4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Жомарттық

Жомарттық

Сұрақ: Жомарттықтың құндылығы қандай?

Жауап: Жомарт кісінің аздаған ғибадаты сараң кісінің көп ғибадатынан үстем болуымен қатар, жомарт болған сауатсыз да, сараң болған ғалымнан үстем. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та'ала жомарт адамды күндіз-түні ғибадат ететін сараңнан көбірек жақсы көреді.» (Тирмизи)

«Аллаһ алдында жомарт болған сауатсыз сараң болған ғалымнан үстемірек. Өйткені, сараңдық – ең ауыр ауру.» (Дара Қутни)

Жомарт кісінің иманы күшті, ал сараңның иманы әлсіз. Хадис шәрифтерде айтылған:

«Жомарттық иманның беріктігінен туындайды. Иманы берік болған кісі тозаққа кірмейді. Сараңдық күмәннан пайда болады. (Иманда) күмәні бар адам жәннатқа кіре алмайды.» (Дәйләми)

«Пенденің жүрегінде сараңдық пен иман бірге бола алмайды.» (Нәсаи)

«Жомарт Аллаһқа, адамдарға, жәннатқа жақын, тозақтан алыс. Ал сараң мұның терісі.» (Тирмизи)

«Жомарт болыңдар – Аллаһу та'ала да сендерге жомарттық танытсын! Жақсылап біліп алыңдар, сараңдық күпірден, ал күпірдің орны – тозақ.» (Дәйләми)

Жомарт кісі кәпір болса да, тозақтағы азабы басқа кәпірлердікі сияқты ауыр болмайды. Хадис шәрифте былай делінген:

«Жомарт болған кәпір тозаққа кірерде Аллаһу та'ала (Тозақта қызметте болған періштелердің ең үлкені) Маликке "Мына адамды дүниедегі жомарттығы шамасына қарап тозақтың азабы жеңілдеу болған тарапына қой" дейді.» (Дәйләми)

Жомарт кісінің табысы, мал-мүлкі берекетті болады. Жомарттығы шамасында мал-мүлкі артады. Қонақтың өз ризығымен келетіндігі, қырық күн берекет қалдыратындығы, садақа берумен мал-мүліктің азайып қалмайтындығы хадис шәрифтерде айтылған.

Жомарт болуға тырысып, сараңдықтан сақтану керек! Хадис шәрифте былай делінеді:

«Сараңдықтан аса сақтаныңдар! Сендерден бұрын келгендерді сараңдық құртқан еді.» (Мүслим)

 

Сараңдықтан құтылып, жомарт болу

Сұрақ: Сараңдық деген не? Жомарт болу үшін не істеу керек?

Жауап: Сараңдықтан құтылып, жомарт болу үшін сараңдықтың дүние мен ахиреттегі зияндарын, ал жомарттықтың пайдаларын жақсылап білу және сену керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та'аланың әулиелерінің барлығы жомарт және жақсы мінезді.» (Дара Қутни)

«Абдал деп аталатын әулие көп намаз оқығаны, көп ораза ұстағаны үшін емес, жомарттық және халыққа насихат айтуы себебімен жәннатқа кіреді.» (Әбу Нуайм)

«Жәннат – жомарттардың мекені.» (Әбушшайх)

«Жәннатта жомарттарға арналған зәулім сарайлар бар.» (Табарани)

«Раббым "Ибраһим жомарт болғандықтан, оны өзіме дос қылдым" деді.» (Табарани)

«Жомарт болған және халықтан аз шағымданатын кісі – бұл үмбеттің мырзасы.» (Табарани)

«Жомарт Аллаһқа хусни зан еткендіктен (жақсы ойда болғандықтан) жомарт. Ал сараң Аллаһқа суи зан еткендіктен (жаман ойда болғандықтан) сараң.» (Әбушшайх)

«Жомарттық – бұтақтары дүниеге дейін салбырап түскен жәннат ағашы. Кім бұл ағаштың бұтағын ұстаса, бұл бұтақ оны жәннатқа алып барады. Сараңдық – бұтақтары дүниеде салбырап тұрған тозақ ағашы. Осы бұтақтардың біріне жармасқан кісі тозаққа кетеді.» (Бәйһақи)

«Аллаһу та'ала жомарттық пен көркем мінезді жақсы көреді, сараңдық пен жаман мінезді жақсы көрмейді.» (Бәриқа)

«Мен кепілмін, жомарт кісі жәннатқа, сараң кісі тозаққа кіреді.» (Исфәхани)

«Жомарттың асы шипа, ал сараңдікі ауру.» (Дара Қутни)

«Өздеріне қажет болып тұрғанда өзгені таңдаған адамның күнәлары кешіріледі.» (И.Хиббан)

Құран кәрімде сахабалар былай мақталған: «Өздері мұқтаж бола тұра өзгелерді өздерінен жоғары ұстайды.» (Хашр 9)

«Жомарт болсаңдар, Аллаһу та'ала да сендерге жомарттықпен сый-сияпат көрсетеді.» (Дәйләми)

«Жоғарыдағы қол төмендегіден, берген қол алған қолдан үстем.» (И.Хузәйма)

 

(Ескерту: «Сараң жәннатқа кірмейді», «Сараңдық – күпір» деген сияқты хадис шәрифтерді түсіндірмесімен бірге оқу керек. Түсіндірмесіз оқылса, қате түсінуге себеп болады. Сараңдық, қаншалықты жаман мінез саналса да, имансыздық емес. Бұл «Сараң күнәсінің жазасын тартпағанша жәннатқа кірмейді» деген сөз. Тіпті, сауабы күнәсынан басым болса, тозаққа түспестен тікелей жәннатқа кіреді. Кешірімге және шапағатқа қауышып та тікелей жәннатқа кіруі мүмкін.

«Жомарт жәннатқа жақын» хадис шәрифі де осындай. Яғни жомарттың иманы жоқ болса, мәңгілікке тозақта қалады. Иманы бар болса, сауаптары басым болса, тікелей жәннатқа кіреді. Әһли сүннет сенімі бойынша, жақсылық жасаған адам міндетті түрде жәннатқа, жамандық жасаған міндетті түрде тозаққа кіреді деген нәрсе жоқ. Мұсылманның күнәсы сауабынан көп болса, кешірім мен шапағат берілмесе, күнәсінің жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді. Иманы болмаған адамның, не істесе де, ешбір жақсылығы оны тозақтан құтқара алмайды. (Ислам Ахлақы))