12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Титімдей иман деген не?

Титімдей иман деген не?

Сұрақ: Мүлде жақсы амалы мен ғибадаты болмаған, күнәға батқан адам ықыласпен калима-и шаһадатты айтса және сол күйінде қайтыс болса, жәннатқа кіреді ме?

Жауап: Күнәға батқан, ғибадаттан алыс адамның иманмен жан тапсыруы (өлуі) өте қиын. Бірақ иманмен жан тапсыра алған болса, күнәларының жазасын тартқаннан кейін әлбетте жәннатқа кіреді.

Ғибадатты және игі амалды кіші санамау керек. Болмашы деп санаған бір игі амалымыз құтылуымызға себеп болуы мүмкін. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Өмірінде мүлде қайырымдылық жасамаған мұсылман (басқа мұсылмандардың аяғына кіріп кетпесін деген оймен) жолда жатқан тікенді алып тастады. Оның бұл ісін Аллаһ ұнатып, жәннатқа кірді». (Әбу Дауд)

 

Сұрақ: «Титімдей иманы бар адам міндетті түрде жәннатқа кіреді» делінеді. Титімдей иман деген не?

Жауап: «Әмәнту» дұғасындағы алты негізге сенген, «пайғамбарымыз не айтса, бәріне сендім, қабылдадым» деген адам титімдей иман иесі болады.

«Аллаһтың рақымы мол, «Мұхаммадун Расулуллаһ» деп айтудың қажеті жоқ» дейтін болса, Ислам дінімен байланыс үзіледі, титімдей иман пайда болмайды. Хадис шәриф мағынасы:

«Лә илаһа иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ деп жүрегінде титімдей иманы бар адам оттан (тозақтан) шығады». (Бұхари, Мүслим, Тирмизи)

Иманның алты шартына сеніп, арасынан біреуіне, мысалы пайғамбарлардың біріне сенбесе, тіпті бір парызды, бір сүннетті ұнатпаса, ол адам мұсылман бола алмайды. Яғни иманның алты шартына сенбеген болады.

Титімдей иманмен өле алу үшін харамдардан сақтануға, ғибадаттарды орындауға тырысу керек. Өйткені, күнәлар иман нұрын сөндіруі мүмкін, яғни ол адамды күпірге жетелеуі мүмкін.

 

Сұрақ: Калима-и шаһадатты айтып, иманмен өлген әркім міндетті түрде жәннатқа кіреді ме?

Жауап: Титімдей иманы бар кісі әлбетте жәннатқа кіреді. Бірақ ғибадат жасамаған және күнәлардан сақтанбаған кісі иманын қорғай алмайды, күпірге түседі. Ал қорғай алған адам міндетті түрде жәннатқа кіреді.

Хазреті Муаз айтып берген:

Расулуллаһ «Ей, Муаз, Аллаһу та'аланың құлдарының мойнындағы және құлдардың Аллаһу та'аладағы ақылары қандай?» деп сұрады. Мен: «Аллаһ және Расулы жақсырақ біледі» дедім. Сонда: «Аллаһу та'аланың құлдарының мойнындағы ақысы – Аллаһқа (Ол білдіргендей сеніп, ұнатып) ғибадат етуі және Оған серік қоспауы. Құлдардың Аллаһтағы ақысы – Оған серік қоспағанға азап бермеуі» деді. «Йа, Расулаллаһ, адамдарға бұл сүйінші хабарды айтайын ба?» деген сұраққа: «Жоқ, бұған сеніп жақсы амалдардан бастартуы мүмкін (басқа әмірлер мен тыйымдарға мән бермей, пәлекетке түсуі мүмкін)» деді. (Бұхари, Мүслим, Тирмизи)

Расулуллаһ «Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың Расулы екеніне шын ықыласпен куәлік еткен (осы сенімді сақтап, мұсылман болып өлген) әркімге Аллаһу та'ала тозақ отын харам қылды» дегенде «Йа, Расулаллаһ, мұны адамдарға хабарлайын ба?» деп сұрадым. Пайғамбарымыз: «Ол кезде осыған сеніп, олар жақсы амалдарынан бастартады» деді. (Бұхари, Мүслим, Тирмизи)

Хазреті Муаз білгенін жасыру күнәсынан құтылу үшін мұны пайғамбарымыздың қайтыс болуынан аз уақыт бұрын баршаға хабарлады.

 

Сұрақ: Үлкен күнә істеген мұсылмандар да жәннатқа кіреді ме?

Жауап: Шапағатқа қауышса, тозаққа түспей тікелей жәннатқа кіреді. Шапағат үлкен күнәларға болады. Титімдей иманы бар адам қияметте үлкен ниғметке бөленеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ант етіп былай деген:

«Мыналарды ант етіп айтамын:

1) Фажир (түрлі күнә істейтін) адам, күнкөрісін табудан да ақымақ болған мұсылман жәннатқа кіреді.

2) Күнәлары себебімен тозақ отында жанған адам да жәннатқа кіреді.

3) Қияметте Аллаһу та'ала ешкімнің қиялына да келмейтіндей түрде мұсылмандарды кешіреді.

4) Аллаһу та'ала көп кешіретіні соншалық, тіпті Ібілістің өзі «Мен де кешірілемін бе?» деп басын көтереді». (Бәйһақи)

«Мыналар кімде бар болса, Аллаһу та'ала оның денесін тозаққа харам қылады, оны шайтаннан және нәпсінен қорғайды. Нәпсі (күнә болған) бір нәрсеге қызыққан кезде нәпсіне ие болып, оны істемеген және нәпсі (игі істі, ғибадатты) жасауды қаламаған кезде оны істеген кісі нәпсінің қалауы мен жауыздығына ие болады. Мыналар да кімде бар болса, Аллаһу та'ала оны мейіріміне қарқ етіп, жәннатына кіргізеді: Кедейдің жағдайын жасап беру, бейшара біреуге жанашыр болу, қызметшісіне жақсы қарау, ата-анасын бағу». (Дәйләми)