19 - Шабан, 1440 жыл.
     24 - Сәуір, 2019 жыл.   


  Негізгі бөлім / Намаз / Намазды үзірсіз уақытылы оқымау

Намазды үзірсіз уақытылы оқымау

Сұрақ: Намазды үзірлі себепсіз уақытында оқымаған адамның ахиретте жазасы қандай болады? Әһли сүннет ғалымдары жазған дұрыс діни кітап бергенде бүкіл күнәлардың кешірілетіндігі айтылған, бұл қалай болады, шарттары бар ма?

Жауап: «Тәрғиб-ус-салат» кітабында былай жазылған:

Хадис шәрифте: «Бір намазды үзірлі себепсіз уақытынан кейін оқыған адам сексен хуқба тозақта жанады. Бір хуқба – сексен жыл. Әр жылы үш жүз алпыс күн. Әр күні дүниенің сексен жылына тең» делінген. Қазаға қалған намазды оқитындай уақыт өткен сайын бұл намаздың күнәсі еселеніп арта береді. Ал бірнеше намаз болса, онда жағдай өте қиын болады. Қандай жағдай болмасын, бір сәтке болса да ертерек қазасын өтеу және кешірілуі үшін тәубе ету, көп жалбарыну қажет. Намаз оқымайтын адамның Аллаһу та'аланың ұлылығының алдында қалтырап, дірілдеуі керек.

Аллаһу та'аланың әмірлері «Парыз», тыйым салған нәрселері «Харам» деп аталады. Парыздарды орындауға, харамнан сақтануға «Ғибадат ету» делінеді. Аллаһу та'ала ғибадат етушілерді жақсы көреді. Оларды ахиретте жәннатқа кіргізетінін, шексіз ниғметтер беретінін Құран кәрімде айтқан. Құран кәрім – Аллаһтың сөзі, адамның сөзі емес. Харам істеген адам тозақта жанады. Харамдардың дәрежелері бар. Үлкен харамның жазасы ауыр болады. Үлкен харамдардың бірі – бес уақыт намаздың бірін уақытында оқымау. Намаздың парыз екеніне сенбеген адам «Кәпір» болады. Кәпір мұсылман емес, ол тозақта мәңгі жанады. Ал сене тұра жалқаулықпен оқымаған адам кәпір болмайды. Оған «Пасық» (күнәхар) делінеді. Пасық мұсылман саналады. Харам істегені үшін белгілі бір мерзім тозақта жанады. Бір намазды уақытында оқымаған кісінің оның қазасын өтеуі керек. Егер қазасын оқымаса, әр намазына сексен хуқба жанады. Ешқандай ғибадаты, ешқандай жақсы амалы оны тозақтан құтқара алмайды. Тек қана бір мұсылманға бір парызды үйретсе, бұл азаптан құтылуы мүмкін. Бірақ оның әрі қазасын өтеуі, әрі харам істеп аты шықпауы қажет. Мысалы, әйелдердің басы, шашы, аяқ-қолы ашық күйде көшеге (сыртқа) шығуы харам. Оған насихат айтып немесе Әһли сүннет ғалымы жазған дұрыс діни кітап беріп, харам істеуіне бөгет болған кісінің барлық күнәлары кешіріледі. Бірақ оның өзі харам істемеуі керек. Оның тек қана қаза қарыздары кешіріледі. Тозақта жанудан құтылады. Хақиқат кітап үйі баспасының кітаптары дұрыс. (С.Әбәдия, 98-бет)