2 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     4 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иманның бар екенінің белгісі

Иманның бар екенінің белгісі

Сұрақ: Адамда иманның бар немесе жоқ екенін қалай білуге болады?

Жауап: Иманның алты шарты бар, олар сену керек болған нәрселер. «Әмәнту» дұғасындағы алты нәрсеге сену иман болып табылады. Иманның бұл алтауынан да бұрын тұратын негізгі екі шарты бар, олар: ғайыпқа иман және хубби филлаһ, буғди филлаһ. Мұсылманның жүрегінде иманның бар болуы осы екі шартқа байланысты.

Біріншісі, ғайыпқа иман, яғни көрмей тұрып, өзі ақылына, біліміне жүгінбей сену. Ғайыпқа иман келтіру керек, бұл иманның негізі. Жан, рух алқымға келмей тұрып иман келтірген болу керек. Жан алқымға келгенде ахиреттің барлық жағдайлары көрсетіледі. Ол кезде бүкіл кәпірлер иман келтіргісі келеді. Алайда иманның ғайыптан болуы қажет. Көрмей тұрып сену керек. Көрініп тұрған нәрсеге сену иман болмайды. Бірақ бұл сәтте мұсылмандардың тәубесі қабыл болады.

Екіншісі, хубби филлаһ және буғды филлаһ. Бұл екі шарт жоқ болса, «әмәнту» дұғасындағы алты шартқа бір адам сенсе де, мұсылман бола алмайды. Хубби филлаһ – Аллаһ үшін жақсы көру, ал буғды филлаһ – Аллаһу та'ала үшін жақсы көрмеу. Иманның белгісі – хуббы филлаһ пен буғды филлаһ. Хадис шәрифте:

«Аллаһу та'аланың кейбір құлдары бар. Олар пайғамбар емес. Пайғамбарлар мен шәһидтер қиямет күні оларға әуестенеді. Олар бір-бірін танымайтын, алыс жерлерде өмір сүріп, Аллаһ үшін бір-бірін жақсы көрген мұсылмандар» делінген.

Аллаһу та'аланың ең көп жақсы көретін ғибадаты – хубби филлаһ пен буғды филлаһ, бұлар иманның белгісі. Ғибадаттардың ең үстемі деп хабарланған хубби филлаһ пен буғды филлаһ дегені осы. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан:

«Иманның негізі және ең күшті белгісі – мұсылмандарды жақсы көру және мұсылмандарға дұшпандық жасағандарды жақсы көрмеу». Аллаһу та'ала Иса алейһиссаламға уахи етіп: «Егер жер мен аспандағы бүкіл жаратылыстың ғибадаттарын орындасаң, достарымды жақсы көрмейінше және дұшпандарыма дұшпандық жасамайынша еш пайдасы тимейді» деген. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһу та'ала бір пайғамбарға уахи етті: пәленше тақуаға айт: «Дүниеде тақуалықпен нәпсіңді рахатқа бөледің және өзіңді қадірлендірдің. Мен үшін не істедің?» Тақуа: «Йа, Раббым! Сен үшін істейін?» деп сұрағанда Аллаһу та'ала «Дұшпаныма мен үшін дұшпандық жасадың ба және сүйіктілерімді мен үшін жақсы көрдің бе?» деді».