12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Қияметтің басталуы

Қияметтің басталуы

Өткен жылдары кей адамдар «Мая күнтізбесі бойынша қиямет басталады екен» деген болатын. Үрейі қашып, дүрбелең туғызғандар болды. Адамдар қияметтің басталуын жер сілкінісі секілді құбылыс деп қабылдаса керек. Өйткені сондай хабарлардан кейін «сенімді» деп басқа жерлерге көшкендер болды. Ал қазір «Қиямет 120 жылдан кейін басталады» дегендер шықты.

Қияметтің басталуының белгілері бар. Ол белгілер шықпайынша қиямет басталмайды. Құнды кітаптарда былай жазылады:

Қияметтің қашан басталатыны нақты хабар берілмеген, мұны ешкім біле алмайды. Бірақ пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көптеген белгілерін және бастамаларын хабар берді:

Хазреті Мәһди келеді, Иса пайғамбар (алейһиссалам) аспаннан Шам қаласына түседі, Дәжжал шығады. Яжуж және Мәжуж барлық жердің астан-кестенін шығарады. Күн батыстан туады. Үлкен зілзалалар болады. Діни білім ұмытылады. Күнә, жамандық көбейеді. Барлық жерде харам істеледі. Йеменнен өрт шығады. Аспан мен таулар бөлшектенеді. Күн мен ай қараяды. Теңіздер бір-біріне араласып, қайнап, кеуіп кетеді. (Иман және Ислам).

Аллаһу та'ала қияметтің басталғанын қалаған кезде Исрафил алейһиссалам Сурды үрлейді. Сол мезетте таулар ұшады, бұлт секілді жүре бастайды. Теңіздер бір-біріне тасиды. Күннің жарығы кетіп, қарайып қалады. Таулар шаңға айналады. Әлемдер (және ғаламшарлар) бір-біріне кіреді. Жұлдыздар үзілген моншақтың шашылғанындай жайылады. Аспан гүл майы секілді еріп, диірмендей айналып, өте тез қимылдайды. Аллаһу та'ала аспандардың парша-парша болуын әмір етеді. Жер мен көкте тірі ешкім қалмайды, жандының бәрі өледі. (Қиямет және Ахирет).

Имам Раббани хазрет айтады:

Қиямет басталған кезде жұлдыздар орнынан айрылып шашылатыны, аспанның бөлшектенетіні, жер жүзі мен таулардың күл-талқаны шығатыны Құран кәрімде айқын хабар берілген. Аяти карималарда былай делінеді:

«Сурға бір рет үрлегенде жер жүзі мен таулар орындарынан көтеріліп сілкінеді. Ол күні қиямет басталады, аспан жарылып шашылады». (Хаққа 13-16).

«Барлық нәрсе жоқ болады, тек Ол ғана қалады!». (Қассас 88).

Құран кәрімде осы секілді тағы түрлі аяти карималар бар... Жаратылыстардың жоқ болып кететініне сену жоқтан бар етілгеніне сену секілді иманның шарты болып табылады. (Мәктубати Раббани).

Бір адам пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Қиямет қашан басталады?» деп сұрады. Расулуллаһ оған «Қияметке не дайындадың?» деді. Ол «Көп ғибадатым жоқ. Бірақ мен Аллаһты және Расулын жақсы көремін» деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз:

«Әркім сүйгенімен бірге болады. Сен де ахиретте сүйгеніңмен бірге боласың» деп жауаптады. (Бұхари).