17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Дұға мен садақа бәле-жаланың алдын алады

Дұға мен садақа бәле-жаланың алдын алады

Сұрақ: Адам дұға ету арқылы, садақа беру арқылы басына келетін бәле-жаланы тоқтата ала ма?

Жауап: Бұл тақырыпта Имам Ғазали хазрет «Ихия-ул улум» кітабында былай дейді:

«Қаза-и муаллақ ләухи махфузда жазылған. Егер ол адам жақсы амал жасап, дұғасы қабыл болса, ол қаза өзгереді». Хадис шәрифте айтылған:

«Тағдыр шара қолданумен, алдын алумен өзгермейді. Бірақ қабыл болған дұға бәле-жала келгенде қорғайды».

Дұғаның бәле-жаланың алдын алуы тағдырдан. Қалқан оққа бөгет болғанындай, су топырақтан өсімдіктердің шығуына және ауадағы оттегі жандының жасушаларындағы азық заттарын жағып, жылу шығуына себеп болғанындай, дұға да Аллаһу та'аланың мейірім танытуына себеп болып табылады. Хадис шәрифте:

«Қаза-и муаллақты (тағдырды) ештеңе өзгерте алмайды. Тек қана дұға өзгертеді және өмірді тек қана жақсы амал, жақсы пиғыл ұзартады» делінген. Аллаһу та'аланың тағдырының ләухи махфузда жазылуы қаза деп аталады. Бір адамның тағдырында жазылған бәле-жала қаза-и муаллақ болса, яғни ол адамның дұға етуі де тағдырға жазылған болса, ол дұға етеді, қабыл болған соң бәле-жаланың алдын алған болады. Ал ажал-и қазаны жақсылық жасау кешіктіреді. Бірақ ажал-и мусамма өзгермейді. Ажал-и қаза деген, мысалы бір адам жақсы амал жасап, садақа беріп, қажылыққа барса өмірі алпыс жыл, бұларды істемесе қырық жыл деп тағдырға жазылуы секілді.

 

Сұрақ: Құран кәрім бастырып, табыс көру үшін сату діни тұрғыда дұрыс па?

Жауап: Құран кәрімді бастырып сататындар, бұған сауда ретінде қарайтындар Құран кәрім үйренуге, оқылуына себеп болу ниетімен сатса, рұқсат және сауап болады. Тапқан табыстары халал болады. Бірақ ондай ниеттің белгісі бар, өз бағасына жақын, үстінен аз ақша қосып сату керек. Егер күнкөрісі басқа кітаптардан келетін болса, Құран кәрімді үстінен ақша қоспай сату керек. «Шира» кітабында жазылған:

«Муаз бин Жәбәл хазретке «Пәлен кісі Құран кәрім жазып сатып жатыр» дегенінде «Бұл Құран кәрім сату болып саналмайды. Қағазы мен еңбегінің ақысын сұрауға жатады. Құран кәрімді сату дегеніміз оны ақшаға, ақыға үйрету» деді».

 

Сұрақ: Дәретте басты толықтай мәсіһ ету керек пе, әлде бір бөлігін ғана ма?

Жауап: Ханафи мазһабында дәрет алғанда бастың төртте бірін мәсіһ ету парыз. Басқа толықтай бір рет мәсіһ тарту сүннет.