8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Сабыр – пайғамбарлардың қасиеті

Сабыр – пайғамбарлардың қасиеті

Оразада санауға келмейтіндей көп пайда бар. Бірақ біз оразаны пайдасы үшін емес, дініміздің бұйрығы болғаны үшін ұстаймыз. Мысалы, ораза бізге сабыр етуді үйретеді. Сабыр ету – құтылуға, жетістікке себеп болатын жақсы қасиет. Сабыр – пайғамбарлардың қасиеті. Сабыр ету тек қана адамдарға тән. Періштелер сабыр етпейді, өйткені олар ішіп-жемейді және ауырмайды. Жануарларға да сабыр етуді қатыстыруға болмайды. Өйткені оларда ақыл жоқ, олар жауапкер емес.

Сабыр етуді бұйыратын және сабырға шақыратын жетпістен астам аяти карима бар, ең үлкені «Раббымыз сабыр етушілермен бірге» сүйіншісі.

Адам баласы осы екі болмыстың арасында. Ақылы бар, періштелер секілді, нәпсі бар, жануарлар секілді. Ақылын негізге алса, періштердің дәрежесіне қарай жоғарылайды, тіпті олардан да асып кетеді. Өйткені періштелер қаласа да, қаламаса да жақсы болмыстар, ал адамдар нәпсімен күресу нәтижесінде жоғарылай алған. Нәпсі жеңіп кетсе, бұл жолы хайуан дәрежесіне қарай төмендейді, олардан да төмен түседі. Өйткені жануарлар ахиретте жауапкер емес.

Раббысына бағынбағандар, харамдардан сақтанбағандар қиямет күні тозаққа жіберілген кезде: «Әттең, біз дүниеге адам болып келмегенімізде ғой, жылан, шаян болып келгенімізде ғой, осы ауыр азапқа душар болмасақ қой!» деп өкінеді. Жану өте қиын нәрсе, жанбаған адам білмейді...

Сабырдың үш түрі бар: Біріншісі, ғибадаттарды орындаған кезде алдымыздан шығатын қиыншылықтарға сабыр ету. Намаз оқығанда, ораза ұстағанда алдымыздан қиыншылықтар шығуы мүмкін. Оларға сабыр ету керек. Екіншісі, күнә істемеуге сабыр ету. Күнә істемеуге сабыр ету отта жануға сабыр етуден оңай. Үшіншісі, ауруға, қиыншылыққа, бәле-жалаға сабыр ету.

Ауру-сырқауды, бәле-жаланы ешкім қаламайды, басымызға келсе құтылуға тырысу керек, емделу қажет, бірақ бұлардың бәрі нәтиже бермесе, сабыр етуден басқа шара қалмайды. Бұл үш сабырдың да марапаты шексіз.

Ораза ұстау арақылы емтиханды тапсырған боламыз. Біз дүниеге онсыз да осы үшін келдік, бәріміз емтиханда, сынақтамыз. Раббысын таныған, бұйрықтарына мән беріп, харамдардан сақтанғандар мен өзін жаратқанды және өмір сүргізіп жатқанды танымайтын, бұйрықтары мен тыйымдарына құлақ аспайтындарды бір-бірінен ажырату керек. Әр адам өз амалының нәтижесін көреді, жақсылар мәңгілік бақытқа кенеледі, ал жамандар өздері лайық болған азапқа тартылады.

Барлық нәрсе айқын хабар берілген. Хадис шәрифте айтылады: «Сендерді жәннатқа жақындататын, тозақтан алыстататын не бар болса бәрін хабарладым. Сендерді тозаққа жақындататын, жәннаттан алыстататын нәрселерден аулақ болуларыңды еске салып ескерттім. Таңдауды сендер өздерің жасайсыңдар».