9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Әркім өз амалына қарай тіріледі

Әркім өз амалына қарай тіріледі

Сұрақ: Қияметте адамдар тірілетін кезде жақсы-жаман адамдар бәрі аралас болады ма, әлде жақсылар бөлек болады ма?

Жауап: Құран кәрімде «Бәрің бөлек-бөлек келесіңдер» делінген. (Нәбә 18)

Пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұл аяти кариманың мағынасы сұралған кезде Ол кеңінен түсіндіріп берген. Адамдардың жасаған амалдарына қарай әртүрлі кейіпте тірілетіндігі хабар берілген. Хадис шәрифтің соңында былай делінеді:

«Маймыл кейіпінде болғандар – сөз тасығандар. Шошқа кейіпіндегілер – харам жегендер. Басынан сүйрелгендер – пайыз жегендер. Соқырлар – үкім шығарғанда әділетсіздік жасағандар. Тілсіз және керең болғандар – өз амалдарын ұнатқандар. Тілдері кеудесінде салбырап тұрғандар – істері сөздеріне сай болмаған ғалымдар. Аяқ-қолдары кесілгендер – көршілерін ренжіткендер. Сасық болып келгендер – ішкілікке салынған, зина жасаған және зекет бермеген адамдар. Шайырдан киім кигендер – адамдардың алдында тәкәппарланғандар. Аллаһу та'ала бәрінен сақтасын!» (Тибян)

Тағы басқа кейіптерде есеп беретін жерге баратындығы хабар берілген. Бұл жерде жазылғандар күнә істеп, тәубе етпестен өлгендерге қатысты. Тәубеге келгендер немесе сауаптары күнәларынан көбірек болған адамдар ондай кейіпте тірілмейді.

Ақылды адам ешқандай күнәні кіші деп көрмей, бәрінен сақтануы керек.

 

Сұрақ: Махшар күні сыраттан оңай өте алу үшін қандай жол ұстанған жөн?

Жауап: Бұл туралы Сүлейман бин Жәза хазреттері «Әйюһәл Уәләд» кітабында былай дейді:

«Түннің ең қараңғы кезінде, яғни сәре уақытында ғибадат жаса, сонда ертең сыраттан өткенде жан-жағың жарық болады.»

Ғибадаттардың ең құндысы ғылымхал кітабын оқу, үйрену және үйрету.