12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Ризық аспаннан келуде

Ризық аспаннан келуде

Сұрақ: Ризықты жіберетін Аллаһу та'ала, бірақ себеп ретінде бүкіл жаратылыстың ризығы аспаннан келіп жатыр ма?

Жауап: Аллаһу та'ала ризықты аспаннан жіберіп жатыр. Мұны аяти карималар мен хадис шәрифтер айқын хабар берген. Қазіргі таңда ғалымдар да бұл ақиқатты түсіне бастады. Жаңбыр жауғанда найзағай себебімен ауадағы азот газы оттегі газымен химиялық реакцияға түсіп қосылады да, азот моноксиді деп аталатын түссіз газ пайда болады. Бұл газ ауада өз күйінде қала алмайды. Қайтадан оттегімен қосылып, азот диоксидіне айналады. Қызғылт-сары түсті және тұншықтыратын бұл газ ауадағы ылғалмен, судың буымен қосылып, азот қышқылын түзеді. Тағы найзағайдың әсерімен ауадағы су буының бөлшектенуімен бос күйге енген сутегі газы да ауаның азотымен қосылып, аммиак газы пайда болады, бұл газ сол кезде пайда болған азот қышқылымен және ауада онсыз да бар болған көмірқышқыл газымен қосылып, аммоний нитраты (аммиак селитрасы) және аммоний карбонаты тұздары пайда болады. Бұл екі тұз басқа барлық сілтілі заттардың тұздары секілді суда ерігендіктен, жаңбыр арқылы топыраққа түседі. Топырақ бұл заттарды кальций нитратына айналдырып, өсімдіктерге береді. Өсімдіктер бұл тұздарды альбуминді затқа, протеинге айналдырады. Протеин өсімдік арқылы шөп жейтін жануарларға және адамдарға өтеді. Ал адамдар оны өсімдіктен және шөп жейтін жануарлардан алады. Бұл заттар – адам мен жануардың жасушаларын құраушылар. Құрғақ протеиннің құрамында 14% азот газы бар.

Осылайша жаңбыр суы арқылы топыраққа жыл сайын төрт жүз миллион тоннадан астам ауа азоты түсіп, азыққа айналатыны қазіргі таңда есептелген.

Теңізге түсетіні әрине көбірек. Аспаннан осылай ризық түсетіні бүгінде ғылым жолымен анықталуда. Басқа әртүрлі жолдармен де түсуде. Ғылым келешекте сол жолдардың кейбірлерін бәлкім анықтауы мүмкін.

Хасан Басри хазрет:

«Басра халқының бәрі менің балаларым болса және бір бидай данасы бір динар тұрса, мен мүлде қиналмаймын» деген. Уәһәб бин Уәрд хазрет:

«Аспан темір болса, жерді қола қаптаса, ризықты ойлап қынжылсам, өзімді мұсылман санамаймын!» деген.

Ризықта Аллаһу та'ала берген сөзге жүгіну керек. Ешкім біреудің ризығын жей алмайды. Әміріне бағынып жұмыс істеген адамға Ол ризығын жібереді.