12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ораза ұстаған кісі құрмамен ауыз ашсын!

Ораза ұстаған кісі құрмамен ауыз ашсын!

Рамазан айында дастарханнан үзілмейтін азық – құрма, дінімізде өте маңызды орын алады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) құрмамен ауыз ашатын еді. Бір хадис шәрифінде «Ораза ұстаған адам құрмамен ауыз ашсын! Өйткені құрма берекетті» деген. Құрманың берекетті болуының себебін айта кетейік. Оның ағашы «Нахлә» деп аталады. Бұл ағаштың жаратылуында жинақылық пен әділеттік бар. Адамның жаратылысы да осындай. Пайғамбарымыз нахлә ағашын «Адамзаттың апасы» (әкесінің қыз бауыры) деген. «Апаларың болған нахләні құрметтеңдер! Өйткені бұл ағаш Адам алейһиссаламның топырағынан артылғанынан жаратылған» деді. Осы себептен, нахләнің жемісі болған құрманы жегенде ол адамның бөлшегі, тіні болады. Осылайша құрмадағы барлық нәрсе адамға өткен болады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) басқа бір хадис шәрифінде «Мүминнің сәре асының құрмамен болуы қандай жақсы» деген.

Құрманың пайдалары санаумен бітпейді. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ажуә құрмасы уға қарсы, саңырауқұлақ суы көзге шипа.»

«Жаңадан босанған әйел құрма жесе, балалары тыныш болады. Хазреті Иса туылғанда хазреті Мәриәм құрма жеді. Одан жақсырағы бар болғанда, Аллаһу та'ала соны беретін еді.»

Әнәс бин Малик хазреттері айтып берген:

Расулуллаһтан Әбу Бәкір Сыддықтың сондай үстемдіктерін естідім, таң қалдым. Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін бір түні Оны түсімде көрдім. Алдына бір табақ құрма қойылған екен. «Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та'ала сізге берген нәрседен маған да беріңіз-ші!» дедім. Маған бір құрма берді. Сонда мен «Йа, Расулаллаһ, сыйыңызды арттырыңыз-шы» дедім. Осылай тоғыз құрмаға дейін берді. Сонда да «Йа, Расулаллаһ, тағы беріңіз-ші» деп едім, Билалдың азан дауысынан оянып кеттім.

Дәрет алып, мешітке келдім. Таң намазын Әбу Бәкір Сыддықтың артында оқыдым. Намаздан кейін бір сағат басымды иіп тәспих тарттым. Басымды көтергенімде Сыддықты көрдім. Арқасын михрабқа қаратып отыр, түсімде көрген Расулуллаһтың алдында тұрған құрма табағы Сыддықтың алдында тұрған еді. Сонда мен:

- Йа, Расулуллаһтың халифасы! Аллаһу та'аланың сізге берген ниғметтерінен маған да беріңіз-ші! – дедім.

Маған бір құрма берді. «Арттырыңыз-шы» деп едім, тағы бір құрма берді. Осылай тоғыз құрмаға дейін берді. Мен «Йа,  Расулуллаһтың халифасы, тағы арттырыңыз» деп едім:

- Йа, Әнәс! Егер түнде Расулуллаһ көбірек бергенде, мен де саған көбірек берер едім, – деп жауап берді.