9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Нәпісті тәрбиелеу

Нәпісті тәрбиелеу

Сұрақ: Нәпісті тәрбиелеу үшін не істеу керек?

Жауап: Жануарларда ақыл мен нәпіс болмағандықтан, олар өз қажеттіліктерін тауып қолданады. Денелеріне зиянын тигізетін, өздеріне ауыртпалық беретін нәрселерден сақтанады.

Ислам діні рахат және бақытты өмір сүруге қажет болған нәрселерден және дүниелік ләззаттардан пайдалы болғандарына тыйым салмайды. Оларға қолжеткізуде және қолдануда сәлим (қателік жібермейтін кәміл) ақылды және дінді ұстануды әмір етеді. Адамдардың дүниеде де, ахиретте де рахат және бақытты өмір сүруін қалайды. Сондықтан сәлим ақылды ұстануды әмір етіп, нәпіске еруге тыйым салады. (Сәлим ақыл тек қана пайғамбарларда болады.) Нәпсіне ерген адам Ислам дінінің сыртына шығады. Өйткені нәпсіміз үнемі жамандық жасауды қалайды. Ол Аллаһтың дұшпаны.

Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Негізгі дұшпаның – сені өлтіргенде сені жәннатқа кіргізетін немесе оны өлтіргенде саған сауап берілетін адам емес. Негізгі дұшпаның – өз нәпсің, жанұяң және бала-шағаң.» (Дәйләми)

Ақыл жаратылмағанда, адам үнемі нәпсіне еріп, пәлекеттерге душар болар еді. Нәпіс болмағанда, адам өмір сүруде және мәдени өмірге ұмтылуда кемшілік жіберер еді. Нәпіспен күресу сауабынан мақрұм қалар еді. Періштелерден де үстем болу жолы жабық қалар еді. Бір хадис шәрифте айтылғанындай:

«Ахиретте өздері туралы сендердің білгендеріңді жануарлар да білгенде, тамаққа ет таба алмайтын едіңдер!» (Бәйһақи)

Яғни жануарлар ахиреттегі азаптардан қорққанынан, ішіп-жеуді тоқтатып, құр тері мен сүйегі қалып арықтайтын еді. Адамдарда нәпіс болмағанда, жануарлар сияқты қорқыныштан ішіп-жей алмай, өмір сүре алмай қалатын еді. Адамдардың өмір сүре алуы нәпістерінің ұмыттыруы және дүниенің ләззаттарына берілуі арқылы іске асады. Ислам діні нәпісті құртуды, жоюды емес, оны тәрбиелеуді, оны пайдалануды әмір етуде.

Барлық ауру себебінің терісімен емделеді. Нәпістің түрлі қалауларынан құтылудың жолы – азға қанағат және сабыр. Бойында жаман мінезі бар адам оған ұшыраудың себебін іздеуі керек, бұл себептен құтылып, оның терісін жасауға тырысуы қажет. Жаман мінезден құтылуға, оның терісін жасауға көп күш салуы керек. Өйткені адамның үйреніп қалған нәрсесінен құтылуы қиын. Жаман нәрселер нәпіске жағымды келеді.

Адамның жаман нәрсе істегенде артынша риязат шегуді, нәпіске қиын келетін нәрсені істеуге әдеттенуі – жақсы шара. Мысалы, «бір жамандық істесем, пәлен ақша садақа беремін немесе ораза ұстаймын, түнгі намаз оқимын» деп ант етуіне болады. Нәпіс осы қиын нәрселерді істемеу үшін оларға себеп болатын жаман әдетін істемейді. Жаман мінездің зиянын оқу, есту де пайдалы шара. Бұл зияндарды баяндайтын хадис шәрифтер көп. Кейбірлері төменде:

«Жақсы мінез иесі болыңдар, көркем мінез жәннатқа кіргізеді, жаман мінезден сақтаныңдар, ол тозаққа түсіреді.» (Ибн Лал)

«Барлық күнәнің тәубесі бар. Жаман мінездің тәубесі болмайды. Адам жаман мінезіне тәубе етпей, одан да жаманын істейді.» (Хатиб)

«Көркем мінез күнәларды судың кірді тазалағанындай тазалайды. Ал жаман мінез сірке суының балды бұзғанындай салих амалдарды бұзады.» (Ибн Хиббан)

«Ыстық су мұзды еріткеніндей, жақсы мінезді болу күнәларды ерітіп, жоқ қылады. Сірке суы балды бұзып, жеуге жарамсыз жағдайға түсіргеніндей, жаман мінезді болу ғибадаттарды бұзып жоқ қылады.» (Табарани)

«Көркем мінез жәннаттың ең үстем дәрежелеріне жеткізеді. Нәпіл ғибадаттармен бұл дәрежеге жету мүмкін емес. Жаман мінез тозақтың түбіне жетелейді, кейде күпірге де түсіреді.» (Табарани)

«Йа, Раббым, жаман мінез, жаман амал, жаман қалау және жаман аурулардан саған сиынамын.» (Әбу Дауд)