19 - Ражаб, 1440 жыл.
     26 - Наурыз, 2019 жыл.   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Білмейтінін білмеу

Білмейтінін білмеу

Сұрақ: Бір құнды кітапта оқыған едім. Бір ғалым «Ең жаман адам – білмейтінін білмейтін кісі» деген. Бұл сөздің түсіндірмесі қандай?

Жауап: Білмеу – кемшілік, бұл жақсы емес. Алайда білмейтінін білу – құндылық. Өйткені ондай адам білмегендіктен, білмейтін істеріне араласпайды, яғни өз орнын біледі. Орнын біліп, өзіне қажет болмаған істерге араласпайды, «Мен білмеймін» деп мойындайды. Білмегені үшін айыпталмайды.

Ал білмейтінін білмеу – өте жаман. Ондай адам бәрін білемін деп ойлайды. Барлық мәселеде айтатын сөзі бар. Білмегендіктен, барлық іске араласа береді. Білетіндерді сынайды, тіпті адамдарды ренжітеді, бұдан хабары да болмайды. Ондай адамдарға ақылгөй, білгішсымақ делінеді. Оның қателігі көрінсе де, сөзі дәлелдей «Менің көзқарасым осындай» дейді, кешірім сұрай алмайды. Бұл жаман мінез тәкаппарлықтан туындайды.