9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Мазһаб және Мазһабсыздық / Алғашқы ғасырларда мазһаб бар ма еді?

Алғашқы ғасырларда мазһаб бар ма еді?

Сұрақ: Уаһһабилер және олардың кітаптарын оқып жүргендер «Мазһабтар екінші ғасырда пайда болды. Сахабалар мен табииндер қай мазһабта еді?» дейді. Шынымен де солай ма? Оларға қалай жауап берген дұрыс?

Жауап: Мазһаб – жүретін жол деген сөз. Ал мазһаб имамы – Құран кәрім мен хадис шәрифтерде айқын көрсетілмеген діни білімдерді сахабалардан естіп жинақтаған, кітапқа түсірген үлкен ғалым деген сөз. Олар айқын көрсетілмеген білімдерді де айқын көрсетілгендеріне ұқсатып шығарды. Хадиқа кітабында былай жазылған:

«Белгілі төрт мазһаб имамы дәуірінде басқа мазһаб имамдары да бар еді. Олардың да мазһабтары бар еді. Бірақ олардың мазһабтарын ұстанушылар азайып, қазір мүлдем қалмады.»

Сахабалардың әрқайсысы мүжтәһид, үлкен ғалым, мазһаб имамы еді. Әрқайсысы өз мазһабында еді. Олардың барлығы біздің мазһаб имамдарымыздан әлдеқайда үстем, әлдеқайда білімді еді. Олардың мазһабтары дұрысырақ, құндырақ болған. Бірақ олардың кітаптары болмағандықтан, мазһабтары ұмытылды. Төрт мазһабтан басқасын ұстануға мүмкіндік қалмады. Сахабалар қай мазһабта еді деп сұрау «Физика пәнінің мұғалімі қай сыныптың оқушысы?» дегенге ұқсайды.

Хижреттен төрт жүз жыл өткеннен кейін толықтай ижтиһад жасай алатындай үлкен ғалым қалмағандығы кітаптарда жазулы. Хадиқада келтірілген хадис шәрифте өтірікші, адасушы дін адамдарының көбейетіндігі хабар берілген. Сондықтан, Әһли сүннет болған әр мұсылманның белгілі төрт мазһабтың бірін таңдап, соны ұстануы қажет. Таңдаған мазһабының ғылымхал кітабын тауып үйренуі, иманын және бүкіл амалдарын соған сай орындауы керек. Төрт мазһабтың бірін ұстанбайтын адам Әһли сүннет бола алмайды. Оған мазһабсыз және дүмше делінеді. Мазһабсыз адам не жетпіс екі адасқан ағымның біріне түсті, не кәпір болды. Осындай екендігі Бахр, Хиндия, Тахтауи, Ибн Абидин, Әл-бәсаир кітаптарында және Ахмед Сауи тәфсирінде жазылған.