6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ораза / Жаңа айдың туғанын көргенде оразаны бастау

Жаңа айдың туғанын көргенде оразаны бастау

Сұрақ: Рамазан айының басталғанының белгілі болуы үшін аспанда жаңа айдың туғанын көру керек пе? Егер ондай жағдай болмаса, онда қалай әрекет етеміз?

Жауап: Бұл туралы «Мәракил-фәлах» кітабындағы хадис шәрифте:

«Айды көргенде ораза ұстаңдар! Қайтадан көргенде оразаны тоқтатыңдар!» делінген. Осы бұйрық бойынша Рамазан айы жаңа айдың туғанын көрумен басталады. Жаңа айды көруден бұрын жасалған есептермен және күнтізбемен бастаудың жаиз (рұқсат) еместігін «Ибн Абидин», «Әшиат-ул-ләмәат» және «Нимет-и ислам» авторлары хабар берген. Шабан айының отызыншы түні күн батқанда жаңа айды іздеу және көргенде барып қазыға хабарлау уәжіп кифая.

Рамазан айының басталған болуы үшін шабанның 29-күні күн бату уақытында жаңа айды аспанда іздеу және айды көру, ал егер көрінбесе, шабан айын отыз күнге толықтыру керек. Шабанның отызыншы күні бесін намазы уақытына дейін ораза ұстап, сол күннің Рамазан екендігі жарияланбаса, оразаны бұзу керек болады. Бұзбай оразаны жалғастыру тахримән мәкрух. Рамазанды жаңа айды көрмей бастап, 29-түні айттың хилалы көрінсе, шабан айдың көрінуімен басталған болса, айттан кейін бір күн қаза ұсталады. Айдың көрінуімен басталмаған болса, екі күн қаза ұстайтындығы «Хиндия» және «Қазыхан» кітаптарында жазулы.

Аспан бұлтты кезде жаңа айдың туғанын әділ, мұсылман еркек немесе әйелдің «көрдім» деуімен, ал ашық аспанда көптеген адамның куә болуымен, айтуымен қазы Рамазан басталғанын жариялайды. Қазысы болмаған мекендерде жаңа айдың туғанын бір әділдің «көрдім» деуімен Рамазан болады. Екі әділдің «көрдім» деуімен айт болады. Әділ дегеніміз – үлкен күнә істемейтін және кіші күнәларды үздіксіз істемейтін кісі деген сөз. Әділдігі күмәнді болған адамның да сөзі қабылданады. Рамазанды және айтты күнтізбемен және есеппен бастаудың жаиз еместігі «Фәтауа-и Хиндия» кітабында жазылған. «Хадиқада» былай делінеді:

«Бидғатшы болған, яғни жетпіс екі ағымның бәрі Әһли қыбла бола тұра, әділ емес.» «Дуррул мухтарда» куәгерлік түсіндірілгенде была делінеді:

«Мұсылманды жамандау күнә. Бұл әділдікті жояды. Ондай адамның куәгерлігі қабылданбайды.»

Сондықтан Рамазанның, айттың, қажылық уақытының келуінің, ауызашар, намаз уақыттарын аңғаруда және барлық діни іс-амалдарда мазһабсыздардың сөздеріне жүгіну жаиз (рұқсат) емес.

Шабанның отызыншы түні бір қалада жаңа айдың туғаны көрінсе, бүкіл әлемде оразаны бастау керек болады.