18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажылық / Умра кітапшасы

Умра кітапшасы

УМРА КІТАПШАСЫ

 және МӘДИНА ЗИЯРАТЫ

 

 

КІРІСПЕ

Құрметті бауырларымыз!

Исламның бесінші шарты болған «Қажылық» ғибадаты әрі денемен, әрі мал-мүлікпен жасалатын ғибадат.

Бұл ғибадаттарда біраз қиыншылықтар бар болғандықтан, сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қажылыққа баратын кезде де, умра ғибадатында да «Аллаһым, оны маған оңай қыла гөр!» деп дұға еткен. Ханафи мазһабы бойынша шамасы жететін мұсылмандардың өмірінде бір рет «Қажылық» жасауы парыз, ал «Умра» муәккәд сүннет болып табылады.

Малики мазһабында «Умра» шамасы жететін мұсылмандарға өмірінде бір рет муәккәд сүннет. Бірақ Шафии және Ханбали мазһабтарында шарттарына ие болғандарға «Умра» да, қажылық сияқты, өмірде бір рет бару «парыз».

«Қағбаны» зиярат етумен байланысты екі негізгі ғибадат бар: Олардың бірі «Қажылық», екіншісі «Умра». Қажылық ғибадаты «Белгілі бір жерді белгілі бір уақытта, белгілі амалдарды орындап зиярат ету» деп сипатталған.

Қажылық тек «Қажылық айлары» деп аталатын белгілі уақыт ішінде атқарыла алады. Қажылық айлары: Шәууал мен Зүл-қада айлары және Зүл-хиджа айының алғашқы он күні. Осы айлар келмей тұрып немесе бұл айлар өткеннен кейін қажылыққа қатысты амалдардың ешқайсысы жасалмайды.

Қажылық пен Умра ғибадаттары жеке-жеке орындала алады, сондай-ақ, қажылық айлары ішінде олардың екеуін бірге атқаруға да болады.

 

Умраның белгілі бір уақыты болмай, бұл ғибадатты Арапа күнінің таңынан Құрбан айттың төртінші күні ақшам уақытына дейінгі бес күннен басқа уақыттарда, қажылық айларында да, қажылық айларынан басқа күндерде де, жыл ішінде кезкелген күні орындауға болады.

Егер кедей кісі мойнына парыз болған қажылық міндетін орындамаған болса, әрі осы қажылық айларында умра жасауға келген болса, оған қажылық парыз болады. Жоғарыда аталған бес күнде умра жасау Ханафи мазһабында тахримән мәкрух. Бұл күндерде тек қана қажылық жасалады.

Умраға барудан бұрын сізге ұсынған осы «Умра анықтамалығы» кітапшамызды мұқият оқып шығып, орындау керек болған және істеуге болмайтын амалдарды жақсылап үйрену керек.

Қолыңыздағы бұл кітап умра ғибадатын барлық шарттары мен рукндеріне, уәжіптеріне, сүннет пен мүстаһабтарына, әдептеріне мән беріп, тыйымдардан сақтанып орындауыңыз үшін бір алқа тарапынан әзірленген.

 

 

БІРІНШІ БӨЛІМ

Умра ғибадаты

І - УМРАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1) УМРАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҮКІМІ

Умра – Арапа күнінің таңынан Құрбан айттың төртінші күні кешке дейінгі бес күннен басқа, қажылық айларында да, қажылық айларынан басқа күндері де, бүкіл жыл бойы кезкелген уақытта орындалатын, ниет және тәлбиямен ихрам киіп, тауаф пен са’й жасағаннан кейін ихрамды шешу түрінде орындалатын ғибадат.

Ханафи мазһабында шамасы жететін мұсылмандарға өмірінде бір рет «Қажылық» ғибадаты парыз, ал «Умра» ғибадаты муәккәд сүннет.

Малики мазһабында «Умраға» шамасы жететін мұсылмандарға өмірінде бір рет бару муәккәд сүннет.

Шафии және Ханбали мазһабтарында шарттарына ие болғандарға «Умра» ғибадаты да, қажылық сияқты өмірде бір рет атқару парыз.

Умраның белгілі бір уақыты болмай, бұл ғибадатты Арапа күнінің таңынан Құрбан айттың төртінші күні ақшам уақытына дейінгі бес күннен басқа уақыттарда, қажылық айларында да, қажылық айларынан басқа күндерде де, жыл ішінде кезкелген күні орындауға болады. Егер кедей кісі мойнына парыз болған қажылық міндетін орындамаған болса, әрі осы қажылық айларында умра жасауға келген болса, оған қажылық парыз болады. Жоғарыда аталған бес күнде умра жасау Ханафи мазһабында тахримән мәкрух. Бұл күндерде тек қана қажылық жасалады.

 

2) УМРА ҒИБАДАТЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Шамасы жететін адамның умраға баруы үлкен сауап. Умраның құндылығы туралы көптеген хадис шәриф бар. Кейбірлері төменде:

«Бір умра мен басқа умра екеуінің арасындағы істелген күнәларға кафарат (өтем).» (Бұхари)

«Рамазанда жасалған умра (нәпіл) қажылыққа тең» (Әбу Дауд)

«Рамазан айында умра жасағандар менімен бірге қажылыққа барғандай болады.» (Тирмизи)

«Көп умра жасаған адам кедейліктен құтылған болады.» (Тирмизи)

«Кімде-кім умраға бара жатқанда жолда қайтыс болса, ол умра сауабы қияметке дейін оған жазылады.» (Әбу Яла)

 

3) УМРАНЫҢ ПАРЫЗДАРЫ

1) Ниет және тәлбиямен ихрамға кіру.

2) Қағбаны тауаф ету.

 

4) УМРАНЫҢ УӘЖІПТЕРІ

1) Ихраммен миқатты өту. Яғни миқат жерінен бұрын немесе миқат жерінде ихрамды кигеннен кейін миқатты ихраммен өту.

2) Тауафты дәретсіз және жүніп күйде жасамау.

3) Тауафта әурет жерінің ашық болмауы. (Ер кісінің әурет жерлері – тізе мен кіндік арасы.)

4) Тауафта Қағбаның сол тарапта болуы.

5) Тауафты Хатим деп аталатын жердің сыртында жасау.

6) Тауафтың төрт шауты – умраның рукны. Бұған уәжіп болған тағы үшеуі қосылып, жеті шаут жасау. (Әр айналғанға бір шаут делінеді.)

7) Әр тауафтан кейін Мәсжиди Харам ішінде екі рәкат намаз оқу.

8) Сафа мен Мәруа арасында са’й жасау. Са’йды Сафадан бастау.

9) Са’йды жүріп жасау. Екі жасыл тірек арасында ер кісілер жылдам жүреді.

10) Басты тақырлап қыру немесе шаш қысқарту.

11) Киімнің таза болуы.

 

 

5) УМРАНЫҢ СҮННЕТТЕРІ

1) Ихрамды киюден бұрын ғұсыл құйыну. Бұл мүмкін болмаса, дәрет алу.

2) Ихрамды киюден бұрын хош иіс себіну. Ихрамға кіргеннен кейін хош иіс жағуға болмайды.

3) Ихрамның жаңа немесе жуылған, таза болуы және түсінің ақ болуы.

4) Ихрамды кигенде ихрамның сүннеті ниетімен екі рәкат намаз оқу. Бірінші рәкатында «Кафирун» сүресін, екінші рәкатында «Ихлас» сүресін оқу.

5) Ихрамды кигеннен кейін тәлбияны көп қайталау.

6) Әр тәлбияны бастағанда ең аз дегенде үш рет қайталау.

7) Тәлбиядан кейін пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) салауат айту.

8) Меккеге күндіз кіру. Қағбаны көрген кезде дереу дұға ету. Қағбаның алдына келгенде тәкбір айту.

9) Хажәр-и Әсуадты сүю немесе истилам ету (сүйгендей ишара жасау).

10) Ер кісілер өзінен кейін са’й болған тауафтарда оң қолы мен иығын ашық қылатындай түрде ихрам орап тауаф етеді.

11) Тағы ер кісілер өзінен кейін са’й болған тауафтардың алғашқы үш шаутында қадамдарын қысқартып, иықтарын жұлқып, біраз жылдам және көрсетіп жүреді.

12) Тауафтан және екі рәкат тауаф намазынан кейін зәмзәм ішілетін жерге барып, түрегеп тұрып көп зәмзәм ішу. Зәмзәмді үш жұтымда ішіп, әр жұтқанда қағбаға қарау. Қалған зәмзәм суын үсті-басына төгу.

13) Са’йда екі жасыл тірек арасында ер кісілер біраз жылдам жүреді. Бұл хәруәлә деп аталады. Бұл екі тіректің арасынан басқа жерде қалыпты жүріспен жүруді жалғастырады.

14) Көп нәпіл тауаф жасау.

15) Мүлтәзәмге кеудесін және жүзін сүйеп жылау. (Мүлтәзәм – Хажәри Әсуад пен қағба есігі арасындағы жер.)

16) Ешкімді қинамастан қағба жамылғысына жармасып, Аллаһу та'алаға дұға ету.

17) Мәдинаға барып, Рауда-и Мутаххараны, яғни сүйікті пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қабірін зиярат ету.

 

 

Суретте:

1) Рукну Шами

2) Алтын науа

3) Рукну Ираки

4) Хижр-и Исмаил (Хатим)

5) Рукну Йәмани

6) Шазирван

7) Рукну Хажәр-ул-әсуад

8) Истилам сызығы

9) Хажәр-ул-әсуад

10) Мүлтәзәм

11) Қағбаның есігі

12) Қағбаның жамылғысы

13) Мақам-ы Ибраһим

 

 

Суретте: Харам, Хилл және Афақ аумақтары

 

6) УМРАНЫҢ ӘДЕПТЕРІ

1) Умра сапарында жұрт көрсін деген ойдан сақтануға тырысу керек.

2) Бар болса, қарыздарды және құл (кісі) ақыларын өтеп, олармен халалдасу (разылығын алу).

3) Таныстары және достарымен халалдасып, олардың дұғасын сұрау.

4) Араздасқан мұсылмандар бар болса, татуласуы керек.

5) Ақ кең ихрам алу керек.

6) Ихраммен жүргенде киетін үсті ашық бекем тәпішке алу.

7) Күмәнді болмаған, толықтай халал ақшамен умраға бару керек.

8) Умраға бара жатқанда діни және дүниелік істерде көмекші болатын достар табу.

9) Отбасы мүшелерінің напақасын нұқсансыз қамтамасыз етіп, өсиетін жазу керек.

10) Бұл сапарда Аллаһу та'аладан көбірек қорқу керек.

11) Аллаһу та'аланың есімін көп зікір ету керек.

12) Ашуланбауға мұқият болған жөн, салмақты болуға тырысу керек.

13) Қажетсіз сөйлеуді және бос нәрселерді доғару керек.

14) Умраға қатысты мәселелерді жақсылап үйреніп, жолда жақсы білмейтіндерге де үйрету керек.

15) Умра кезінде сауда-саттық жасаудан ұзақ болуға тырысу керек.

16) Бейсенбі күні шыға алмаса, дүйсенбі күні жолға шығу керек.

17) Үнемі дәретті болып жүруге тырысу керек.

18) Үйінен шығудан бұрын екі рәкат нәпіл намаз оқу керек. (Қазасы бар адамдар қаза намаз оқиды.)

19) Үйге оралғанда да Аллаһу та'алаға шүкір ретінде екі рәкат намаз оқу керек.

 

7) ИХРАМҒА КІРГЕН АДАМҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНДАР

1) Бір жерін қыру.

2) Тырнақ қырқу.

3) Тігілген киім кию.

4) Мәсі, аяқ киім кию және басын жабу (ер кісілер үшін).

5) Қолғап, шұлық кию.

6) Иіссу себіну.

7) Әтірсабынмен басын жуу.

8) Жыныстық қатынас.

9) Моншаға кіру.

10) Ұрыс-керіс жасау және сөз таласу.

11) Үстіндегі битті өлтіру және өлтіру үшін біреуге көрсету.

12) Құрлықтағы аңдарды өлтіру.

13) Өздігінен өсіп шыққан шөп пен ағаштарды жұлу.

 

8) ИХРАМҒА КІРГЕН АДАМҒА МӘКРУХ БОЛҒАН НӘРСЕЛЕР

1) Гүл иіскеу.

2) Иісі бар өсімдікті иіскеу.

3) Иісі бар жеміс-жидектерді иіскеу.

4) Иіссу, миск, хош иісті майлар сататын дүкенде отыру.

 

9) ИХРАМҒА КІРГЕН АДАМҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҒАНДАР

1) Тіс жұлдыру.

2) Шашы түспеу шартымен жеңіл түрде қасыну.

3) Басын иіссіз сабынмен жуу.

4) Ғұсыл алу.

5) Жүзік тағу.

6) Беліне белдік, белбеу, ақша әмияны, қару байлау.

7) Түрлі-түсті ихрам кию.

8) Әйелдердің теріге тимейтіндей етіп беттерін жабуы және тігілген киім, мәсі, шұлық киюі, орамалдың астынан әшекей бұйымдарын тағуы рұқсат.

9) Тәпішке сияқты үсті ашық аяқ киім кию.

10) Басын тигізбеу шартымен шатыр, қолшатыр көлеңкесінде болу.

11) Басты әдет болмаған (ыдыс, табақ сияқты) нәрсемен жабу, басқа пакет сияқты нәрселер қою.

12) Сірке, шыбын-шіркей және біреудің үстіндегі битті, тышқан, жылан, шаян, құрт, кезқұйрық сияқты зиянды және адамдарға шабуылдайтын жануарларды өлтіру.

13) Адамдар егіп өсірген көкөніс пен жеміс-жидектерді үзу, жұлу.

14) Дұшпанмен қақтығысу.

 

ІІ - УМРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Арапа және айт күндерінен (бес күн) басқа кезкелген уақытта умра жасауға болады. Умраға бару үшін жолға шыққан адамдар миқат деп аталатын шекараны ихрамсыз өте алмайды. Умрадан бұрын Мәдинаға барған адамдарға ихрам кию жері Зүлхуләйфа, қазіргі аты Абари Али. Ихрам үшін біршама дайындықтар жасалады. Олардың бір бөлігі жолда және миқат жерінде жасауға болады, дегенмен, кейбірлерін әлі жолға шықпай тұрып үйде жасау керек.

 

1) Үйде жасалатын амалдар

1) Тырнақ қырқу.

2) Қолтық пен шап жерлерін тазалау.

3) Сақал мен мұртты түзету, қажет болса, шашты алдыру.

4) Ғұсыл алу. Ғұсыл алмаса, дәрет алу. Ғұсыл дәреттен абзал.

5) Хош иіс себіну. Ихрамға кіргендер иіссу себінбейді. Тіпті иісі бар сабын да қолданбайды, иіссіз болғандарын қолданады.

 

2) Миқат шекарасында жасалатын амалдар

1) Умраны ихраммен жасау парыз. Сондықтан, осы жерде ихрам киіледі.

2) Ер кісілер киген барлық киімдерін шешеді. Изар (белден төмен жағына арналған жамылғы) және рида (иық орамалы) деп аталатын ихрам киімімен оранады. Әйелдер ер кісілер киетін осы ихрам киімдерін кимейді, киімдері мен шұлықтарын шешпейді. Махрам (әурет) жерлерін ешқашан ашпайды. Қалыпты киімдерінің үстінен ихрам киеді. Тек жүздерін ғана ашық қалдырады. Әйелдердің қолғап киюінің зияны жоқ.

3) Умраға ниет етіледі. Ниет ету парыз. «Аллаһумма инни уридул-умратә фә-йәссирха ли уә тәқаббәлха минни», яғни «Аллаһым! Сенің разылығың үшін умра жасамақшымын. Оны маған оңай қыла гөр және менен қабыл ет» деп ниет етіледі. Ниетпен бірге тәлбия айтылады. Ниетсіз тәлбия, тәлбиясыз ниет жалғыз өзі өтпейді. Екеуі бірге болса, ихрамға кірген болады.

4) Тәлбия «Ләббәйк, Аллаһумма ләббәйк, ләббәйка лә шәрика ләкә ләббәйк, иннәл-хамдә уән-ни’мәтә уәл-мүлкә лә шәрика ләкә» деп айтып жасалады.

Тәлбияның мағынасы мынадай:

«Бұйыр, ей, Аллаһым! Бұйыр (шақыруыңа сөзіммен және өзіммен қайта-қайта келдім), әміріңе құлдық еттім. Сенің серігің жоқ, бүкіл жан-тәніммен Саған бет бұрдым. Мақтау мен ниғмет Саған тән. Мүлік те Сеніңкі. Сенің ортағың жоқ.»

Тәлбия әр бастағанда үш рет қайталанады, кейін салауат, тәкбір, тахлил оқылып, дұға етіледі.

Әйелдер тәлбия жасағанда дауысын шығармайды.

5) Керахат уақыты болмаса, ихрамның сүннеті ниетімен екі рәкат намаз оқылады. Бірінші рәкатта зәм сүре ретінде «Кафирун», екіншісінде «Ихлас» сүрелері оқылады.

6) Ер кісілердің бастары ашық, аяқтары жалаңаш болады.

7) Барлық уақытта дәретті болуға тырысу керек.

 

3) Ихрамға кіргеннен кейін жасалатын амалдар

1) Ихрамнан шыққанға дейін ихрам киген адамға тыйым салынған нәрселерден сақтанады.

Ихрамға кіре тұра тауафтың төртінші шаутынан бұрын жыныстық қатынасқа түскен адамның умрасы бұзылады.

2) Тәлбия, тәкбір, тахлил, салауат айтып жолын жалғастырады.

Тәкбір: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, уә лиллаһил хамд» деген сөз.

Тахлил: «Лә илаһа иллаллаһу уаһдәһу лә шәрика ләһ, ләһул мүлку уә ләһул хамду уә һу-уә алә кулли шәй-ин қадир» деген сөз.

3) Жеңін киместен иыққа плащ, костюм жабу, белге белдік, әмиян белбеуі, иығына сөмке асынудың зияны жоқ. Ихрам жамылғыларын ілмекпен қыстыру мәкрух. Үсті ашық тәпішке киюге болады.

4) Уақыт, мекен және жағдай өзгерген кездері тәлбия, тәкбір және тахлилды жалғастырады.

 

4) Меккеге келу

1) Меккеге жақындап, «Харам» аймағына кіргенде дұға етіледі. Мына дұғаны оқуға болады:

«Аллаһумма һәзә Харамука уә әмнука, фәхарримни аләннар, уә аминни азәбәкә йәума тәб’асу ибадәкә, уәж’ални мин әулияика уә әһли та-атика.»

Бұл дұғаның мағынасы мынадай:

«Ей, Аллаһым! Бұл жер Сенің харамың және сақ қылған аймағың. Мені тозақ отынан қорғай гөр. Құлдарыңды қайтадан тірілтетін (қиямет) күнінде азабыңнан сақ қыла гөр. Мені әулиелеріңнен және әһли таатыңнан қыла гөр.»

2) Меккеге күндіз Жәннат-ул-Муалла тарапынан кіру мүстаһаб, мүмкін болса, ғұсыл алып, мүмкін болмаса, дәрет алып кіру сүннет.

3) Орналасатын жерге түскеннен кейін ғұсыл алып, уақыт өткізбестен умра тауафын жасау үшін Харам мешітіне бару керек.

 

 

 

5) Умра тауафы

1) Рида атты үстіңгі ихрамның ортасын оң қолтық астына өткізіп, ұштары сол иыққа тасталады. Бұл изтиба деп аталады.

2) Мешітке «Баб-ус-салам»-нан күндіз кіру мүстаһаб.

3) Тәлбия Харам мешітінің есігінен кірерде тоқталады. Тауаф барысында тәлбия айтылмайды.

4) Қағба көрінген кезде үш рет тәкбір және таһлил айтылғаннан кейін дұға етіледі. Қағба алғаш көрінгенде жасалған дұға қабыл болады.

5) Умра тауафы:

«Аллаһумма инни уриду тауафа бәйтикәл-харами фәйәссирһу ли уә тақаббәлһу минни сәб-атә әшуатин тауафәл-умрати лиллаһи та'ала аззә уә жәллә», яғни «Аллаһым! Сенің разылығың үшін Бәйти Харамыңа жеті шаут умра тауафын жасамақшымын. Оны маған оңай қыла гөр және қабыл ет!» деп ниет етіп басталады.

Әйелдер еркектермен араласып жүрмейді, (адам азайған кезде) артқы жақта жүреді.

6) Тауафқа Рукн-и Йәмани тарапынан келіп, Хажәр-и әсуадтан немесе басталу сызығынан немесе оң жақтағы жасыл жарық пен Хажәр-и әсуад арасындағы шектеуден бастау және осы жерде бітіру сүннет. Бастарда бастау сызығынан бір-екі қадам бұрын, ал бітіргенде бір-екі қадам кейін бітіру дұрыс болады.

7) Қағбаны сол жақта ұстап айналу уәжіп. Хатимның сыртынан жүріп жасалады.

8) Бірінен соң бірі жеті рет айналу арқылы бір тауаф толық болады. Олардың төртеуі парыз, үшеуі уәжіп. Әр айналғанға бір шаут делінеді. Шауттарды артпа-арт жасау сүннет.

9) Ер кісілер Хажәр-и әсуадқа әр келгенінде қолымен және бетімен оны сипайды. Сипай алмаса, алыстан истилам жасайды. Қолдарын құлақ маңына дейін көтеріп «Бисмиллаһи Аллаһу әкбар» деп беттерін сипайды. Әйелдер кері тұрып истилам жасайды.

10) Тауафтан кейін са’й жасалады. Ол үшін тауафтың алғашқы үш шаутында ер кісілер изтиба жасайды, яғни оң иықтарын ашады. Қысқа қадамдармен жүгіріп, иықтарын сілкіп, маңғазданып жүреді. Бұл рәмәл деп аталады. Әйелдер изтиба және рәмәл жасамайды.

11) Тауаф жасағанда және са’й еткенде азан айтылса, бұларды тоқтатып, намаздан кейін толықтырады.

12) Тауаф кезінде тәкбір, таһлил жасалып, дұға етіледі.

13) Әр тауафтан кейін Мәсжид-и Харам ішінде екі рәкат тауаф намазын оқу уәжіп. Мақам-ы Ибраһимде оқыған абзал. Адамның көптігі себебінен бұл жерде оқи алмаса, Мәсжид-и Харамның кезкелген ыңғайлы жерінде оқиды. Керахат уақыты болса, намаз кейінге қалдырылады. Керахат болмаса, арасын үзбей оқыған абзал. Әр тауафтан кейін зәмзәм ішу мүстаһаб. Артынша дұға етіледі.

14) Изтиба күйінде, яғни оң иығы ашық күйде намаз оқу мәкрух. Намаз кезінде үстіңгі жамылғысы оң иықты жабатындай етіп қойылады. Тауаф намазында зәм сүре ретінде бірінші рәкатта «Кафирун», екіншісінде «Ихлас» сүрелерінің оқылғаны абзал.

15) Зәмзәм әдебіне сай ішіледі. Үстіне, басына құю жақсы болады. «Ей, Аллаһым! Сенен пайдалы білім, мол ризық және барлық ауруға шипа тілеймін» дұғасы және ниетімен түрегеп тұрып үш ретте Бисмиллаһпен Қағбаға қарап, қарны тырсылдағанға дейін ішіледі.

Пайғамбарымыз: «Зәмзәм қандай мақсатпен ішілетін болса, сол мақсат үшін болады (сол мақсаты орындалады)» деген. (Сондықтан, қиямет күні шөлдемеуге ниет ету қажет.)

Тауафсыз са’й сахих болмайды. Алдымен тауаф ету керек. Тауаф намазынан және зәмзәм ішкеннен кейін арасын үзбестен са’йды бастау сүннет.

 

 

 

Суретте: Сафа мен Мәруа арасы Са’й

 

 

6) Са’йды бастаудан бұрын

Са’йды бастаудан бұрын Хажәр-и әсуадты истилам ету сүннет.

1) Са’йды: «Аллаһумма инни уриду ән әс-а мә бәйнәс-Сафа уәл-Мәруәти сәб-атә әшуатин са’йәл-умрати лиллаһи та'ала аззә уә жәллә фәйәссирһу ли уә тақаббәлһу минни», яғни «Йа, Раббым! Сенің разылығың үшін Сафа мен Мәруа арасында умраның жеті шаут са’йын жасамақшымын. Оны маған оңай қыла гөр және қабыл ет» деп ниет етіліп, Сафа тауына шығады.

Екі таудың да ең жоғарғы жеріне дейін көтерілуге тырысқан жөн. Аяқтарды тастарға тигізген абзал.

2) Алдымен Сафадан бастау уәжіп.

3) Қағбаға қарай бұрылып, дұға етіледі.

4) Мәруа тауына қарай жүреді. Әр барып келгенге бір шаут делінеді. Шауттарды артпа-арт жасау сүннет.

5) Жасыл тіректердің арасында ер кісілер жылдам, маңғазданып және тез жүреді. Бұл ХӘРУӘЛӘ деп аталады, сүннет болып табылады.

Әйелдер хәруәлә жасамайды.

6) Мәруа тауында қағбаға бұрылып дұға етіледі.

7) Дәл осылай Сафадан Мәруаға төрт, Мәруадан Сафаға үш рет артпа-арт барып келеді. Бәрін қосқанда жеті болады.

Са’йды жүріп жасау уәжіп.

8) Са’й барысында тәкбір, таһлил айтылып, дұға етіледі. Са’й барысында азан айтылса, бұлар тоқтатылып, намаздан кейін аяқталады.

9) Са’йдан кейін шаштың ең аз дегенде төрттен бірі немесе толықтай қырқылады, яки қысқартылады. Қырыну уәжіп.

10) Осылайша умра аяқталады.

11) Са’й «Умра» үшін, және де қажылықта парыз болған «Тауаф-ы зиярат» үшін жасалады. Нәпіл са’й жасалмайды.

Умрада:

* Арафат және Муздәлифа уақфалары (тұрақтары),

* Шайтанға тас лақтыру,

* Құрбандық шалу,

* Қудум және уәда тауафтары жоқ.

 

7) Меккеде

Одан кейін ихрамнан шыққан болып саналады, ихрамсыз Меккеде қалады. Қалағанынша нәпіл тауаф жасайды. Нәпіл са’й жасалмайды. Зиярат етілетін жерлерге барады. Уақытты қаза намазын оқып, Құран кәрім оқып, зікір, тәкбір, таһлил, салауат, истиғфар айтып өткізу қажет. Мүмкіндік болған сайын қағбаға көз тойғанша қарап тамашалау керек. Хадис шәрифте айтылған:

«Мәсжид-и Харам ішіне жүз жиырма мейірім түседі. Оның алпысы тауаф етушіге, қырқы намаз оқығанға, жиырмасы қағбаны тамашалаған адамға беріледі.»

Меккеден кетуден бұрын қағба зиярат етіледі. Қағба есігінің кіреберісі сүйіледі. Кеуде мен оң бет Мүлтәзәмге, яғни қағбаның есігі мен Хажәр-и әсуад арасындағы жерге сүртіледі. Ешкімді қинамастан қағбаның пердесіне жармасып, көз жасын төгіп, кітаптың соңында көрсетілген осы жерде оқылатын дұға оқылады. Жылап мешіттің есігінен шығады. Мәдинаға Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) зиярат етуге ниет етіп, жолға шығады.

 

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Мәдина және Пайғамбарымызды зиярат ету

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Кімде-кім қайтыс болғанымнан кейін мені зиярат етсе, мені тірі кезімде зиярат еткендей болады.» «Мират-и Мәдина» кітабында хабар берілген хадис шәрифте: «Қабірімді зиярат еткен адамға шапағатым уәжіп болды» делінген. (Бұл хадис шәрифті Ибн Хузәйма, Бәззар, Дарақутни және Табарани хабар берген.) Имам Бәззар жеткізген басқа хадис шәрифте: «Қабірімді зиярат еткен кісіге шапағатым халал болды» делінген. «Сахих Мүслимде» және Әбу Бәкір бин Маккаридің «Мужәм» кітабында хабар берілген хадис шәрифте: «Кімде-кім мені зиярат ету үшін келсе және басқа ештеңеге ниеті болмаса, қиямет күні оған шапағат етуіме лайық болады» делінген. Бұл хадис шәриф Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) зиярат ету үшін Мәдинаға келушілерге шапағат ететіндігін хабар беруде.

Дарақутни хабар берген басқа хадис шәрифте:

«Қажылық жасап, мені зиярат етпеген адам мені ренжіткен болады» делінген. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) зиярат етілуді қалауы үмбетінің осы жолмен де сауап алуы үшін.

Сондықтан да фиқһ ғалымдарымыз қажылық міндетін атқарғаннан кейін Мәдинаға барып, Мәсжид-и шәрифте намаз оқитын.

Фиқһ ғалымдарымыз одан кейін «Рауда-и мутаһһара» мен «Минбәр-и мүнирді» және Арштан да абзал болған «Қабри шәрифті», кейін отырған, жүрген, сүйенген жерлерін, уахи келген кезде сүйенген тірегін және мешіт құрылғанда және жөндеу жұмыстары жасалғанда жұмыс істеген және ақша беру абыройын иеленген сахабалардың, табииндердің жүрген жерлерін зиярат етіп, көріп, берекеттенетін еді.

Олардан кейін келген ғалымдар мен салихтар да қажылықтан кейін Мәдинаға барып, фиқһ ғалымдарымыз сияқты жасайтын еді. Сол кездегідей қазір де қажылар осы үрдісті ұстанып, Мәдинада зияраттарға барады. Ислам ғалымдарының күні Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері: «Мүстаһабтардың ең үстемдерінен болған Қабри саадатты зиярат ету уәжіп дәрежесіне жақын ғибадат» деген.

Расулуллаһтың Қабри Шәрифін зиярат етуге барған адамның көп салауат айтуы керек. Оқылған бұл салауаттардың пайғамбарымызға жететіндігі хадис шәрифте хабар берілген.

 

 

 

Суретте: Мәсжид-и Нәбәуи және Бақи мазарының жоғарыдан көрінісі

 

1) Мәдина қаласына кіру

1) Дұға мен сәлем айтылады. Кейін:

«Аллаһумма хәзә хараму нәбийика, фәж-алһу уиқаятән ли минән-нар уә әманән минәл азаб уә суил хисаб» делінеді.

Мағынасы мынадай: «Ей, Аллаһым! Бұл жер пайғамбарыңның харамы. Оны маған тозақтан қорғану, азаптан және жаман есептен сақ болу арашысы қыла гөр!»

2) Мүмкін болса, қалаға немесе мешітке кіруден бұрын ғұсыл алынады.

3) Хош иістер (иіссу) себіледі.

4) Жаңа, таза киім киіледі. Өйткені, бұл нәрселер тағзым мен құрметті білдіреді.

5) Мәдинаға және Мәсжид-и Нәбиге қарапайым, салмақты және үнсіз күйде кіріледі.

 

2) Мәсжиди Нәбәуиге кіру

Хужрә-и саадатты зиярат етушілердің аса ояу болуы қажет. Көңілінде дүниелік ойлар болмауы керек. Аллаһу та'аланың сүйіктісі болған Мұхаммед алейһиссаламның мүбәрәк нұрын және дәрежесінің жоғарылығын ойлау қажет. Дүниелік істер және дүниелік тұрғыда үлкен адамдармен көрісіп, пайда көру және сауда-саттық ойларымен жасалған дұғаларды Аллаһу та'ала қабыл етпейді, тілектері орындалмайды.

 

 

 

Суретте: Хазреті Пайғамбарымыздың михрабы

 

Хазреті Пайғамбарымыздың минбері

 

 

3) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қабірін зиярат ету әдебі

Бұған сенбейтіндердің діннен шығу қаупі бар. Өйткені, олар Аллаһу та'алаға, Расулына және бүкіл мұсылмандарға қарсы шыққан болады.

«Бисмиллаһи уә алә милләти Расулиллаһ» дегеннен кейін «Исра» сүресінің 80-аятын оқу керек. Оның артынша «Аллаһумма салли алә Мухаммадин уә алә әли Мухаммад. Уағфир ли зунуби уәфтах ли әбуаба рахматика уә фадлика» деп Баб-ы саламнан немесе Баб-ы Жибрилден Мәсжид-и Нәбәуиге кіру керек.

1) Расулуллаһтың минберінің қасында екі рәкат «тахиятул мәсжид намазы» оқылады, минбердің тірегі оң иығына келетіндей түрде тұру керек. Сүйікті пайғамбарымыз осы жерде намаз оқитын еді. Бұл жер пайғамбарымыздың қабри шәрифі мен минбері арасы.

Хадис шәрифте: «Қабірім мен минберім арасы жәннат бақшаларынан бір бақша. Минберім хаузым үстінде» делінген.

2) Расулуллаһтың мүбәрәк қабірін зиярат етуді нәсіп еткені үшін Аллаһу та'алаға сәжде жасап, дұға ету керек.

3) Пайғамбарымыздың қабри шәрифіне, хужрә-и саадатқа келіп, құбылаға артымен бұрылып, Расулуллаһтың мүбәрәк жүзіне қарап екі метрдей қашықтықта әдеппен тұру керек. Одан артық жақындауға болмайды.

4) Ықыласпен тұру керек. Аллаһу та'аланың Құран кәрімде әмір еткеніндей күйде, Расулуллаһты тірі болғанындай, үстем құзырында тұрғандай әдеппен тұру керек. Көңіл тыныштығы мен салмақтылықты сақтау керек.

5) Қолды қабри шәрифтің қабырғасына қоймай, алыста әдеппен және құрметпен тұру орындырақ. Намазда тұрғандай тұрған жөн.

6) Расулуллаһтың мүбәрәк кейіпін қиялға келтіріп, танитындығын, сөзін, сәлемін және дұғаларын естігендігін ойлау және жауап бергендігін, әмин дегендігін ойлау керек.

Расында Расулуллаһ: «Кімде-кім маған қабірімде салауат оқыса, оны естимін» деген.

Тағы хадис шәрифте Расулуллаһтың қабри шәрифінде бір періште уәкіл ретінде қойылып, үмбетінен сәлем бергендердің сәлемін жеткізетіндігі хабар берілген.

7) Кейін:

«Ассаламу алейкә йа сәйиди йа Расулаллаһ!

Ассаламу алейкә йа Нәбийяллаһ!

Ассаламу алейкә йа Сафийяллаһ!

Ассаламу алекә йа Хабибаллаһ!

Ассаламу алейкә йа Нәбияррахмати!

Ассаламу алейкә йа Шәфи-ал-уммәти!

Ассаламу алейкә йа Хатәмәннәбийин!»

Аллаһу та'ала сізге ең жоғарғы марапаттарын берсін. Мен куәлік етемін, яқин (өлім) сізге келгенге дейін сіз пайғамбарлық міндетіңізді атқардыңыз. Аманатты орындадыңыз. Үмбетіңізге насихат еттіңіз. Аллаһу та'ала сізге қиямет күніне дейін дұға мен сәлем етсін!

Йа, Расулаллаһ! Біз сізге өте алыс жерлерден келдік. Сіздің қабри шәрифіңізді зиярат ету, сіздің ақыңызды өтеу, сіздің жасағандарыңызды орынды көру, сізді зиярат етіп берекеттену, сіздің Аллаһу та'ала алдында бізге шапағатшы болуыңызды сұрау үшін келдік. Өйткені, қателіктеріміз белімізді бүкті. Күнәларымыз иықтарымызға ауыр басты. Йа, Расулаллаһ! Сіз әрі шапағат етуші, әрі шапағаты қабыл болатынсыз. Мақам-ы Махмуд сізге уәде етілген. Әрі Аллаһу та'ала Құран кәрімде («Ниса» сүресінің 64-аятында):

«Біз барлық пайғамбарды тек Аллаһу (та'ала)-ның әмірімен (жіберілген қауымы тарапынан) оған бағыну үшін жібердік. Олар нәпістеріне зұлымдық жасағаннан кейін келеді, Аллаһу та'аладан кешірім сұрайды, Расулым да олар үшін истиғфар етсе, Аллаһу та'аланы әлбетте тәубелерді қабыл етуші және мейірім танытушы ретінде көреді» деген. Біз сіздің алдыңызға келдік. Бірақ, біз нәпістерімізге зұлымдық еттік. Күнәларымыздың Аллаһу та'ала алдында кешірілуін тілейміз. Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та'аланың алдында бізге шапағат ете гөріңіз!

Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та'аладан біздің рухымызды сүннетіңізге сай алуын, ертең қиямет күні сізбен бірге махшар жеріне келгендер арасына қосуын, сіздің хауызыңызға келіп, ол жерде сіздің хауызыңыздан ішуді нәсіп етуін тілей гөріңіз! Йа, Расулаллаһ! Сіздің шапағатыңызды сұраймыз» деп дұға ету керек және:

«... Ей, Раббымыз! Бізді және иманымен бізден бұрын өткен бауырларымызды кешіре гөр! Иман келтіргендерге жүрегімізде ешқандай өшпенділік қалдырма! Ей, Раббымыз! Міндетті түрде сен мейірім мен қамқорлық иесісің!» деген «Хашр» сүресінің 10-аятын оқу керек.

Салауат:

Аллаһумма салли уә сәллим кә барик уәрхам алә сәйидина Мухаммадин һу-уә сәйидул Араби уәл-ажәм. Уә имами Меккетәл Мукаррамати уәл-Мәдинатил-Мунаууарати уәл-харам.

Алләмәл-инсанә мә ләм йә'ләм. Аслуһу нурун уә нәслуһу Адем. Ба'суһу муаһһарун уә халқуһу муқаддәм.исмиһуш-шәрифу мәктубун аләл-Ләухил-махфузи би-йақутил Қаләм. Уә жисмиһус-шәрифу мәдфунун фил-Мәдинатил-мунаууарати уәл-Харам. Йа ләйтә әктәхилу турабәлләзи тахтәл-қадәм. Фә-тубә суммә туба ли-мән дәа уә тәбиаһу уә ли-мән әсләмә Сахибәш-шафаати лил-алемин. Қаилән йа Рабби! Сәллим уммәти, уммәти уә уммәта йа зәл-лутфи уәл-кәрәм.

Фә-йунадил-мунади мин қибәлир-Рахман:

Қабилту шафаатәкә йа Нәбийил-мухтарам. Удхулул-Жәнната лә хауфун алейкум уә лә хузнун уә лә әләм.

Суммә радиаллаһу та'ала ан Әби Бәкрин уә Умара уә Усманә уә Алийин зил-кәрәм. Уә саллаллаһу алә сәйидина Мухаммадин уәл-хамду ләкә йа Раббәл-аләмин. Уә би-хурмати Сәйидил-мурсәлин.

8) Кейін сәлем жолдағандардың сәлемін айтып:

«Ассаламу алейка йа Расулаллаһ! Пәлен кісі сіздің Аллаһу та'аланың алдында оған шапағатшы болуыңызды сұрайды. Оған және бүкіл мұсылмандарға шапағат ете гөріңіз!» деп, қалағанынша салауат оқу керек.

 

4) Әбу Бәкір Сыддықтың (радиаллаһу анһ) қабірін зиярат ету

Кейін жарты метр оңға қарай Әбу Бәкір Сыддықтың (радиаллаһу анһ) мүбәрәк басының тұсына келіп:

«Ассаламу алейка йа халифәтә Расулиллаһ!

Ассаламу алейка йа рафиқаһу фил-әсфар!

Ассаламу алейка йа әминаһу аләл-әсрар!

Аллаһу та'ала бұл үмбеттің имамы ретінде сізге ең үлкен марапаттар нәсіп етсін! Сіз Расулуллаһқа ең жақсы түрде халифа болдыңыз. Ең жақсы түрде Оның ұлы сүннетін ұстандыңыз. Мүртәдтермен (діннен шыққандармен) және дұрыс жолдан айрылғандармен соғыстыңыз. Әрдайым хақты сөйледіңіз. Қайтыс болғанға дейін хақ жолдағыларға көмекші болдыңыз. Аллаһу та'аланың сәлемі, мейірімі, берекеті сізге жаусын! Аллаһым! Мейіріміңмен оны жақсы көрген күйімізде рухымызды ала гөр. Оны зиярат еткенімізді босқа шығарма!» деп дұға ету керек.

 

5) Омар-ул-Фаруқтың (радиаллаһу анһ) қабірін зиярат ету

Хазреті Әбу Бәкірді зиярат етіп болғаннан кейін тағы жарты метр оңға, Омар-ул-Фаруқтың (радиаллаһу анһ) қабірінің тұсына келіп:

«Ассаламу алейка йа Әмирәл мүминин!

Ассаламу алейка йа Музхирал Ислам!

Ассаламу алейка йа Муксирәл әснам!»

Аллаһу та'ала сізге ең жоғарғы марапатын берсін! Тірі кезіңізде де, қайтыс болғаннан кейін де Исламға және мұсылмандарға көмектестіңіз. Жетімдерге кепіл болдыңыз. Туыстарға жақсылық жасадыңыз. Мұсылмандарға олар разы болған, әрі хидаятты ұстанатын, әрі адамдарды тура жолға түсіретін жетекші болдыңыз. Олардың амалдарын жинақтадыңыз. Кедейлерді бай қылдыңыз, ауруларын жаздыңыз. Аллаһу та'аланың сәлемі, мейірімі және берекеті сізге жаусын!» деу керек.

 

6) Хазреті Әбу Бәкірге және хазреті Омарға бірге оқылатын сәлем

Одан кейін хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарға (радиаллаһу анһума) қарата:

«Ассаламу алейкума йа дажи-ай расулиллаһ уә рафиқайһи уә уәзирайһи уә муширайһи уәл муауинайһи ләһу аләл-қиями фид-дини уәл-қаимәйни бәдәһу би-мәсалиһил-муслимин!»

Аллаһу та'ала сіздерге ең жақсы марапатын берсін. Расулуллаһтың бізге шапағат етуін Аллаһу та'аладан, біздің са’йымызды қабыл етуін, бізді Ислам дінін ұстанған күйде өлтіріп, Ислам дінін ұстанған күйде тірілтуін, қиямет күні Расулуллаһқа жақын болғандар арасында тірілтуін тілеуі үшін сіздерді Расулуллаһтың алдында арашы етеміз» деу керек.

Кейін өзіне, ата-анасына, дұға сұрағандарға және барша мұсылмандарға дұға ету керек. Одан кейін Расулуллаһтың мүбәрәк жүзіне қарама-қарсы тұрып: Ей, Аллаһым! «Біз барлық пайғамбарды тек қана Аллаһу та'аланың әмірімен (жіберілген қауымы тарапынан) Оған бағынуы үшін жібердік. Олар нәпістеріне зұлымдық жасағаннан кейін келеді, Аллаһу та'аладан кешірім сұрайды, Расул(ым) да олар үшін истиғфар етсе, Аллаһу та'аланы әлбетте тәубелерді қабыл етуші және мейірім танытушы ретінде көреді» дейсің. (Ниса сүресі, 64) «Ей, Раббымыз! Бізді және иманмен бізден бұрын кеткен бауырларымызды кешіре гөр! Иман келтіргендерге қарсы жүрегімізде өшпенділік қалдырма! Ей, Раббымыз! Міндетті түрде Сен өте мейірімді және қамқорсың!» деген «Хашр» сүресінің 10-аяты мен «Раббанағфир ләна уә ли-аба-ина уә ли-уммаһатина уә ли-ихуаниналләзина сәбәкуна бил-имани», «Раббана әтина...» және «Субхана раббика...» дұға және аяттарын оқып, Хужрә-и саадат зияратын аяқтау керек.

Кейін Расулуллаһтың қабірі мен минбері арасындағы және Әбу Лубабә хазреттері өзін байлап тәубе еткен тірекке жақындап, осында екі рәкат намаз оқып, Аллаһу та'алаға тәубе және истиғфар айту керек. Қалаған дұғаларын оқуға болады.

Кейін Рауда-и мутаххараға бару керек. Бұл жер жоғарыда сипатталған шаршы күйіндегі орын. Бұл жерде қалағанынша намаз оқып, дұға етіп, тәсбихтар айтылады, Аллаһу та'алаға мақтаулар айту керек.

Кейін минберге барып, Расулуллаһтың берекетінің өзіне тиюі ниетімен пайғамбарымыздың хұтба оқығанда мүбәрәк қолын қойған жерге қол қою керек. Ол жерде екі рәкат намаз оқып, Аллаһу та'аладан қалағанын сұрап, Аллаһу та'аланың ашуынан мейіріміне сыйыну керек.

Кейін Ханнана тірегіне бару керек. Бұл тірек Расулуллаһтың хұтба оқу үшін оны тастап, минберге өткені үшін жылаған, кейіннен Расулуллаһ түсіп, құшақтағаннан кейін тоқтаған тірек. Сүйікті пайғамбарымыз тарапынан сол жерге жерленген. Ол жерде қалған уақыт бойы түндерін Құран кәрім оқумен, Аллаһу та'аланы зікір етумен, минбер мен қабірдің қасында жасырын және ашық түрде дұға етумен және рабыта жасаумен айналысу керек.

Малики ғалымдарының бірнешеуі «Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) зиярат ету уәжіп» дегенімен, мүстаһаб екендігі бірауыздан айтылған.

 

 

 

 

7) Бақи мазарын зиярат ету

Расулуллаһты зиярат еткеннен кейін «Бақи мазарына» бару, ол жақты да зиярат ету мүстаһаб. Кейін басқа қабірлерді, әсіресе Сәйид-уш-Шуһада (шәһидтердің мырзасы) хазреті Хамзаның (радиаллаһу анһ) қабірін зиярат ету керек. Тағы Жәннәтул Бақида пайғамбарымыздың көкесі хазреті Аббасты (радиаллаһу анһ), сол жақта жатқан пайғамбарымыздың немересі Хасан бин Әлиді (радиаллаһу анһ), Он екі Имамнан Имам Зәйнәлабидинді, баласы Имам Мұхаммед Бақыр, оның баласы Имам Жафәр Садық (рахметуллаһи алейһим), Әмир-ул-мүминин хазреті Османды (радиаллаһу анһ), Расулуллаһтың баласы Ибраһимді (радиаллаһу анһ), Расулуллаһтың осы жерде жатқан пәк жұбайларын, апасы Сафияны (радиаллаһу анһа) және тағы көптеген сахабалар мен табииндерден болған ұлыларды (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) зиярат ету керек.

Бақидағы Фатима мешітінде намаз оқу керек. Бейсенбі күні Ухуд шәһидтерін зиярат ету мүстаһаб. Ол жақта «Саламун алейкум бима сабартум. Фә-ни’мә уқбәд-дар, Саламун алейкум йа әһлә дарил қаумил мүминин уә инна иншааллаһу ан қарибин бикум лахиқун» деу керек.

 

8) Ухуд шәһидтерін зиярат ету

Бейсенбі күні Ухуд шәһидтерін зиярат ету мүстаһаб. Ол жақта: «Саламун алейкум бима сабартум. Фә-ни’мә уқбәд-дар, Саламун алейкум йа әһлә дарил қаумил мүминин уә инна иншааллаһу ан қарибин бикум лахиқун» деу керек. Артынша «Аят-ул-курси» және «Ихлас» сүресін оқу қажет.