12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Періштелер Құран оқылған жерге жиналып тыңдайды

Періштелер Құран оқылған жерге жиналып тыңдайды

Шихабуддин Ахмед Халеби хазрет – қыраат, тәфсир және нахв ғалымы. Халепте (Алеппо) дүниеге келген. Білім алу үшін Мысырға барды. Үлкен ғұламалардан білім алған соң ижазат (диплом) алып, Каирде алдымен Толун, кейін Имам Шафии мешітінде шәкірт жетілдірді. 756 (м.1355) жылы Каирде қайтыс болды. «Әл-Қаулул-уәжиз фи ахкамил китабил Азиз» атты еңбегінде былай деген:

Мұхаммед алейһиссаламның мұғжизаларының ең үлкені – Құран кәрім. Осы күнге дейін келген бүкіл ақындар, әдебиетшілер Құран кәрімнің ұйқасына және мағынасына қайран болған. Бір аяттың тіпті ұқсасын да айта алмаған. Оның сөздерінің ауқымдығы және ділмарлығы адам сөзіне ұқсамайды. Яғни бір сөзін алып тастаса немесе бір сөз қосса, сөзіндегі және мағынасындағы көркемдік бұзылады. Бір сөздің орнына басқа сөз қойып көрмек болғандар басқа сөз таба алмаған. Ұйқастығы араб ақындарының өлеңдеріне ұқсамайды.

Құран кәрім тарихта болған және келешекте болатын әр түрлі нәрселерді хабар беруде. Естігендер және оқығандар оның рахатына тоя алмайды. Шаршаса да, жалықпайды. Оны оқу немесе тыңдау қиыншылықты кетіретіні сансыз тәжірибелермен аңғарылған. Естігендерден жүрегіне үрей мен қорқу басып, сол себептен өлгендер де болған. Қаншама исламның қып-қызыл дұшпандары Құран кәрімді тыңдап, жүректері жібіп, иманға келген. Ислам дұшпандарынан және Муаттала, Мәлахида, Карамита деген мұсылман атанып жүрген дін бұзушылардан Құран кәрімді өзгертуге, бұзуға және ұқсасын айтуға тырысқандар кездескенімен, ешбірі мақсаттарына жете алмады.

Бүкіл ғылымдар, тәжірибе арқылы табыла алмайтын жақсы нәрселер, жақсы мінез, адамдарға үстемдік беретін ерекшеліктер, дүние мен ахирет бақытына жетелейтін жақсылықтар, болмыстардың бастамасы мен соңы туралы мағлұматтар және адамдарға пайдалы, зиянды болған нәрселердің барлығы Құран кәрімде айқын немесе жасырын түрде білдірілген. Жасырын болғандарын өз мамандары түсіне білген. Сәмәуи кітаптардың барлығында, Тауратта, Забурда және Інжілде жазылған білімдер мен сырлардың бәрі Құран кәрімде жазылған. Құран кәрімдегі білімдердің барлығын тек қана Аллаһу та'ала біледі. Ол көбін сүйікті пайғамбарына білдірген. Хазреті Әли және Хусейн бұл білімдердің көбін білетінін хабар берген.

Құран кәрімді оқу өте үлкен ниғмет. Аллаһу та'ала бұл ниғметті Сүйіктісінің үмбетіне нәсіп еткен. Періштелер бұл ниғметтен мақұрым қалған. Сондықтан да Құран кәрім оқылып жатқан жерге жиналып, тыңдайды екен.