8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Дүние жұмыстары ғибадаттарға тосқауыл болмауы керек

Дүние жұмыстары ғибадаттарға тосқауыл болмауы керек

Сұрақ: Жұмыс себебімен намазды және басқа да ғибадаттарды уақытылы орындай алмау, кешіктіру, кейінге қалдыру діни тұрғыда дұрыс па?

Жауап: Бұл туралы «Кимя-и саадат» кітабында былай жазылған:

«Дүние жұмыстары ахиреттік дайындыққа бөгет болмауы керек. Ахирет үшін сауап жинайтын жерлер – мешіттер. «Мунафиқун» сүресінің 9-шы аяти каримасында:

«Мал-мүліктерің және бала-шағаларың Аллаһу та'аланы еске алуға бөгет болмасын!» делінген. Хазреті Омар айтқан:

«Ей, саудагерлер! Әуелі ахиреттік ризықтарыңды табыңдар! Одан кейін дүниенің ризығы үшін жұмыс істеңдер!» Саудамен айналысқан дін ғұламалары күнде таңертең және кешке ахирет үшін ғибадат жасап, Құран кәрім оқитын, дәріс тыңдайтын, тәубе және дұға ететін, білім алып, жастарға үйрететін еді. Адамдардың амалдарын жазып тұратын екі періште күнде таңертең және кешке ауысып тұрады. Яғни күндізгі екі періште кешке кетіп, орнына түнгі екі періште келеді. Осылай ауысып тұрады. Бір хадис шәрифте:

«Періштелер адамдардың амал дәптерлерін көрген кезде басында және соңында жақсы амал жазулы болса, күннің ортасында жасалғандарын кешіреді» делінген. Басқа хадис шәрифте:

«Күндізгі және түнгі періштелер таңертең және кешке ауысқан кезде бір-бірімен кездеседі. Аллаһу та'ала кететін періштелерден "Құлдарым кеткен кездеріңде не істеп жатқан еді?" деп сұрайды. Періштелер "Намаз оқып жатқан еді" дейді. Аллаһу та'ала "Куә болыңдар, оларды кешірдім" дейді.»

Мұсылман саудагерлер, кәсіп иелері күндіз де азан дауысын естігенде дереу жұмысын тастап, мешітке баруы керек. Дінін ықыласпен ұстанған имам тапса, соған ұюы керек. Дінін дүниелікке ауыстырған, ақша үшін жаназа, Құран оқитын, ғибадатқа харам, бидғат араластырған, мұсылмандықтан хабары жоқ имам мен уағызшылардың дауысына алданбай, сөзіне сенбей, олардан аулақ болу керек. Дін ғұламалары:

«Сауда-саттықтары Аллаһу та'аланы ұмытуға себеп болмайды» деген аяти кариманың мағынасын түсіндіргенде былай деген:

«Теміршілер бар еді, темірді соғып жатқанда азан айтылса, балғасын көтерген болса да, темірді соқпай, тастап, намазға жүгіретін еді. Және тігіншілер бар еді, инені матаға батырғанда азан айтылса, сол күйде тастап, жамағатқа жүгіретін еді.»