18 - Шәууал, 1445 жыл.
     27 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Сиқыр жасау және жасату

Сиқыр жасау және жасату

Сұрақ: Дуалау деген нәрсе бар ма, ол адамға әсер ете ме? Дуа жасау және жасату діни тұрғыда иманнан айыруы мүмкін бе?

Жауап: Сиқыр, яғни дуалау адамды ауру қылады. Махаббат тудырады немесе керісінше махаббаттан айырады, денеге және психикаға әсер етеді. Сиқыр, дуалау әйелдерге және балаларға көбірек әсер етеді. Сиқырдың әсері нақты емес, дәрінің әсеріндей, Аллаһу та'ала қаласа әсерін жаратады. Қаламаса мүлде әсер етпейді. Аштық шегіп, ауыр істер жасап, өз-өзін қинайтын, харам істеуден рахаттанбайтын жағдайға келген кәпірлердің жасаған сиқыры әсер етуде. Сондай поптардың сиқырды шешуі де әсерлі болуда. Қазіргі поптар дүниенің қызығына берілген және нәпістері азғын болғандықтан, сиқыр жасай алмайды және бұза алмайды.

Сиқыр, яғни дуа жасауға болмайды, сиқыр жасатпау керек, бұл харам болып табылады және күпірге ең жақын, ең жаман харам болып табылады. Сиқырға қатысты ең кіші нәрсені де істеп қоймауға аса мұқият болған жөн. Хадис шәрифте айтылған:

«Мұсылман сиқыр жасай алмайды. Аллаһ сақтасын, иманы кеткеннен кейін сиқыры әсер етеді». Сиқыр жасаған кезде адамның иманы кетсе керек.

Имам Нәуәуи хазрет айтқан:

«Сиқыр жасағанда күпірге себеп болған сөз немесе іс жасалса, бұл күпір болады. Ондай сөз немесе іс араласпаса, үлкен күнә болады».

«Дуалаушы сиқыры арқылы қалағанын істей алады, сиқыр міндетті түрде әсер етеді» деген және солай сенген адам діннен шығады. «Сиқыр Аллаһу та'ала тағдырға жазған болса әсер ете алады» деу керек.

 

Сұрақ: Сиқырға жындардың қатысы, әсері бар ма?

Жауап: Сиқыр, дуалау – жындардың адамдарда тудырған аурулары. Мұсылман жындардан адамға зиян тимейді. Жындар әртүрлі кейіпте көрінеді. Кәпір жындар салих адам кейіпіне де кіре алады. Кәпір адамдар секілді жақсылық жасағанда күпірге, күнәға да себеп болады. Достық құрған адамдары кімді көрсетсе, соларда ауру тудырып, сиқыр жасайды. Ол аурудан құтылу үшін ол жынды өлтіру немесе қуу керек. Жынның зиянынан құтылу үшін ең әсерлі екі қару: калима-и тәмжид және истиғфар дұғасы. Калима-и тәмжид «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм». Мұны оқыған адамнан жындардың қашатынын, сиқыр бұзылатынын Имам Раббани хазрет 174-ші хатында хабарлаған. Истиғфар дұғасының дерттерге дауа екендігі хадис шәрифтерде айтылған. (Истиғфар дұғасы: «Әстағфируллаһ әл-азыйм әлләзи лә илаһә иллә һу-уәл хаййул қаййум уә әтубу иләйһ»).