Әр адам бақытты болғысы келедіСұрақ: Еркек-әйел әр адамның бақытты болуды қалайтыны баршаға мәлім. Бәрі осыны қалағанымен, бақытты болғандардың саны, өкінішке орай, аз. Мұның себебі не болуы мүмкін? Жауап: Аллаһу та'ала адамдарды жаратты және әр адамның бақытты өмір сүруін қалайтынын айтты. Бақытты болу – рахатта, қиыншылықсыз өмір сүру деген сөз. Әр адам бақытты болуды қалайды. Жаратқан да, жаратылған да бірдей нәрсені қалағанымен, бақытты жандар өте аз. Өйткені, Аллаһу та'ала барлық нәрсені себеппен жаратуда. Аллаһу та'аладан бір нәрсе сұрау үкіммен, яғни сөзбен іске асады. Яки әрекетпен жасалады. Үкіммен сұрау – дұға ету деген сөз. Бір нәрсені әрекетпен сұрау – бұл нәрсенің пайда болуына жол ашатын себепті орындау, еңбектену, себепке жүгіну деген сөз. Еңбектенбей, жалқауланып отырған адам себепке жүгінбеген болады. Аллаһу та'ала жалқауға ештеңе бермейді. «Уә ән ләйсә лил инсани илла мә сәа – Адам тек қана еңбектенген нәрсесіне қолжеткізеді» аяти каримасы мұның дәлелі. Кәпірлер Аллаһу та'алаға сенбегендіктен, үкіммен, сөзбен сұрамайды, дұға етпейді. Себептердің әсер еткенін көргендіктен, тек әрекетпен ғана сұрайды. Себептерге жүгінеді. Аллаһу та'ала олардың осы қалауларын қабыл етіп, сұрағандарын жаратып береді. Бақытты болуға қажетті себептер ниғмет деп аталады. Аллаһу та'ала ниғметтерін дос-дұшпан әр қалағанға беретінін уәде еткен. Ниғметке қолжеткізу үшін ниғмет иесі ұнатқандай сұрау керек. Сондықтан, ниғметті қалайтынын білдіру, дұға ету және міндетті түрде орындалатынына сену, иман келтіру керек. Бұған сенбейтін, әсіресе қарсы шығатын адамға берілмейді. Қарсы шыққан адам мақрұм қалады. Бақыттылыққа себеп болатын ниғметке қолжеткізу үшін жасалған дұғада осы сену шарт. Демек, ниғметке қолжеткізу үшін алдымен иман иесі болу, яғни мұсылман болу қажет, кейін ниғметтің себебіне жүгіну керек. Бүкіл ниғметтердің иесі болған Аллаһу та'ала ниғметтерге қолжеткізу үшін қалай дұға ету керектігін көрсетуде. Мұсылманның дұғасының қабыл болуы үшін иманнан кейін күнде бес уақыт намаз оқу, құл (кісі) ақысы болмау шарттары ең алдында тұр. Дұғаларымыз қабыл болмайды дейтіндердің осы шарттарды орындамағандығы аңғарылады. |