2 - Жамазиәл-әууәл, 1443 жыл.
     6 - Желтоқсан, 2021 жыл.   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ешкімді жасаған амалы құтқара алмайды!

Ешкімді жасаған амалы құтқара алмайды!

Мұхаммед бин Ибраһим Суси хазрет – үлкен әулиелерден. Палестинада Рәмлә елді-мекенінде дүниеге келді. 386 (м.996) жылы Шамда қайтыс болды. Ұстаду Амму, Ахмед Куфани және басқа да ғұламалармен көрісіп сұхбаттасқан.

Бір күні уағыз айтып жатқан кезінде бір жас жігіт келді. Есін білмейтіндей мас еді. Бір бұрышқа құлады. Мұхаммед бин Ибраһим Суси ол жігіттің үстін бір матамен жабуды және сол күйінде қалдыруды бұйырды. Жігіт таңға жуық есін жиды. «Маған не болған? Мен мұнда қалай келдім? Үстімді кім жапты?» дегендей сұрақтар қойып таңқалды. Шәкірттердің бірі оған жақындап, мән-жайды түсіндіріп, кешке болғандарды айтып берді. Өзіне жасалған қамқорлықты түсінген жігіт бір мезетте өзгеріп шықты. Бұрынғы жағдайына тәубе етті. Мұхаммед бин Ибраһим Суси хазреттің адал шәкірті болды. Ұстазының сұхбаттарында аз уақытта жетіліп, шәкірттерінің ең үстемі болды. Ұстазы қайтыс болған кезде оның орнына өтті. Шәкірттерге дәріс беріп, оларды жетілдірді. Уағыздарында былай деген:

«Істеген жақсы амалдары Аллаһу та'алаға қауыштыратынын ойлайтын адам жолынан адасты. Өйткені хадис шәрифте «Ешкімді жасаған амалы құтқара алмайды» делінген. Олай болса, қорқатын нәрседен құтқармайтыны хабарланған амалдың үміт етілгенге жеткізетіні қалайша мүмкін болсын? Бірақ Аллаһу та'аланың мейірімі мен сый-сияпатына жүгінген адамның көп нәрсеге қол жеткізетініне үміт бар».

«Тасаууф – нашар және жаман барлық мінезден шығып, жақсы және көркем мінездерге кіру әрі әдепке мән беру деген сөз».

«Ықылас – ахиреттегі ниғметтер мен азаптарға толық сенудің белгісі. Ал ғибадаттардағы рия – ахиреттегі ниғметтер мен азаптарға күдік бар екенінің белгісі».

«Аллаһу та'ала разылығы үшін біреуді жақсы көрсең, дүниелік тұрғыда онымен байланысты азайт».

«Ей, пенде! Сен хақ жолда ойнап жүрген бала саналасың. Ұлылардың етегінен айрылма. Пиғылы бұзық адамдармен үнемі бірге болсаң, қадіріңді және салмақтылығыңды жоғалтасың. Олай болса, ұлылардың етегіне жармас. Шәкірттер кішкентай баладан да әлсіз. Ал ұстаздар берік дуал секілді. Енді жүре бастаған бала дуалға сүйеніп жүреді. Сен де жаңадан жүре бастаған баладай ғалымдардың берік дуалын ұстап жүр».

«Ей, нәпсім, ешқандай амалсыз, әрекетсіз ахиретте рахаттыққа бөленгің келеді. Бітпейтін қалауларыңның соңынан жүріп, әрдайым тәубе етуді кейінге қалдырып, кешіктіре бересің».