14 - Рабиул-ахир, 1441 жыл.
     11 - Желтоқсан, 2019 жыл.   


  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / Сүйікті пайғамбарымыздың үстемдіктері

Сүйікті пайғамбарымыздың үстемдіктері

Сұрақ: Пайғамбарымыздың жаратылыстардың ең үстемі екендігін дос-дұшпан бәрі біледі. Ал енді ол үстемдіктерінің негізгілеріне нелер жатады?

Жауап: Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үстемдіктерінен, қасиеттерінен кейбірлері кітаптарда былай сипатталған:

Жаратылыстардың арасында ең алғаш Мұхаммед алейһиссаламның рухы жаратылған.

Аллаһу та'ала Оның есімін Аршқа, жәннаттарға және жеті қабат аспанға жазған.

Періштелердің Адам алейһиссаламға қарай сәжде етуін әмір етуі Адам алейһиссаламның маңдайында Мұхаммед алейһиссаламның нұры бар болғандықтан еді.

Пайғамбарымыз дүниеге келетін кезде байқалған белгілер және жағдайлар тарих кітаптарында жазылған.

Пайғамбарымыз үш жасында, қырық жасында пайғамбар екендігі білдірілген кезде және елу екі жасында миғражға көтерілгенде періштелер көкірегін жарып, жәннат суымен жүрегін жуды.

Әр пайғамбардың оң қолының үстінде пайғамбарлық мөрі бар еді. Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбарлық мөрі сол жауырынында, жүрегінің тұсында еді.

Расулуллаһ алейһиссалам алдын қалай көрсе, артын да солай көретін еді. Сонымен қатар, Расулуллаһ жарықта қалай көретін болса, қараңғыда да солай көретін еді.

Пайғамбарымыздың мүбәрәк терінен гүл сияқты хош иіс шығатын.

Расулуллаһ орта бойлы болса да, бойы ұзын адамдардың қасында олардан биік көрінетін еді.

Расулуллаһ жүрген кезінде артынан періштелер де жүретін еді. Сондықтан Ол сахабаларын алдына жіберіп: «Артымды періштелерге қалдырыңдар» дейтін.

Пайғамбарымыз тасты басқанда таста аяғының ізі қалатын. Құмның үстімен жүргенде еш із қалдырмайтын еді.

Пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизасы – миғражға көтерілуі еді, бұл басқа ешқандай пайғамбарға берілмеді.

Пайғамбарымыз үмми болғанымен, яғни ешкімнен ештеңе үйренбеген болса да, Аллаһу та'ала Оған барлық нәрсені білдірген.

Расулуллаһтың ақылы бүкіл адамзаттың ақылынан көп. Адамдарда болуы мүмкін болған жақсы мінездердің барлығы Оған нәсіп болды.

Аллаһу та'ала Мұхаммед алейһиссаламның есімін өз есімінің қасына қойған және Оған Хабибым (сүйіктім) деген. Ал бұл үстемдіктердің ең үлкені, Аллаһу та'ала Оны өзіне сүйікті, дос қылған, әрі хадис құдсида:

«Ибраһимді Халил (дос) қылдым, ал сені өзіме Хабиб (сүйікті) қылдым» деген.