17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Исламның таралуына қызмет ету

Исламның таралуына қызмет ету

Сұрақ: Ислам дінінің дұрыс үйренілуі және бұл білімдердің адамдарға жетіп баруы тұрғысында еркек-әйел әр мұсылман жауапты ма?

Жауап: Бұл туралы Имам Раббани хазреттері «Мәктубат» кітабының 1-том, 193-хатында былай жазған:

«Қазіргі таңда мұсылмандар ешкімсіз қалды. Дін дұшпандары жан-жақтан шабуылдап жатыр. Қазір Исламға қызмет ретінде бір теңге беру басқа уақытта берілген мыңдаған ақшадан әлдеқайда сауапты. Исламға жасалатын ең үлкен қызмет Әһли сүннет кітаптарын алып, жастарға тарату арқылы жүзеге асады. Қай бақты адамға бұл қызмет нәсіп болса, қатты қуансын, көп шүкір етсін. Исламға қызмет ету әрдайым сауапты. Бірақ Ислам әлсіреп тұрған, өтіріктермен, жалалармен мұсылмандықты жоюға тырысып жатқан осы уақытта Әһли сүннет сенімін таратуға тырысу еселенген сауап болады. Расулуллаһ алейһиссалам сахабаларына қарап былай деген:

«Сендер сондай уақытта келдіңдер, Аллаһу та'аланың бұйрықтары мен тыйымдарының оннан тоғызын ұстанып, оннан біреуін ұстанбасаңдар, құрисыңдар, азапталасыңдар! Сендерден кейін сондай заман келеді, ол кезде бұйрықтар мен тыйымдардың тек оннан бірін ғана ұстанған адам құтылады.»

Хадис шәрифте айтылған уақыт – дәл осы қазіргі уақыт. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын, сөздерін тарату үшін керемет иесі болу, ғалым болу шарт емес. Әр мұсылманның осыны атқаруға тырысуы қажет. Мүмкіндікті жіберіп алмау керек. Қияметте әр мұсылманнан осыны сұрайды, «Исламға неліктен қызмет етпедің?» делінеді. Ешқандай сылтау, себеп қабылданбайды. Пайғамбарлар адамдардың ең үстемі бола тұра мүлдем жайбарақат отырмады. Аллаһу та'аланың дінін таратуға күндіз-түні бар күшін салды. Бұл жолда күшін салғанда Аллаһу та'ала да оларға көмектесіп, мұғжиха жарататын еді. Біздің де Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын, сөздерін таратуымыз және мұсылмандарға жала жапқандардың өтірікші екенін жастарға, достарға жеткізуіміз керек. Бұл жолда мал-мүлкі, күш-қуаты, кәсібі арқылы атсалыспағандар азаптан құтыла алмайды. Бұл жолда қиыншылық көруді үлкен бақыт, үлкен табыс деп білу қажет. Пайғамбарлар Аллаһу та'аланың бұйрықтарын жеткізгенде көп қиыншылық көретін еді. Олардың ең үстемі болған Мұхаммед алейһиссалам:

«Мен көрген қорлықты басқа ешқандай пайғамбар көрмеді» деген.»