19 - Шабан, 1440 жыл.
     24 - Сәуір, 2019 жыл.   


  Негізгі бөлім / Зекет - Ұшыр - Садақа / Ысырап та, сараңдық та етпеу керек

Ысырап та, сараңдық та етпеу керек

Сұрақ: Көп садақа беретіндер кездеседі. Садақа беру ысырапқа жатады ма?

Жауап: Садақа беруде де ысырап болады. Сабит бин Қайс хазреттері бір күнде 500 ағашының құрмасын жинап, бәрін садақа қылып таратты да, үйіне ештеңе қалдырмады. Сонда «Бәрін бермеңдер!» деген аяти карима келді. Муаз бин Жәбәл хазреттерінің құрма ағашы бар еді. Құрмасын жинап, бәрін садақа қылып таратты да, өзіне ештеңе қалдырмады, сонда «Бірақ ысырап етпеңдер!» деген аяти карима келді. Бір бала Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) келіп, өзіне қажет болған нәрселерін сұрады. Пайғамбарымыз оның сұрағандарынан бүгін ештеңе жоқ екенін айтқанда әлгі бала көйлегін сұрады. Пайғамбарымыз дереу көйлегін шешіп берді. Сөйтіп өзі көйлексіз қалды. Сонда «Ей, сүйіктім, өзіңе қалмайтындай етіп таратпа!» деген аяти карима келді.

Қарызынан артық мүлкі болмаған немесе бала-шағасы қиындыққа шыдай алмайтын болып, олардың қажеттілігін алып беруден артық ақшасы болмаған немесе қиыншылыққа шыдай алмайтын, өзі мұқтаж адамның садақа және қарыз беруі ысырап болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Өзі немесе бала-шағасы мұқтаж бола тұра немесе қарызы бар кезде берілген садақа қабыл болмайды. Қарызды қайтару садақа мен сыйлық беруден бұрын тұрады.» (Бұхари)

Өзі немесе бала-шағасы сабыр ете алмайтын адамның садақа беруі мәкрух болады, тіпті кейбір ғалымдардың айтуынша, мүлдем қабыл болмайды. (Тариқати Мухаммадия)