9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажылық / Қажылықтың сахих болуы үшін

Қажылықтың сахих болуы үшін

Сұрақ: Қажылыққа барған адамның барлық күнәлары кешіріледі делінген. Бұған намаз, ораза және қарыздар да жатады ма?

Жауап: Қажылыққа барып келгеннің емес, қажылығы қабыл болған кісінің күнәлары кешіріледі. Хадис шәрифтеде былай делінген:

«Қабыл болған қажылық өткен күнәларды жояды.» (Бәйһақи)

«Қажылық жасап, жаман сөз сөйлемеген және дұрыстықтан айрылмаған адам анасынан туылған күніндейгідей күнәсіз болады.» (Бұхари)

Қажылықтың сахих және қабыл болуының шарттары бар. Сахих болуы үшін уақытылы қажылық жасалу керек. Ал қабыл болуы үшін қажылықтың сахих болуы, ол адамның сенімінің дұрыс болуы, бидғатшы болмауы дегендей шарттары бар. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Бидғат істеушінің оразасы, қажылығы, жиһады қабыл болмайды.» (Дәйләми)

Қажылық сахих және қабыл болса да, құл (кісі) қарыздары, намаз, ораза қарыздары өтелген болып саналмайды. Қарыздарды қайтару, намаз бен ораза қарыздарын қаза ету жолымен өтеу керек.

Бір адам тәубе етсе, күнәлары кешіріледі. Намаздарының қазасын өтемегенше тек қана тәубемен кешірілмейді. Қазасын өтегеннен кейін тәубе етсе, кешірілуіне үміт етіледі. Әуелі дұрыс сенімге ие болу, бидғаттардан сақтану, құл (кісі) және Хақ қарызын өтеу керек.