Тиләует сәждесіСұрақ: Сәжде аяттары қай сүрелердің ішінде? Жауап: Төмендегі сүрелердің ішінде. Қай аят екендігі қасында жазылған: Араф 206 Рад 15 Нахл 49 Исра 107 Мәриәм 58 Хаж 18 Фурқан 60 Нәмл 25 Сәжде 15 Сад 24 Фуссиләт 37 Нәжм 62 Иншиқақ 21 Алақ 19
Сұрақ: Тиләует сәждесі деген не, қай кезде және қалай жасалады? Жауап: Түсінікті болу үшін бөлімдер күйінде жазамыз: 1) Тиләует – Құран оқу деген сөз. Сәжде аяты оқылған кезде жасалатын сәждені «Тиләует сәждесі» деп атайды. 2) Намаз оқуы парыз болған адам Құран кәрімдегі 14 жердегі сәжде аятының бірін оқыса немесе естісе, мағынасын түсінбесе де бір сәжде жасауы уәжіп (міндетті). 3) Тиләует сәждесін жасау үшін ниет етіледі. Ниет ету шарт. Ниетсіз сахих болмайды. Дәретті болып, құбылаға бұрылып тұрып, қолды құлаққа көтерместен «Аллаһу әкбар» деп сәждеге жығылады. Сәждеде үш рет «Субхана раббиәл аълә» дейді. Кейін «Аллаһу әкбар» деп тұрады. Осылайша тиләует сәждесі жасалған болады. 4) Сәжде аятын естіген жүніп (ғұсылсыз) немесе дәретсіз адам тазаланғаннан кейін тиләует сәждесін жасайды. Бірақ хайыз (етеккір) немесе нифас (босанғаннан кейін келетін қан) жағдайындағы әйелдің тазаланғаннан кейін тиләует сәждесін жасауы қажет емес. 5) Бір отырғанда бір сәжде аятын бірнеше рет оқыған және естіген адам бәріне бір ғана сәжде жасайды. 6) Бір отырғанда қанша сәжде аятын оқыған болса, сонша тиләует сәждесін жасау керек. Мысалы үш сәжде аяты оқылса, үш сәжде қажет. 7) Намаз оқып жатқанда сырттан біреу оқыған сәжде аятын естіген адам намаздан кейін тиләует сәждесін жасайды. 8) Намаз үстінде оқығанда дереу бөлек руку немесе бір сәжде жасап тұрады. Кейін оқуын жалғастырады. Сәжде аятын оқығаннан екі-үш аят кейін намаздың рукуына иілсе және тиләует сәждесіне ниет етсе, намаздың руку мен сәжделері тиләует сәждесі орнына өтеді. 9) Тиләует сәждесінің қазасы асығыс емес, яғни кешіктіру күнә болмайды. Бірақ себепсіз, зәруліксіз кейінге қалдыру тәнзиһән мәкрух. 10) Сәжде аятын мубах уақытта оқып, намаз оқу мәкрух болған үш уақытта тиләует сәждесін жасау жаиз емес (рұқсат емес). Сәжде аяты мәкрух уақытта оқылса, бұл уақытта сәжде жасау жаиз деген ғалымдар бар болғанындай, мәкрух деген ғалымдар да бар. Мәкрух болмаған уақытқа қалдырылатын болса, барлық ғалымдардың үкіміне сай амал еткен болады. (Хиндия) 11) Құран кәрім оқылған жерде отырған болса да естімеген адам сәжде жасамайды. 12) Сәжде аятын жазған және буындап оқыған адам сәжде жасамайды. 13) Бірнеше кісінің әрқайсысы сәжде аятының бір-бір сөзінен оқыса, мұны естігендерге тиләует сәждесін жасау қажет емес. Өйткені сәжде аятын бір адам оқыған кезде ғана мұны естігендердің сәжде жасауы уәжіп болады. Әртүрлі адамдар оқыған сөздер жинақталып, бір адам бүкіл аятты оқығандай үкімде бола алмайды. Өйткені Құран кәрім оқуға ешкім біреудің орнына өкіл бола алмайды. (Дуррул мухтар) 14) Сәжде аятының аудармасын оқыған немесе естіген адам мұның сәжде аяты екендігін аңғарса, сәжде жасайды. 15) Не істегенін өзі түсінетін жаста болған жас баланың оқуымен естігендердің сәжде етуі қажет болады. Одан кіші жаста болса, қажет емес. 16) Оқта-текте жынды болатын адам жынды болғанында сәжде аятын оқыса, сәжде қажет емес. Есі дұрыс кезінде оқыса, онда сәжде жасау қажет. 17) Таудан, шөлден және басқа жерден жаңғырып келген дауысты естіген және тотықұстан немесе басқа құстан естіген адам сәжде жасамайды. Адамның жанды дауысы болуы керек. (Дуррул мүнтәқа) 18) Радиодан естілген дыбыс – қаридың дауысына ұқсайтын жансыз құрылғының дыбысы. Сондықтан аудио құрылғыда (магнитофон, радио, теледидар және осы секілді құрылғылар арқылы) оқылған сәжде аятын естіген адам тиләует сәждесін жасамайды. (Мәзаһиби әрбәа) Алмалылы Хамди Языр «Араф» сүресінің 204-ші аятының тәфсирінде былай дейді: «Қыраат – ақылды және сөйлей алатын адамның аузынан шыққан ұғынуға және түсіндіруге бағытталған мақсатпен дауыстап оқу деген сөз. Ақылды болмаған және жансыз заттардан шыққан дыбыстар қыраат саналмағанындай, жаңғырып келген дауыс та қыраат болып саналмайды. Сондықтан фиқһ ғұламалары қырааттың жаңғыруынан пайда болған жаңғырыққа қыраат және тиләует үкімі берілмейтіндігін, мысалы тиләует сәждесі қажет болмайтындығын мәлімдеген. Қандай да бір кітапты дауыссыз оқуға қыраат деп айтылмағанындай, бір құрылғыдан шыққан, жаңғырып келген дыбысты тыңдау да қыраат емес, зыңылды тыңдау болып саналады. Құран оқыған адамның дауысын жаңғыртып (зыңылдатып) шығаратын микрофоннан (аудио құрылғыдан) немесе радиодан шыққан дауысты да қыраат деп атамайды. Осыған ұқсас дауыстар қыраат емес, қырааттың жаңғырығы, оларды тыңдау және үндемеу бұйрығының үкімі оларға жүрмейді». (2361 бет) 19) Кәпірдің оқығанын естіген мұсылмандардың сәжде етуі уәжіп болады. 20) Имам Нәсәфи «Кафи» кітабында былай жазған: «Қиыншылықтан құтылу үшін Аллаһу та'алаға шын жүрегімен жалбарынып, 14 сәжде аятын (жаттанды түрде, түрегеп тұрып) оқып, әрқайсысынан кейін дереу сәжде еткен адамды Аллаһу та'ала сол дерт пен бәле-жаладан қорғайды». (Дуррул мухтар, Нурул изаһ) Соңғы сәждеден тұрғаннан соң түрегеп тұрып қол жайып, өзінің және барша мұсылмандардың дүниесі мен дініне келетін бәле-жаладан, қиыншылықтан сақтауы, қорғауы үшін дұға ету керек. 21) Сәжде аяты үш мәкрух уақытта оқылса, тиләует сәждесін сол уақыттарда жасау бір қаулы бойынша жаиз (рұқсат) болғанымен, мәкрух болмаған уақытқа қалдыру абзал болады. (Дүрәр, Тахтауи)
Сұрақ: Жалғыз намаз оқып жатқанда зәм сүре ретінде сәжде аятын оқыған адам дереу рукуға иілсе, тиләует сәждесін жасаған бола ма? Жауап: Егер намаз ішінде сәжде аятын оқыса, дереу бөлек руку мен бір сәжде жасап, қайта тұрады. Келген жерінен жалғастыра береді. Сәжде аятынан кейін екі-үш аят оқып рукуға иілсе және тиләует сәждесіне ниет етсе, намаздың рукуы немесе сәжделері тиләует сәждесінің орнына өтеді. Бірақ сәжде аятынан кейін үш аяттан артық оқыған болса, намаздың рукуы мен сәжделері тиләует сәждесінің орнына өтпейді. Бұл жағдайда, намаз ішінде тиләует сәждесі үшін бөлек сәжде жасау қажет. Намазын жалғыз оқыған адам тиләует сәждесін намаз ішінде орындай алмаса, оқып болғаннан кейін бөлек орындайды. Намаз ішінде сәжде аятын оқыған адам қаласа оқылған аяттар санына қарамастан дереу Аллаһу әкбәр деп тиләует сәждесін орындайды. Тиләует сәждесін орындау ниетінде рукуға иілсе де жеткілікті. Рукудан көтеріліп, тағы бірнеше аят оқып, намаздың руку мен сәжделерін орындап, намазын жалғастырады. Егер бір сүрені бітірген болса, басқа сүреден бірнеше аят оқиды, өйткені тиләует сәждесінен кейін бірнеше аят оқымастан намаздың руку мен сәжделерін орындау мәкруһ болады.
Сұрақ: Теледидардан оқылып жатқан Құран кәрімді тыңдап, мусхафтан қарап отырған адам сәжде аяттарын естіген кезде тиләует сәждесін орындау керек пе? Жауап: Қажет емес. Бірақ Құран кәрімді дауыстап оқығанды тыңдап, қайталап отырса, тиләует сәждесін орындау керек. Теледидардан, радиодан, үнтаспадан естігенде тиләует сәждесін орындау қажет емес. (М.Әрбәа).
Сұрақ: Орындалмаған тиләует сәжделердің қазасы қалай өтеледі? Жауап: «Оқыған алғашқы сәжде аятымның тиләует сәждесіне» деп ниет етіледі.
Сұрақ: Бір кітапта тиләует сәждесінің жетеуі парыз, үшеуі уәжіп, төртеуі сүннет деп жазылған. Мұндай бір риуаят бар ма? Жауап: Бар.
Сұрақ: Тиләует сәждесінен кейін қайтадан Құран оқи бастағанда «Әузу» айту керек пе? Жауап: Қажет емес.
Сұрақ: Бір парақта жазылған 14 сәжде аятын оқығанда бір тиләует сәждесін жасау жеткілікті ме? Жауап: Әр сәжде аятына бөлек-бөлек сәжде жасау керек. Яғни 14 сәжде жасау қажет.
Сұрақ: Тиләует сәждесін орындау үшін дәретті болу шарт па? Жауап: Иә, шарт.
Сұрақ: Сәжде аятын көзбен шолып оқыған болсақ, сәжде жасау керек пе? Жауап: Керек емес, себебі көзбен шолу оқуға жатпайды.
Сұрақ: Сәжде аятының аудармасын оқыған, естіген немесе микрофоннан естіген адам тиләует сәждесін орындау керек пе? Жауап: Құран кәрімнің 14 жеріндегі сәжде аяттарының бірін оқыған немесе естіген адам мұның сәжде аяты екендігін аңғарса да, аңғармаса да бір сәжде жасауы уәжіп болады. Аударма оқу дұрыс емес, бірақ аудармасын оқыған немесе естіген адам мұның сәжде аяты екенін аңғарса, тиләует сәждесін жасайды. Микрофоннан, үнтаспадан, теледидар немесе радиодан сәжде аятын естіген адамның тиләует сәждесін орындауы қажет емес. (М.Әрбаа, Алмалы тәфсирі).
Сұрақ: Күн шыққаннан ишрақ уақытына дейін тиләует сәждесі мен шүкір сәждесін жасауға бола ма? Жауап: Тиләует сәждесін жасау мәкрух, шүкір сәждесін жасау мәкрух емес.
Сәжде аятын тыңдағанда Сұрақ: Жүніп, дәретсіз немесе хаиз күйде сәжде аятын тыңдаған адамға тиләует сәждесін жасау керек пе? Жауап: Сәжде аятын естіген жүніп (ғұсылсыз) немесе дәретсіз адам тазаланғаннан кейін тиләует сәждесін жасауы керек, бірақ хаиз (етеккір) немесе нифас (босанғаннан кейін келетін қан) жағдайындағы әйелдің тазаланғаннан кейін тиләует сәждесін жасауы қажет емес.
Сұрақ: Намазда соңында сәжде аяты бар бір сүрені, мысалы «Алақ» сүресін оқыған адам намаз ішінде немесе намаз сыртында тиләует сәждесін жасауы қажет пе? Жауап: Намазда сәжде аятын оқығанда бөлек руку немесе бір сәжде жасап тұрып, оқуды жалғастырады. Намазда сәжде аятын оқығаннан екі-үш аят кейін намаздың рукуына иілсе және тиләует сәждесіне ниет етсе, намаздың рукуы мен сәжделері тиләует сәждесі орнына өтеді. Сәжде аятынан кейін үш аяттан артық оқитын болса, дереу бөлек руку мен бір сәжде жасап тұрып, ары қарай оқуды жалғастырады. (С.Әбәдия). Тиләует сәждесін намаз ішінде орындай алмаса, намаздан кейін орындау керек.
Сәжде аятын жазу Сұрақ: Сәжде аятын жазғанда немесе көзбен шолып оқығанда тиләует сәждесін жасау керек пе? Жауап: Жазу немесе көзбен шолып оқу қыраат болып саналмағандықтан, тиләует сәждесін жасау қажет емес.
Саңырау (керең) және сәжде аяты Сұрақ: Бір ортада сәжде аяты оқылса, барлығы тиләует сәждесін орындап, араларында бір адам саңырау болғандықтан естімей, сәжде аяты оқылғанын аңғарса немесе естігендер оған хабар берсе, ол адамның да тиләует сәждесін орындауы уәжіп бола ма? Жауап: Иә, уәжіп болады және уәжіп болмайды деп хабар берген құнды кітаптар бар. Уәжіп екенін хабар берген қаулылар ықтият ретінде дұрыс. Мұның себептері келесідей: саңырау болмағандар арасында сәжде аятының оқылғанын естімегендер болуы мүмкін. Егер сол жердегі адамдар сәжде аятының оқылғанын айтып, өздері де сәжде еткен болса, естімегендердің естігендерге еріп сәжде жасауы уәжіп болады. Саңырау кісі сәжде аяты оқылған жерде болса, ол жердегі жамағатпен бірге тиләует сәждесін орындайды. (Мәжмуа-и Зухдия). Оқылған сәжде аятын естіген адам аңғарса да, аңғармаса да өзіне сәжде аятының оқылғаны жайлы хабар келсе, сәжде жасауы керек. Имам сәжде аятын оқыған кезде жамағат естісе де, естімесе де барлығына тиләует сәждесін орындауы уәжіп болады. Тиләует сәждесін орындау үшін намазда қырааттың ашық немесе жасырын болуының айырмашылығы жоқ. Яғни ашық болса да, жасырын болса да тиләует сәждесін орындау керек. (Хиндия). Біреу оқыған сәжде аятын естімеген саңырау адамға сәжде жасау шарт емес. (Нимәт-и ислам).
Сәжде аятын естіген адам Сұрақ: Жүніп (ғұсылсыз) адам сәжде аятын оқыса, естігендерге сәжде жасау уәжіп бола ма? Жауап: Жүніп адамның Құран оқуы харам, бірақ оның оқыған сәжде аятын естігендерге сәжде жасау уәжіп болады. Жүніп адамның да ғұсыл алып тазаланғаннан кейін тиләует сәждесін жасауы керек. (Дүрәр).
Сұрақ: Құран кәрімдегі сәжде аяттарын оқыған адамның қиыншылықтардан құтылатыны айтылған, бұл хабар дұрыс па? Жауап: «Дуррул мухтар» және «Нур-ул изах» кітаптарында бұл туралы былай делінеді: «Имам Нәсәфи хазрет «Кафи» кітабында былай жазған: Кімде-кім қиыншылықтан құтылу үшін Аллаһу та'алаға шын жүрегімен жалбарынып, 14 сәжде аятын жаттанды түрде, түрегеп тұрып оқып, әрқайсынан кейін дереу сәжде ететін болса, Аллаһу та'ала ол адамды сол дерт пен бәле-жаладан қорғайды». Соңғы сәждеден тұрғаннан соң түрегеп тұрып қол жайып, өзінің және барша мұсылмандардың дүниесі мен дініне келетін бәле-жаладан, қиыншылықтан құтылуы, қорғануы үшін дұға етеді.
Сәжде аяттары оқылғанда Сұрақ: Құран кәрімнің неше жерінде сәжде аяты бар және бұл сәжде аяттарын әр оқығанда немесе естігенде тиләует сәждесін орындау керек пе? Жауап: Құран кәрімнің 14 жерінде сәжде аяты бар. Бұл аяттардың бірін оқыған немесе естіген адам мағынасын түсінбесе де бір сәжде жасауы уәжіп (міндетті). Біреу оқып жатқан жерде болып, бірақ оқығанын естімеген адам сәжде жасамайды. Сәжде аятын жазған және буындап оқыған адам сәжде жасамайды. Сәжде аятының аудармасын оқыған немесе естіген адам мұның сәжде аяты екенін аңғарса, сәжде жасайды. Намаз оқуы парыз болған адам сәжде аятын естігенде тиләует сәждесін орындауы уәжіп болады. Сондықтан сәжде аятын естіген жүніптің (ғұсылсыз) де, мас адамның да дәрет алғаннан кейін тиләует сәждесін орындауы керек. Мас адам көп ішкілік ішіп, ақылынан адасып сәжде аятын өзі оқыса да, естісе да сәжде жасауы уәжіп болмайды. Ұйықтап жатқан, есінен танған немесе жынды адам оқыса, естігендердің сәжде етуі уәжіп болады делінген. Бірақ олардың және құстың оқуымен сәжде жасалмаған дұрыс. Өйткені олардың оқуы шынайы, дұрыс тиләует (оқу) емес. Шынайы оқу дегеніміз Құран кәрімді оқып жатқанын ұғынып оқу деген сөз. Бала не істегенін өзі түсінетін жаста болса, оның сәжде аятын оқуымен естігендердің сәжде етуі қажет болады. Одан кіші жаста болса, қажет емес. Таудан, шөлден және басқа жерден жаңғырып келген дауысты естіген және тотықұстан немесе басқа құстан естіген адам сәжде жасамайды. Сәжде аяты буындап оқылғанда және жазылғанда тиләует сәждесі жасалмайды. Мұсылман болмаған адамның оқығанын естіген мұсылмандардың сәжде етуі уәжіп болады. «Дуррул мүнтәқа»-да сәжде аятын оқығанда «Адамның жанды дауысы болуы қажет» делінген. Радиодан естілген дыбыс – қаридың дауысына ұқсайтын жансыз құрылғының дыбысы. Сондықтан «Әл фиқһу аләл мәзаһиби әрбаа»-да былай жазылған: «Фонографта, граммофонда, үнтаспа мен радиода оқылған сәжде аятын естіген адамға тиләует сәждесін жасау уәжіп болмайды».
Тиләует сәждесін жасау үшін Сұрақ: Бір адам сәжде аяттарын оқығаннан кейін немесе намазда имам сәжде аяты бар сүрелерді оқыған болса, тиләует сәждесін қалай және қандай жолмен орындайды? Жауап: Тиләует сәждесін орындау үшін дәретті болып, құбылаға бұрылып тұрып, қолды құлаққа көтерместен «Аллаһу әкбар» деп сәждеге жығылады. Сәждеде үш рет «Субхана раббиәл аълә» дейді. Кейін «Аллаһу әкбар» деп тұрады. Осылайша тиләует сәждесі жасалған болады. Тиләует сәждесін жасау үшін ниет етіледі. Ниет ету шарт. Ниетсіз сахих болмайды. Намаз үстінде оқығанда дереу бөлек руку немесе бір сәжде жасап тұрады. Кейін оқуын жалғастырады. Сәжде аятын оқығаннан екі-үш аят кейін намаздың рукуына иілсе және тиләует сәждесіне ниет етсе, намаздың руку мен сәжделері тиләует сәждесі орнына өтеді. Жамағатпен орындалғанда имам сәжде аятын оқығанда, оқылған сәжде аятын естімеген болса да, имаммен бірге қосымша бір руку мен екі сәжде жасайды. Жамағаттың рукуда ниет етуі қажет. Намаз сыртында кейінірек орындауға болады.
Сұрақ: Құран кәрімдегі сәжде аяттарын оқу дерт пен қиыншылықтан құтылуға жақсы екені айтылады. Осы дұрыс па? Жауап: Бұл туралы «Дуррул мухтар» және «Нур-ул изах» кітаптарында былай жазылған: «Имам Нәсәфи «Кафи» кітабында былай жазған: Қиыншылықтан құтылу үшін Аллаһу та'алаға шын жүрегімен жалбарынып, 14 сәжде аятын жаттанды түрде, түрегеп тұрып оқып, әрқайсысынан кейін дереу сәжде еткен адамды Аллаһу та'ала сол дерт пен бәле-жаладан қорғайды. Соңғы сәждеден тұрған соң түрегеп тұрып қол жайып өзінің және барша мұсылмандардың дүниесі мен дініне келетін бәле-жаладан, қиыншылықтан сақтауы, қорғауы үшін дұға ету керек.
Сұрақ: Дәретсіз немесе ғұсылсыз адам сәжде аятының оқылғанын естісе не істеуі керек? Жауап: Жүніп (ғұсылсыз), дәретсіз және мас адамның да сәжде аятын естіген болса, ғұсыл-дәрет алып тазаланғаннан кейін тиләует сәждесін жасауы керек. Хайыз жағдайындағы әйел естісе, тиләует сәждесін жасауы уәжіп болмайды.
Сұрақ: Қари болуды үйреніп жүрген адам бір сәжде аятын жаттап алу үшін қайта-қайта оқыса, әр оқығанда тиләует сәждесін жасауы қажет пе? Жауап: Бір отырғанда бір сәжде аятын бірнеше рет оқыған және естіген адам бәріне бір ғана сәжде жасайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның есімін айтқанда немесе естігенде салауат айту да осындай.
Сұрақ: Бір отырыста бірнеше (басқа-басқа) сәжде аяттары оқылса, бір рет тиләует сәждесін жасау жеткілікті бола ма? Жауап: Бір отырыста екі сәжде аяты оқылса, бөлек-бөлек екі сәжде жасалу керек.
Сұрақ: Мешітте жалғыз намаз оқып жатқан адам басқа адамның дауыстап сәжде аятын оқығанын естісе не істеу қажет? Жауап: Жалғыз намаз оқып жатқан адам басқа адамның дауыстап сәжде аятын оқығанын естісе, намаздан кейін тиләует сәждесін жасайды. Намаз оқу харам болған үш уақытта тиләует сәждесі жасалмайды. |

