Көп табыс табу үшін көп жұмыс істеу керекҚұнды кітаптарда өзінің және бала-шағасының напақасын табатындай және қарыздарды өтейтіндей шамада жұмыс істеп ақша табу парыз делінген. Мұсылмандарға көмектесу үшін, дінге қызмет ету үшін көбірек жұмыс істеп ақша табу мүстаһаб, жақсы болады. Хадис шәрифте былай делінеді: «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғаны» (Қудаи). Мақтану үшін, жұртқа көрсету үшін ақша табу тахримән мәкрух. Жұмыс істеу ризықты арттырмайды. Жұмыс істеу тағдырда жазылған ризыққа қолжеткізуге себепші. Ризықты беретін Аллаһу та'ала. Жұмыс істеу – себепке жүгіну деген сөз. Себептерге жүгіну сүннет. (Әл- Ихтияр). Көп сауап алу үшін көп мал-мүлікке қажеттілік бар. Көп мал-мүлік табу үшін көп жұмыс істеу керек. Исламға сай табылған табыстың барлық түрі дүниеге берілу болмайды, ахирет үшін болады... Ахиретімізді жақсарту мақсатымен дүниеміздің жайлы болуын тілеп дұға етудің зияны жоқ. Мұсылман адам дүниелігін де ахирет үшін қолданады. Дінімізде мал-мүліктің қадірі, маңызы жоғары. Адам жанын, мал-мүлкін, денсаулығын, діні және абыройын мал-мүлкі арқылы қорғайды. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ақыр заманда үмбетіме мал-мүлік иесі болу неткен бақыт». (И.Рафии). «Бір заман келеді, ақшасы жоқ адамның тыныштығы болмайды». (Табарани). Сәйид Абдуллаһ Деһлеуи хазрет Мәуләна Халид Бағдади хазретке «Менен бір нәрсе сұра, бірақ бір нәрсе ғана болсын» дегенде, ол «Дінім үшін дүниелік сұраймын» деген. Өйткені дүниелік болмаса, ойдағыдай дінге қызмет ету мүмкін болмайды. Дүниелік табу үшін жұмыс істеу күнә емес. Дүниелікті жақсы көру, дүниеге берілу күнә. Әшекей саналатын нәрселерді қолдану мубах (халал). Қажеттілік және әшекей заттарды исламға сай қолдану ғибадат саналады. Шілдеге отырып, тек қана ғибадат жасап, үйлену, қыдыру секілді мубах амалдарды және халалдан табыс табуды тәрк ету тахримән мәкрух болады. (Татархания). Әсіресе өзін мұқтаж жағдайға түсіру мүлде рұқсат емес. Хадис шәрифте: «Жұмыс істемей өзін садақа сұрайтындай жағдайға түсірген адам жетпіс нәрсеге мұқтаж болады» делінген. (Тирмизи). Мал-мүлік – Аллаһу та'ала берген ниғмет. Ахиретті жақсарту мал-мүлік арқылы іске асады. Дүние мен ахирет мал-мүлік арқылы реттеледі, жеңілдейді. Қажылық, жиһад (дінді жаю) сауабы мал-мүлік арқылы табылады. Дененің саулығы, күш-қуат табуы мал-мүлік арқылы болады. Біреуге мұқтаж болудан адамды қорғайтын нәрсе – мал-мүлік. Садақа беру, туған-туысқандармен араласу, жәрдемдесу, кедейлерге көмектесу мал-мүлік арқылы болады. Мешіт, мектеп, аурухана, жол салу, елді-мекендерге су жүргізу, көпір соғу арқылы адамдарға қызмет ету де мал-мүлік арқылы орындалады. Адамдарға көмектесу үшін жұмыс істеп ақша табудың сауабы нәпіл ғибадаттың сауабынан әлдеқайда көбірек... |