10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Өтірік айту үлкен күнә

Өтірік айту үлкен күнә

Әбул Мәхасин Ибнул Жәузи хазреті – Ханбали мазһабының фиқһ ғалымы. Үлкен ғұлама Әбул Фәрәж Ибнул Жәузидің ұлы болып, 580 (м.1185) жылы Бағдатта туылды. Әкесінен және сол жердегі үлкен ғұламалардан қыраат, тәфсир, хадис, фиқһ ғылымдарының дәрістерін алды. «Мустансырия» медресесінде Ханбали мазһабының білім оқытушысы қызметін атқарды. 656 (м.1258) жылы қайтыс болды. Бір дәрісінде былай деген:

Өтірік айту харам, өте үлкен күнә. Өліп қалмау үшін ашаршылықта өлексе жеу рұқсат болғанындай, өлімнен құтылу үшін де өтірік айтуға рұқсат. Өтірік айтуға рұқсат берілген жайттардың кейбірлері төмендегілер:

Соғыста: Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) тынығып отырғанында кенеттен дұшпандардың бірі алдына қылышпен шығып: «Енді сені менің қолымнан кім құтқара алады?» деді. Хазреті Әли саусағымен дұшпанның артын көрсетіп, «Мейлі, қақтығысайық, бірақ екі адам боп жабыласыңдар ма?» деді. Дұшпан артымда кім бар екен деп артына қараған кезде хазреті Әли оның қылышын қағып түсіріп, дұшпанды зиянсыз қалыпқа келтірді. Дұшпан өзінің айламен аңдаусызда шабуылдағанына қарамастан «Маған айла жасыдың ба?» деді. Хазреті Әли оған «Бірақ сен де мені аңдаусызда ұстамақшы болдың ғой» деді де, «Соғыс – айла мекені» деген хадис шәрифті айтты.

Екі мұсылманды татуластыру үшін: Үш күннен артық араздасып жүру күнә. Араздасқан екі мұсылманды татуластыру үшін екеуінің арасын жарастыратын өтірік айтуға рұқсат.

Екі мұсылманның араздасуының алдын алу үшін: Араздасып, аралары бұзылайын деп тұрған екі мұсылманның араздасуының алдын алу үшін өтірік айтуға болады. Жақсыға себепші болған өтірік фитнаны оятатын шындықтан қайырлы.

Жұбайымен тату-тәтті болу үшін: Ерлі-зайыптылар тату болып, ара-қатынастары бұзылмау үшін өтірік айтуына болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

Ибн Әркам сахаба хазреті Омарға (радиаллаһу анһума) «Жұбайым мені жақсы көрмейді. Сүймейтінін бетіме айтты. Ондай адаммен бірге тұрғым келмейді» деді. Хазреті Омар әйелден «Неліктен күйеуіңе ондай нәрсені бетіне айттың?» деп сұрады. Әйел «Өтірік айтпау үшін. Әлде бұл жерде өтірік айтуға рұқсат бар ма?» деді. Хазреті Омар «Әлбетте бұл жерде өтірік айтуға рұқсат бар. Әйел күйеуін жақсы көрмесе де, оны ренжітпеу үшін өтірік айтса, күнә болмайды» деді.

Залымнан мұсылманның тығылған жерін жасыру үшін...

Мұсылманның мал-мүлкін залымнан қорғау үшін...

Мұсылманды разы қылу үшін...

Мұсылманның күнәсін, сырын және кемшілігін жасыру үшін...

Кедейге сый-сияпат көрсету үшін...

Өзінікі дұрыс бола тұра алдындағы адамға «Сенікі дұрыс» деп айту...