17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Жетпіс истиғфар

Жетпіс истиғфар

Сұрақ: Жетпіс истиғфар бірден намаздан кейін оқылады ма? Құндылығы қандай?

Жауап: Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Әр намаздан кейін жетпіс истиғфар оқыған адамның жасаған күнәлары кешіріледі және жәннаттағы зәулім сарайларын көрмей тұрып дүниеден кетпейді.» (Дәйләми)

(Яғни өлерде жәннаттағы зәулім үйлерін көреді.)

«Әр намаздан кейін үш рет "Әстағфируллаһ әл азыйм әлләзи лә илаһа илла һу-уәл хаййәл қайюмә уә әтубу илайһ" деп оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (Ибн Сүнни)

Мұхаммед Масум хазреттері бұл үш истиғфардың намаздың соңында «Аллаһумма әнтәссәләм...»-нен кейін, ал қалған 67 истиғфарды тек «Әстағфируллаһ» деп дұғадан кейін оқығанын айтқан. (2 том, 80 хат)