6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Өлерде бәрі Расулуллаһты көреді

Өлерде бәрі Расулуллаһты көреді

Сұрақ: Өлер алдында адамның рухы денесінен шығып жатқанда адам Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көре ме?

Жауап: Бұл туралы Ахмед ибн Хажәр Хәйтәми хазреттің «Фәтауәл кубра» кітабында былай делінеді:

«Расулуллаһ өлім аузында жатқан әрбір адамға көрінеді және ол адамға «Мына адам туралы не дейсің?» делінеді. Бұлай болуы Аллаһу та'аланың құдіретін көрсетеді. «Мынау» сөзі қасында тұрған адамды көрсетуде қолданылады. Бұл сөз Расулуллаһтың әртүрлі жерде, әртүрлі кейіпте бір уақытта көріне алатынына сенбейтіндерге жауап.

Сондай-ақ бұған сену ақылға да қонымды. Расулуллаһтың болмысы айна секілді болып, бәрі сол айнада өз әсемдігінің, ұсқынсыздығының бейнесін көруде. Айнаның әсемдігінде еш өзгеріс болмайды.

Қабір өмірі мен ахирет өмірі дүниедегі өмірге ұқсамайды. Дүниеде әр адамның бір ғана кейіпі бар. Әулиелердің дүниеде де әртүрлі кейіпке енгендігі көп байқалған».

«Ақрәб-ут туруқ-и иләл хақ» кітабында:

«Расулуллаһтың алдында тұрғаныңды, сен көріп тұрғанын және даусыңды естіп тұрғанын ойла! Алыста болсаң да, Аллаһу та'ала дауысыңды естіртеді және сені көрсетеді. Мұнда жақындық пен алыстық арасында айырмашылық жоқ» делінген.

«Фәтауәл кубра» кітабында жазылған:

«Өлілер оларды зиярат етіп келгендерді таниды. Ибн Әбиддуния хабар берген хадис шәрифте:

«Бір адам дін бауырының қабірін зиярат етіп отырғанда мәйіт оны таниды және сәлеміне жауап береді» делінген. Басқа хадис шәрифте:

«Бір адам таныс мүмин бауырының қабірінің қасынан өтіп, сәлем берсе, мәйіт оны таниды және сәлеміне жауап береді» делінген».

Тағы да сол кітапта былай жазылған:

«Өлі тірілердің дауысын естиді. Имам Ахмед хабар берген хадис шәрифте: «Мәйіт оны жуындырған, табытта көтерген және қабірге түсірген адамын таниды» делінген».

Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет Ибн Хажәр Мекки хазреті туралы:

«Ол ислам ғалымдарының ең ұлыларының бірі. Оның әр сөзі дұрыс және дәлел» деген.

Расулуллаһтың келуіне, көруіне қалайша күмәндануға болады? Пайғамбарлардың, тіпті әулиелердің пәк рухтары денелерінен ажырағанда дәрежелері көтеріледі, биіктейді. Олар періштелердей іс атқара алады. Осындай екенін әһли сүннет ғұламалары бір ауыздан хабар берді.