7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажылық / Умра жасаған адамға қажылық парыз болмайды

Умра жасаған адамға қажылық парыз болмайды

Сұрақ: Кейбір молдалар умра жасаған адамға қажылық жасау да парыз болады деп жатады. Қажылық мезгілінен басқа уақытта умра жасаған кедей адамға қажылық парыз болады ма?

Жауап: Ешбір кітапта «Умра жасаған адамға қажылық парыз болады» деп жазылмаған. Умра жасаған адамға қажылық парыз болмайды. (Рәддул мухтар)

Кейбір адамдар білмейтін жайт мынау: Ибн Абидин хазреттері Уқуд-уд-дурийа кітабында «Қажылық жасамаған кедейдің басқа біреудің орнына қажылыққа баруы жаиз (рұқсат) болса да, Хиллге кіргенде өзіне де қажылық жасауы парыз болады» деген. Бұл сөз қажылық мезгілінен басқа уақытта умра жасаған адамға қажылықтың парыз болатынын көрсетпейді.

Бай адамның өмірінде бір рет қажылық жасауы парыз. Кедей болған адам бір қызметпен немесе жұмыс бабымен, яки басқа қандай да бір себеппен Меккеге барған жағдайда, қажылық мезгілі болса, оған қажылық парыз болады. Қажылық мезгілі болмаса, қажылық парыз болмайды.