6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Періштелердің дұғасынан мақұрым қалу

Періштелердің дұғасынан мақұрым қалу

Сұрақ: Құмар ойын құралы және музыкалық аспап, теледидар, жандының суреті, крест суреті, ит, жүніп адам, ішкілік және мас адам бар жерге рахмет періштелері кірмесе, не жоғалтқан боламыз?

Жауап: Ондай жерде намаз оқитын болса, мәкрух болып оқылған намаз сахих болады. Яғни ол адам намаз борышынан құтылғанымен намаз оқу арқылы пайда болатын үлкен сауапты ала алмайды.

Періште кірмеген үйге шайтан кіреді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жәрс (қоңырау) бар бөлмеге рахмет періштелері кірмейді». (Нәсаи)

«Жәрс – шайтанның мизмары». (Мүслим)

(Мизмар – әр түрлі музыкалық аспап). (Мүнжид)

Қажеттілік болмағанша ойын-сауық үшін қоңырау тағылған жануарға міну мәкрух болады. Қоңырау тағылған керуенге рахмет періштелері келмейді». (Тәрғиб-ус-салат)

Шәйх-ул-ислам Ахмед ибн Кәмал хазрет былай деген:

«Мизмарларды сындыру үшін жіберілдім» хадис шәрифі «Музыкалық аспаптардың барлық түріне тыйым салу маған бұйырылды» деген сөз. (Қырық хадис)

Аллаһу та'ала шайтанға «Сенің азаншың – мизмарлар (музыкалық аспаптар деді. Азаншы азан айтып адамдарды ғибадатқа шақырады. Ал шайттанның азаншысы адамдарды күнә істеуге шақырады. Бұған музыкалық аспаптардың барлық түрі кіреді.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақ дастархан басында отырғанда періштелер үй иесіне дұға етеді». (Табарани)

«Сірке суын тағамда қолданған адамдарға екі періште тамақтанып болғанға дейін дұға етеді». (И.Асакир)

«Періштелер сәреге тұрған адамдарға дұға етеді». (И.Ахмед)

Егер дастарханда ішкілік немесе періштелердің кіруіне бөгет болатын нәрсе бар болса, ол адам періштелер жасайтын осы дұғадан мақұрым қалады. Өйткені періштелер күнәсіз, олардың дұғасы қабыл болады.

Тағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Маған салауат айтқан адамның күнәларының кешірілуі үшін періштелер дұға етеді». (Әй, ұлым ілімхалы)

«Аллаһу та'ала зікір етілген жерлерге періштелер рахмет шашады». (Әбушшәйх)

«Құран кәрімді хатым еткен адамға 60 мың періште дұға етеді». (Хазинәт-ул-әсрар, Дәйләми)

«Адам әдепсіздік жасамағанша, намаз оқыған жерінен кеткенге дейін періштелер «Йа, Рабби, мына құлыңа қамқор бол» деп дұға етеді». (Нәсаи)

Егер салауат айтылған, зікір етілген, Құран оқылған және намаз оқылған жерде музыкалық аспап немесе періштелердің кіруіне бөгет болатын басқа бір нәрсе бар болса, ол періштелердің осы дұғасынан мақұрым қалады.

Тағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Періштелер адамдарға жақсылық үйреткен кісілерге дұға етеді». (Тирмизи)

«Дін бауырының бір ісін жасап берген адамға мыңдаған періште дұға етеді». (Ибн Мажа)

«Төсекке дәретпен жатқан адамға сол түні бір періште таңға дейін «Йа, Раббым, мына құлыңды кешіре көр» деп дұға етеді». (Хаким)

Егер ол жерлерде немесе жатын бөлмеде жандының суреті, құмар аспабы немесе рахмет періштелерінің кіруіне бөгет болатын басқа бір нәрсе бар болса, ол періштелердің осы дұғасынан мақұрым қалады.

Өлім жағдайындағы ауру жатқан бөлмеге жүніп кісі, жандының суреті, құмар аспабы, ит, музыкалық аспап және рахмет періштелерінің кіруіне бөгет болатын басқа нәрсе болмауы керек. Мүмин рухын тапсыратын кезде рахмет періштелерін көріп, жан беру азабын сезбейді. Ол бөлмеге рахмет періштелері кірмесе, ол адам өлерінде қиналып, азапқа душар болуы мүмкін.

Бір намаз уақытын жүніп күйде (ғұсылсыз) өткізу үлкен күнә. Мас болу, құмар ойнау және музыкалық аспап тарту харам болып табылады. (Бәриқа)

Өзі қолданбаса да, кезкелген музыкалық аспапты үйінде сақтау күнә болады. (Хадиқа)

Өзі істемесе де жаман нәрселерді үйінде сақтау – жаман, өзі істемесе де жақсы нәрселерді сақтау – жақсы. Мысалы, Құран кәрімді өзі оқуды білмесе де берекеттену үшін үйінде сақтау сауап болады. (Хиндия)

Өзі ойнамаса да үйде карта, нарды сияқты құмар ойын құралдарын ұстамау керек. Харамдардан, мәкрухтардан сақтансақ, рахмет періштелерінің дұғасына лайықты болып, пайдаланған боламыз.

Зиянның қай жерінен қайтсақ та пайдалы. Жас келмей тұрып тәубе ету керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Адам қырық жасына келе тұра күнәларына тәубе етпесе, шайтан ол адамның бетін сипап «Мына адам оңбайды» дейді». (И.Ғазали)