ісі дұрыс болмағандықтан, «Ей, иман келтіргендер, дұшпанымды және дұшпандарыңды дос қылмаңдар» деген аят түсті. (Мумтәһина 1) (Мәуаһиби ләдунния)

«Бәдір соғысына қатысқандарды жәннатпен сүйіншіле.» (Дара Қутни)

«Бәдір соғысына қатысқан адамға сен қалай сөйлейсің? Егер сен Ухуд тауындай алтын таратсаң, оның дәрежесіне жете алмайсың.» (Хаким)

Хазреті Жәбир айтып берген:

«Бәдірге және Ридуан келісіміне қатысқан сахабаның жаназасы шыққанда оған 9 тәкбір алатын еді. Бірақ Бәдірге қатысып, Ридуан келісіміне қатыспаған немесе Ридуан келісіміне қатысып, Бәдірге қатыспаған сахабаға 7 тәкбір алатын еді. Ал Бәдірге де, биат-и Ридуанға да қатыспаған адамның жаназасында 4 тәкбір алатын еді.» (И.Асакир)

«Бәдірде, Хунәйнде сәлделі періштелер көмектесті.» (Дәйләми)

«Жәбрейіл алейһиссалам келіп "Бәдірге қатысқандарды қалай атайсыңдар" деп сұрады. Мен "Қайырлыларымыз" деп жауаптадым. Сонда ол да "Періштелерден Бәдірге қатысқандар да біздің қайырлыларымыз" деді.» (Бұхари)

 

Сегізіншісі, Ухуд соғысындағы 700 кісі.

 

Тоғызыншысы, ағаш астында сөз берген 1400 кісі. (Биат-ур-ридуан)

Құран кәрімде былай делінеді:

«Ағаш астында саған сөз берген мүминдерден Аллаһ разы. Олардың көңіліндегілерді білді, оларға сенімділік сезімін берді және оларды өте жақын жеңіспен марапаттады.» (Фәтих 18)

 

Оныншысы, басқа сахабалар. Олардың бәрі жәннаттық. Құран кәрімде былай делінген:

«Меккенің жаулап алынуынан бұрын Аллаһ үшін мал-мүлік беріп соғысқандар кейіннен мал жұмсап соғысқандармен тең емес. олардың дәрежесі кейіннен Аллаһ жолында мал жұмсаған және соғысқандардан әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, Аллаһ бәріне де ең жақсыны (жәннатты) уәде етті.» (Хадид 10)

Имам Ағзам, Абдулқадир Гейлани және Имам Раббани хазреттері сияқты ұлы тұлғалардың ешқайсысы сахаба дәрежесіне жете алмайды. Өйткені сахабалардың ең төменгі дәрежелісі ең жоғары әулиеден үстем. (Мәуаһиб)

 

Ең үстем адамдар

Сұрақ: Асхаби кирам басқа үмбеттердегі әулиелерден, мысалы Асхаби Кәһфтен, хазреті Мәриямнан және хазреті Асиядан да үстем бе?

Жауап: Иә, олардан да үстем. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Сахабаларым жын мен адамдардың бәрінен үстем.» (Бәззар)

Хазреті Мәриям және хазреті Асия басқа үмбеттерден болса да, Асхаби кирам сияқты үстем. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Жәннат әйелдерінің ең үстемі – Хууәйлид қызы Хадиша, Мұхаммед қызы Фатима, Имран қызы Мәриям және Музаһим қызы Асия.» (И.Ахмед, Табарани, Хаким)

Хазреті Мәһди мен Асхаби Кәһф та мақталуда. Екі хадис шәриф:

«Бір үмбеттің басында мен, соңында Мәриям ұлы Иса және ортасында әһли бәйтімнен (ұрпағымнан) Мәһди бар болса, ол үмбет қалай құрысын?» (Хаким, И.Асакир)

«Асхаби Кәһф Мәһдидің жәрдемшілері болады.» (И.Суюти)

 

Сұрақ: Адамдар сенімдеріне қарай қалай бөлінеді?

Жауап: Ең жаманынан бастап жазамыз:

1) Атеисттер (Аллаһқа және ахирет күніне сенбейтіндер), мүртәдтер (діннен шыққандар), зындықтар (дін дұшпандары) және мұнафиқтар (екі жүзділер) осы топқа жатады.

2) Бір жаратушыға сенетін, бірақ ешқандай дінге сенбейтіндер. Иман тұрғысынан олардың атеисттерден айырмашылығы жоқ.

3) Әһли китап (Яһудилер мен Христиандар).

4) Мутәзила, шии, жәбрия сияқты болғандар. Олар мұсылман, бірақ сенімдері қате. Егер сенімдері күпірге түссе, басқа кәпірлер сияқты мәңгі тозақта қалады.

5) Мутәзила, шии, жәбрия сияқты болғандар. Олар мұсылман, бірақ сенімдері қате. Сенімдері күпірге түспеген болса, бидғат күнәлары кесірінен тозақта жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді.

6) Мазһабсыз, яғни бидғатшы мұсылмандар. Олардың да күпірге түспегендері 5-ші бөлімдегідей, ал күпірге түскендері 4-ші бөлімдегідей.

7) Сенімде Әһли сүннет, бірақ амалда бидғат істейтіндер.

8) Амалсыз мұсылман. Сенеді, бірақ амалы жоқ, ішкілік ішеді, намаз оқымайды, ашық-шашық жүреді. Олардан күпірге түспегендері күнәлары шамасында жазаларын тартып, кейін жәннатқа кіреді.

9) Әһли сүннет, амалда бидғат істемейді, бірақ күнә жасайды, кейбір ғибадаттарды орындамайды.

10) Әһли сүннет сенімінде, бидғат істемейді, амал етеді, харамдардан сақтанады.

Қазіргі таңдағы мұсылмандар көбіне 6 және 7 топқа кіреді. 9 топтағылар аз. 10 топтағылар өте аз, әулиелер осы топқа кіреді.