16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Үйге кіргенде және шыққанда не оқылады?

Үйге кіргенде және шыққанда не оқылады?

Сұрақ: Үйге кіргенде және шыққанда қандай дұға оқу керек?

Жауап: Үйге «Аят-ул курси» және «Ихлас» сүресін оқып кіру керек. Хадис шәрифте:

«Үйге кірерде «Ихлас» сүресін оқыған адам жоқшылық көрмейді» делінген. (Әйюһәл уәләд ілімхалы).

Сахабалардан Сухәйл (радиаллаһу анһ) осы кеңесті ұстанып, бай болған.

Үйге оң аяқпен кіріп, сәлем беру керек. Үйде ешкім жоқ болса, «Әссәләму алейнә уә алә ибадилләһис салихин» деген жөн. Үйден шығарда «Аят-ул курси» оқу қажет. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Үйінен шығарда «Бисмиллаһ, тәуәккәлту аләллаһ, лә хаула уә лә қууата илла биллаһ» деп оқыған адам қауіптерден қорғалады, шайтан одан аулақ болады». (Тирмизи).

Үйден шығарда «Аят-ул курсиді» оқыған адамның барлық ісі оңды, сәтті болады. Үйге келгенде де оқыса, екі «Аят-ул курси» арасындағы барлық ісі қайырлы болады.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Кімде-кім үйінен шығарда «Аят-ул курсиді» оқыса, жетпіс періште үйіне қайтқанша оған дұға мен истиғфар оқиды». (Әйюһәл уәләд ілімхалы).

Күнде таңертең «Өзімнің, жанұямның ризығын халалдан тауып, ешкімге мұқтаж болмау, ғибадаттарымды дұрыс орындай алу және адамзатқа қызмет ете алу үшін жұмысыма бара жатырмын» деп ниет ету қажет.

 

Үйге кірерде дұға оқу

Сұрақ: Үйге кірерде оқылатын «Аят-ул курси» мен «Ихлас» сүресі қай кезде оқылады? Бір досым үйге кірген кезде оқылады десе, басқа досым кірмей тұрып оқу керек дейді. Тағы бір досым үйдің кіреберісінен (подъезд) кірерде, лифтімен көтерілгенде оқылады дейді. Қайсы дұрыс?

Жауап: Үшеуі де дұрыс.

 

Сұрақ: Мұсылман кісі үйіне кірерде неге мән беру керек, оқылатын дұға бар ма?

Жауап: Бұл тақырыпта Сүлейман бин Жәза хазрет «Әйюһәл уәләд» кітабында былай дейді:

«Үйіңе бисмиллаһ айтып кір! Егер уақытың болса, «Ихлас» сүресін оқы! Пайғамбарымыз (алейһиссалам) «Үйге кірерде «Ихлас» сүресін оқыған адам жоқшылық көрмейді» деген. Сахаба Сухәйл (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың осы кеңесін орындап бай болған еді. Үйге кірерде оң аяқпен кір және сәлем бер. Үйде ешкім болмаса, «Әссәләму алейнә уә алә ибадиллаһиссалихин» деп сәлем беруге болады. Сонымен қатар, бір рет «Ихлас» сүресін және бір рет «Аят-ул курсиді» оқысаң, үйіңе шайтан кіре алмайды. Барлық ісіңді бисмиллаһ айтып баста! Бір жұмысты және тамақтануды оң қолыңмен баста! Ас басында әрдайым адамдармен отыр. Тамақтан соң дұға және «Ихлас» сүресін оқы! Тамақтан соң бір сағат өтпейінше су ішпе, бұл денсаулыққа зиян».

 

Сұрақ: Мұсылман кісі үйінен шығарда қандай дұға немесе сүре оқығаны жөн?

Жауап: Бұл туралы Сүлейман бин Жәза хазрет «Әйюһәл уәләд» кітабында былай дейді:

«Үйінен шығарда «Аят-ул курсиді» оқы! Өйткені, барлық ісіңде жетістікке жетіп, істерің қайырлы болады. Расулуллаһ (алейһиссалам) айтқанындай: «Кімде-кім үйінен шығарда «Аят-ул курсиді» оқыса, Аллаһу та'ала жетпіс періштеге бұйрық береді, ол адам үйіне қайтқанша оған дұға мен истиғфар оқиды». Үйіңе келгенде де оқысаң, екі «Аят-ул курси» арасындағы істерің қайырлы болады және кедейліктің алды алынған болады. Алдымен оң аяқ киіміңді ки. Үйден, мешіттен шығарда сол аяқпен шық!».