16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (16)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (16)

16) Екі жүз елу жетінші бетінде: «Әбу Дауд риуаят еткен хадисте маған салауат оқыңдар! Қайда болсаңдар да, маған жеткізіледі делінген. Демек, алыста, жақында оқу арасында айырмашылық жоқ. Қабірді мейрам орны сияқты қылудың қажеті жоқ» деген.

Хужрә-и саадатты зиярат етуге қажеттілік жоқ екенін көрсету үшін Расулуллаһтың салауат пен сәлемнен хабар алғанын жазsg, хабары болмай өз сөзін өзі өтірікке шығарған. Өлі ештеңе сезбейді, естімейді деп жатқан еді, ал енді хабар алатынын жазуда.

Төрт жүз он алтыншы бетінде: «Өлілер оларға айтылғандарды естімейді. Өліден дұға, шапағат сұрау – оған табыну болады» дейді.

Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оған оқылған салауаттан хабардар болатынын жазуы және жоғарыдағы жазбасы бір-біріне қайшы келуде. Одан басқа Әбу Даудтағы хадис шәрифтердің бірін жазуда. Ал екіншісін жазу оған тиімді емес. Хадис ғалымдарынан Абдулхақ Деһлеуи (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мәдариж-ун-нубуввә» кітабының үш жүз жетпіс сегізінші бетінде жазуынша, Әбу Даудтың Әбу Хурайрадан (радиаллаһу та'ала анһума) хабар берген хадис шәрифінде: «Кімде-кім маған сәлем берсе, Аллаһу та'ала рухымды маған кері қайтарады. Оның сәлемін естіп, жауап беремін» делінген. Ибн Асакир (рахимә-һуллаһу та'ала) хабар берген хадис шәрифте: «Қабірімнің қасында маған салауат оқылса, ол салауатты мен естимін» делінген.