АСХАБИ КИРАМ (алейһимурридуан)Кез келген адам кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген адамға, кез келген нәрсе үшін, кез келген түрде рахмет, алғыс айтып, оны мадақтаса, бұл мақтаулардың бәрі Аллаһу та'алаға тән. Өйткені барлық нәрсені жаратқан, жүйеге келтірген, жетілдірген, барлық жақсылықты жасаған да, жіберген де, тек қана Ол. Күш-қуат иесі тек қана Ол. «Адам бір нәрсені жаратты» деп айту, «жаратты» сөзін Аллаһу та'аладан өзгеге қолдану масаның үлкен ғимарат салғанын немесе автокөлік айдағанын айту секілді болады және өте жаман күнә саналады. Барлық дұғалар мен ізгіліктер Оның пайғамбары және сүйіктісі «Мұхаммед» алейһиссаламға және Оның әһли бәйтіне (отбасына) әрі сахабаларының барлығына (ридуануллаһи та'ала алейһим әжмаин) болсын! «Мират-и каинат» атты үлкен тарих кітабының авторы Нишанжызада Мұхаммед бин Ахмед (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: «Асхаби кирам әртүрлі түсіндірілген. «Мәуаһиб-и ләдунния» кітабында жазылуы бойынша, пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көзі тірісінде және пайғамбар кезінде бір сәт көрген, егер соқыр болса бір сәт сөйлескен үлкен немесе кіші әр мұсылманды «Сахиб» немесе «Сахаби» деп атайды. Бірнешеуін «Асхаб» немесе «Сахаба» яки «Сахб» дейді. Кәпір кезінде көріп, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болған соң иманға келген немесе мұсылман кезінде көріп, кейіннен мүртәд болған адам сахаба емес. Асхаби кирам арасында болған Убәйдуллаһ бин Жахш және Саләбә бин Әби Хатиб кәпір, яғни мүртәд болды. Мүртәд болғаннан кейін қайтадан иманға келсе, тағы сахаба болады деген». Уахши (радиаллаһу анһ) та сахаба еді және сахаба болып қайтыс болды. Мәшһүр «Мұхаммадия» кітабындағы «Есімі де уахши (жабайы), денесі де уахши» деген сөздер иман келтіргеннен бұрынғы денесін хабар берген. Сексен жылдық кәпірлер иманға келіп, бір рет пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк жүзін көрсе, сахаба болады да, Уахши (радиаллаһу анһ) сахаба болмай ма? Осы шарттарға ие жындар да сахаба болады. Уахши туралы көбірек мәлімет алу үшін «Саадати Әбәдия» кітабының 1187-ші бетіне қараңыз! Абдулғани Наблусидің (рахимә-һуллаһу та'ала) «Хадиқатун-нәдия» атты «Тариқат-и Мухаммадия» кітабына шәрһі өте құнды. 1290 [м.1873] жылы Стамбұлда басылған. 1400 [м.1980] жылы бірінші бөлімі офсет жолымен басылған. Осы кітаптың 13-ші бетінде: «Мұсылман болып Расулуллаһпен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кездескен және мұсылман күйде өлгені мәлім болған жын және адамды сахаба деп атайды. Осы сипаттама бойынша соқыр және пайғамбарымызбен бірге ұзақ уақыт болмаған адам да сахаба болады. Періште сахаба болмайды. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болған кезде жүз жиырма төрт мыңнан астам сахаба бар еді. Олардың бәрі ғалым, кемел, үстем адамдар еді» деп жазылған. Барлық дін ғұламаларының айтуынша, асхаби кирам (алейһимурридуан) пайғамбарлардан (алейһимуссалауату уәттәслимат) кейін және періштелерден кейін жаратылыстардың ең абзалы, ең үстемі. Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір рет көрген мұсылман адам көрмегендердің бәрінен, тіпті Уәйсәл Қараниден дәрежесі әлдеқайда жоғары тұрады. Асхаби кирам (алейһимурридуан) Шамға кіргенде оларды көрген христиандар олардың жағдайларына қайран болып, «Олар Иса алейһиссаламның хауарилерінен жоғары екен» десті. Бұл діннің ең үлкен ғалымдарының бірі Абдуллаһ ибн Мүбәрәк (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқанындай: «Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасында кетіп бара жатқанда хазреті Муауияның (радиаллаһу анһ) мінген атының мұрнына кірген шаң тозаңы Омар бин Абдулазизден мың есе үстем». Асхаби кирамның (алейһимурридуан) үстемдіктерін көрсететін аяти карималар мен хадис шәрифтер өте көп. «Али Имран» сүресінің 110-шы аятында «Сендер бүкіл адамзаттың ішінде ең жақсы үмбетсіңдер, жамағатсыңдар» делінген. Яғни пайғамбарлардан кейін бүкіл адамдардың ең жақсысыңдар! «Тәубе» сүресінің 103-ші аятында «Мекке халқынан болып, Мәдинаға хижрет еткен сахабаларға және жақсылардың жолымен жүргендерге Аллаһу та'ала разы. Олар да Аллаһу та'алаға разы. Аллаһу та'ала оларға жәннаттар дайындаған» делінген. «Әнфал» сүресінің 64-ші аятында Аллаһу та'ала сүйікті пайғамбарына (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Саған Аллаһу та'ала жетеді және саған бағынған мүминдер жетеді» деді. Ол кезде сахабалар өте аз еді. Бірақ Аллаһу та'аланың алдында дәрежелері өте жоғары болғандықтан, дінді таратуда олар саған жетеді делінді. «Фәтһ» сүресінің 29-шы аятында «Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Аллаһу та'аланың пайғамбары және Онымен бірге болғандардың [яғни асхаби кирамның] барлығы кәпірлерге қарсы өте қатал. Бірақ олар бір-бірлеріне өте мейірімді, сыпайы. Оларды көбіне рукуда және сәждеде көресіңдер. Баршаға дүниеде және ахиретте барлық жақсылықты, үстемдікті Аллаһу та'аладан тілейді. Ридуанды, яғни Аллаһу та'аланың оларды ұнатуын да қалайды. Көп сәжде ететіні жүздерінен белгілі болады. Олардың хәлдері, құрметтері осылай Тәуратта және Інжілде білдірілген. Інжілде хабар берілгеніндей, олар егінге ұқсайды. Жіңішке көшет жерден өніп шығып, қалыңдап, биіктегені секілді олар аз және әлсіз бола тұра аз уақытта жан-жаққа тарады. Олар барлық жерді иман нұрына толтырды. Адамдар көшеттің жағдайын байқап, аз уақытта қалай өсіп кетті деп таңқалғанындай, олардың хәлдері мен атақ-даңқы әлемге тарап, мұны көргендер қайран болды, ал кәпірлер ашуға булықты» делінген. Бұл аяти карима тек қана түскен кезіндегі сахабалардың емес, кейіннен иманға келетіндердің де қадірін көрсетеді. Белгілі болғанындай, Муауия (радиаллаһу анһ) та ислам дінін жаюға көп қызмет еткен сахаба. Аллаһу та'аланың осы мақтаулары мен дәріптеулері әр сахабаға тиісті болғанындай оған да тікелей қатысты. «Мират-и каинат» кітабының үш жүз жиырма алтыншы бетінде асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) ұлылығын, дәрежелерінің биіктігін көрсететін хадис шәрифтерден мыналар жазылған: 1 – «Сахабаларымның ешбіріне тіл тигізбеңдер. Олардың абыройына жараспайтын ештеңе айтпаңдар! Нәпсім қолында болған Аллаһу та'алаға ант етемін, сендердің біреуің Ухуд тауындай садақа берсе, сахабаларымның бірінің бір муд арпасындай сауап ала алмайды». Өйткені садақа беру ғибадат. Ғибадаттардың сауабы ниеттің тазалығына байланысты. Бұл хадис шәриф асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жүректері қаншалықты таза екенін көрсетуде. Хазреті Муауияға (радиаллаһу анһ) тіл тигізгендердің осы хадис шәрифті ұстанбайтыны аңғарылады. [Муд – мәнн деген сөз. Бір мәнн – екі ритл, 260 шариғи дирхам, яғни 875 граммға тең. Пітір садақасы жарты са', яғни екі муд болып, 1750 грамм бидайға тең]. 2 – «Сахабаларымның әрбірі аспандағы жұлдыздар секілді. Қайбіріне ерсеңдер, Аллаһу та'аланың сүйіспеншілігіне қауышасыңдар». Яғни қайбірінің сөзімен амал ететін болсаңдар, дұрыс жолда боласыңдар. Теңізде, шөл далада жұлдызға қарап бағыт алынғаны секілді, олардың сөзімен амал еткендер тура жолмен жүреді. 3 – «Сахабаларыма тіл тигізуге Аллаһу та'аладан қорқыңдар! Менен кейін оларды жаман ниеттеріңе мақсат қылмаңдар! Нәпістеріңе еріп, кек сақтамаңдар! Оларды жақсы көргендер мені сүйгені үшін жақсы көреді. Оларды жақсы көрмегендер мені жақтырмағаны үшін жақсы көрмейді. Оларға қолымен, тілімен жапа шектіргендер, ренжіткендер Аллаһу та'алаға жапа шектірген болады, ал мұның жазасы кешікпейді, бірден беріледі». 4 – «Барлық дәуірлердің, ғасырлардың халқының ең қайырлысы, ең жақсысы – менің ғасырымның [мұсылман] халқы. [Яғни барлық сахабалар]. Одан кейін екінші ғасырдың, одан кейін үшінші ғасырдың мұсылмандары». 5 – «Мені көрген немесе мені көргендерді көрген мұсылманды тозақ оты жақпайды». Ислам дінінің ең үлкен ғалымдарының бірі Ахмед ибн Хажәр Хәйтәми Меккидің (рахимә-һуллаһу та'ала) заманында Үндістанда ғалымдар, әулиелер көп болса да әрі ислам күні көтеріліп, әлемді жарықтандырып тұрса да, жүректері сауатсыздықпен қарайған, жеке басының пайдасын, құмарын ойлап бұзылған дүмшелер асхаби кирамға тіл тигізіп, әдепсіздікке дейін жеткен еді. Ол кездегі Үндістанның сұлтаны Хумаюн шах (рахимә-һуллаһу та'ала) болатын. Дінін жақсы көретін, ғалымдарды құрметтейтін еді. Сый-сияпаты, әділдігі және әр адамды өз құрметіне лайықты түрде басқарып, мұсылмандарға түрлі жолдармен жақсылық жасайтын. Ол Үндістандағы Гургания мемлекетінің құрушысы Бабыр шахтың (рахимә-һуллаһу та'ала) ұлы еді. Осындай бақытты дәуірдің ғалымдары адасқандардың үнін өшіру үшін жиналып, Ибн Хажәр хазретке жүгінді. Ол асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) үстемдіктерін екі үлкен кітапқа жазып, дәлелдермен, құжаттармен және дәйектермен дұшпандардың арандатушылығын тоқтатты. Олардан «Сауаик-ул-мухрика» кітабындағы екі хадис шәрифтің аудармасы мынадай: 6 – «Аллаһу та'ала мені адамдардың ең асылы болған құрайыш тайпасынан таңдады және маған адамдар арасынан ең жақсыларын дос ретінде ажыратты. Олардың бірнешеуін маған уәзір қылып, ислам дінін адамдарға жаюда көмекші ретінде таңдады. Олардың кейбірлерін әсхар ретінде, яғни жұбайым тарапынан туыс ретінде ажыратты. Оларды жамандағандарға, жала жапқандарға, сөккендерге Аллаһу та'аланың және бүкіл періштелер мен адамдардың лағнеті жаусын! Аллаһу та'ала қиямет күні олардың парыздары мен сүннеттерін қабылдамайды». [Әбу Бәкір және Омар (радиаллаһу анһума) әрі уәзірлері, әрі әсхары еді. Өйткені бірі әзуажи мутаһһараттан Айшаның (радиаллаһу та'ала анһа), ал екіншісі Хафсаның (радиаллаһу та'ала анһа) әкесі еді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк жұбайы Умму Хабиба (радиаллаһу анһа) анамыздың ағасы Муауия, әкесі Әбу Суфян және анасы Хинд (радиаллаһу анһ) та әсхардан болып, осы хадис шәрифке қатысы бар]. 7 – Тағы сол кітапта мына хадис шәриф жазылған: «Сахабаларыма, туысқандарыма және маған көмектескен, көрсеткен жолымда жүргендерге деген махабатта менің хақымды қорғаңдар! Оларды жақсы көру арқылы менің пайғамбарлық хақымды қорғағандарды Аллаһу та'ала дүниеде және ахиретте бәле-жаладан, зияннан қорғайды. Менің пайғамбарлық хақымды ойламай оларды ренжіткендерді Аллаһу та'ала жақсы көрмейді. Аллаһу та'аланың жақсы көрмейтін адамдарын азаптауы өте жақын». Бұл хадис шәрифтердің айқын көрсетіп тұрғаны, асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) әрбірін жақсы көруіміз, бәрін құрметтеуіміз керек. Олардың араларында шыққан соғыстарын Аллаһу та'аланың бұйрығын орындау үшін жасағандарына сену қажет. Бұл соғыстарға қатысушылардың ешбірінде мансапқа, абыройға, ақшаға деген құмарлық жоқ еді. Бәрі аяти кариманың және хадис шәрифтің бұйрығын орындауды көздеген еді. Осман (радиаллаһу анһ) шәһид болғанда бүкіл мұсылмандар хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) халифа қылды. Халифа хазрет алдымен барлық жерді тыныштандыруды бастады. Ал асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) көбісі, әсіресе ашәрә-и мубашшарадан, яғни жәннатпен сүйіншіленген он кісінің бірі және жетінші атасында пайғамбарымызбен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) туыс болған және исламның алғаш кезінен иманға келіп, кәпірлерден көп жапа шеккен [мысалы кәпірлер оны Әбу Бәкірмен (радиаллаһу анһ) бірге жіпке байлап, намаз оқуына бөгет болатын еді] және Стамбұлда жерленген Халид ибн Зәйд әбу Әйюбәл ансари (радиаллаһу анһ) және ахиреттік бауыры Талха (радиаллаһу анһ), ашәрә-и мубашшарадан Зубәйр (радиаллаһу анһ), пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуына дейін сүйіктісі болған және Құран кәрімде Аллаһу та'ала тарапынан мақталу бақытына кенелген Айша (радиаллаһу анһа) анамыз хазреті Османды (радиаллаһу анһ) өлтірген адамдардың дереу ұсталып, қысас жазасына тартылуын халифадан талап етті. Халифа «Қазір бүлік өршіп тұрғандықтан, бұл істі бастасам, фитнаның артуына, бәлкім екінші тағы бір қасіретті оқиғаның шығуына себеп болады. Әуелі бүлікті басайын, ортаны тыныштандырайын, одан кейін Аллаһу та'аланың қысас әмірін орындаймын» деді. Ал қарсы тараптағылар қылмыскерлердің қазірдің өзінде кім екені белгісіз екенін, кейіннен мүлде табылмайтынын және діннің әмірі орындалмайтынын, тек қазір ғана мұның мүмкін екенін ижтиһад етіп айтты. Осылай ижтиһад еткендердің бірі Талха (радиаллаһу анһ). Шамда қызметте болғандықтан, Бәдр соғысына қатыса алмаған болатын, басқа барлық соғыстарға қатысқан. Әсіресе Ухуд соғысында Аллаһу та'аланың жолында көп қорлыққа ұшыраған еді. Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өз денесімен жауып қорғаған және жауындай жауған оқты арқасына алып, Оны жартасқа шығарған болатын. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Талха мен Зубәйр жәннатта менің көршілерім» дегенін хазреті Әли (радиаллаһу анһ) айтқан. Зубәйр бин Аууам (радиаллаһу анһ) Хадижә-тул Кубраның (радиаллаһу анһа) бауырының ұлы және пайғамбарымыздың апасы Сафияның ұлы болып, исламның алғашқы күндерінде он бес жасында мұсылман болған. Аллаһу та'аланың жолында ең алғаш қылыш көтерген ол еді. Яғни ол ислам әскерінің алғашқы офицері болды. Көптеген соғыстарда және ең қауіпті кездерде Расулуллаһтың алдында шайқасып, көп жері жарақаттанған еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Әр пайғамбардың хауариі бар. Менің хауариім Зубәйр» деген. Омар (радиаллаһу анһ) қайтыс болатын кезінде халифа болуға лайықты санаған алты адамның бірі Талха, бірі Зубәйр еді. Зубәйр өте бай болып, бүкіл байлығын Расулуллаһқа пида еткен болатын. Осындай ұлы тұлғалар қысас жазасының дереу орындалуына ижтиһад етіп, табандылықпен талап етті. Ол кезде асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) ижтиһады үш түрлі еді. Бір бөлігі халифа секілді ижтиһад еткен еді. Бір бөлігі қарсы тарап секілді ижтиһад етті. Ал үшінші бөлігі үндемеуді жөн санаған еді. Олардың әрбірінің біреудің сөзіне ермей, әркімнің өз ижтиһады бойынша амал етуі керек еді. Бірінші және екінші топта болғандар көбейді. Абдуллаһ бин Сәбә есімді яһуди бұл мәселеге араласып, ақыры соғысқа дейін барды және Басра мен Жәмәл оқиғалары орын алды. Муауия (радиаллаһу анһ) ол кезде Шамның әкімі еді. Үшінші топтың ижтиһадында болып, қарамағындағы мұсылмандарды бұл соғыстарға араластырмаған еді. Бәрінің қамсыз және тыныш өмір сүруін қамтамасыз еткен еді. Бірақ Әли (радиаллаһу анһ) шамдықтарды да шақырғанда Муауия (радиаллаһу анһ) көптеген хадис шәрифтерді ойлап, қарсы тарап секілді ижтиһад етті. Халифа шамдықтармен келіспекші болғанында араға яһудилердің іріткісі араласып, Сыффин соғысы орын алды. Бұл соғыстарда асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) бір-бірін ренжітуді, кек қайтаруды, халифалыққа, билікке, мансап пен байлыққа қолжеткізуді мүлде ойламаған, тек қана ижтиһадтары өзгеше болғандықтан діннің бұйрығын орындауға тырысқан. Соғыс кезінде де олар бір-бірімен хат жазысқаны, насихат айтқаны, бір-бірін жақсы көргені көп мысалдарда айқын көрінуде. Мысалы, Сыффин соғысы кездері Стамбұл императоры екінші Константин шекарадағы ислам қалаларының тыныштығын бұзып, қинаған еді. Муауия (радиаллаһу анһ) оған хат жазып, «Бұл ісіңді доғармасаң, қазір қожайыныммен бейбіт келісім жасап, оның әскерінің қолбасшысы болып, сол жаққа барып, қалаларыңды қиратамын. Сені шошқа бағушы қыламын» деген болатын. Сондай-ақ сол кездері халифа Әли (радиаллаһу анһ) көп адамның алдында тұрып «Бауырларымыз бізден айрылды. Олар кәпір және күнәһар емес. Өйткені олардың ижтиһадтары солай болды» деген. Бір-бірімен соғысып жатқанда біреу біреуге «Бауырым» деді. Ол оған «Тыңдап тұрмын» деді. Олардың соғысы ижтиһадтары бөлек болғандықтан еді, билік, мал-мүлік пен атақ-даңқ үшін емес еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқанындай, ижтиһады тура шыққан мүжтәһидке екіден онға дейін, ал қателескенге бір сауап беріледі. Асхаби кирамның барлығы мүжтәһид еді. Әр мүжтәһидке өз ижтиһадымен амал етуі парыз. Имам Мүслимнің ұстаздарының бірі Әбу Зуратиррази (рахимә-һумуллаһу та'ала) кітабында айтады: «Асхаби кирамды (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) қор көрген, оларға тіл тигізген адам – зындық (дүмше). Мұсылмандардың Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дұшпандарын дұшпан деп білуі және оларға әһли бәйттің дұшпандарынан көбірек қарғыс айтуы қажет болады. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үлкен дұшпаны және көп қорлық көрсетіп, көп жапа шектірген Әбу Жәһлді олар қарғамайды, оған ештеңе демейді де, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мақтап мадақтаған, жақсы көрген Муауияны (радиаллаһу анһ) әһли бәйтке дұшпан деп санап, сондай ардақты тұлғаға тіл тигізіп, тіпті қарғап жатыр. Бұл қандай дін, бұл қандай мұсылмандық? Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та'аланың пайғамбары екенін, Құран кәрімнің Оған Аллаһу та'аладан келгенін бізге жеткізген – асхаби кирам. Асхаби кирамды ұлы және тура деп білмегендер олардың бізге жеткізген хабарларына да сенбейді және әрине діндері құлдырайды». Ибн Хазмның айтқанындай, асхаби кирам толықтай жәннаттық. Өйткені Аллаһу та'ала оларға қатысты «Ең үлкен дәрежелер беремін» деген. «Хадид» сүресінің 10-шы аятында «Олардың бәріне хуснаны, яғни жәннатты уәде еттік», «Әнбия» сүресінде «Оларды ежелде ештеңе жаратпастан бұрын жәннаттық қылдым. Тозақ олардан аулақ» делінді. Бұл аяти карималардан асхаби кирамның бәрі (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жәннаттық екені аңғарылады. Олардың ешбірі тозақ отына жақындамайды. Өйткені олар хуснамен, яғни жәннатпен сүйіншіленген. Тағы Мират-и каинаттың үш жүз жиырма жетінші бетінде жазылған: «Ақида кітаптарының бәрінде жазылуы бойынша, асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) бәрін ұлы деп санау, бәріне жақсы ойда болу, бәрінің салих және әділ болғанына сену, ешбіріне тіл тигізбеу, дұшпандық жасамау және бір бөлігін жақсы көргендіктен өзгелерін жаман деп білмеу нақты дәлелдермен бүкіл мұсылмандарға уәжіп». Аллама Садәддин Тафтазани (рахимә-һуллаһу та'ала) «Шәрһи ақаид» кітабында айтады: «Асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) араларындағы соғыстардың діни себептері бар. Оларға тіл тигізгендердің сөздері нақты дәлелдерге, яғни Құран кәрімге және хадис шәрифтерге сай болмаса, кәпір болады. Сай болса, үлкен күнә істеген болады. Бидғатшы, яғни адасушы болады». Мәуаһиб-и ләдуннияда «Асхабымның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) есімін естігенде үндемеңдер! Олардың абыройына жараспайтын сөз айтпаңдар!» хадис шәрифі жазылған. Асхаби кирамның (ридуануллаһи алейһим әжмаин) абыройына лайықты болмаған сөз айту мұсылмандарға жараспайды. Олардың соғыстары жаман себептермен, нашар ойлармен емес еді. Олардың рухтары мен нәпістері адамдардың ең жақсысының және үстемінің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдында отырып, дәрістерін, насихаттарын тыңдап тазаланған, нұрланған, жүректерінде кек пен алауыздық қалмаған еді. Олардың әрбірі ижтиһад дәрежесіне көтерілгендіктен, өз ижтиһадтарына сай амал етуі қажет әрі уәжіп еді. Кейбір мәселелерде ижтиһадтары өзгеше болғанда олар бір-біріне ермей, әркім өз ижтиһадын ұстануы дұрыс жол еді. Олардың бір-біріне ермеуі де еруі секілді хақ бойынша еді. Нәпістің қалауы емес еді. Кейбіреулер Имам Әлиге (радиаллаһу анһ) қарсы соғысқандарды кәпір дейді. Алайда асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) бір бөлігі ижтиһадтарында көп рет пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) да ермеген еді. Бұл ажыраулары айып саналмады. Жәбрейіл (алейһиссалам) келген кезде оларға ештеңе айтылмады. Олай болса, Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) ижтиһадына ермегендерге тіл тигізуге бола ма? Оларды кәпір деуге бола ма? Сондай-ақ ермегендер көп еді және көбісі асхаби кирамның (радиаллаһу анһум) ұлылары, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сүйіктілері, тіпті жәннатпен сүйіншіленгендері еді. Оларға қалайша тіл тигізуге болады? Қалайша оларды кәпір деуге болады? Ислам дінінің жартысына жуық бұйрықтарын бізге жеткізген олар. Олар айыпты делінетін болса, онда діннің жартысы шайқалады. Ол ұлы тұлғалардың ешбіріне бұл діннің ғұламаларының ешбірі құрметсіздік жасамаған. Төрт мазһабтың басшылары және София-и алияның ғұламалары оларды ұлы және жоғары дәрежелі деп білген. Құран кәрімнен кейін ислам дініндегі ең дұрыс кітап «Бұхари-и шәриф». Шиилер де бұған сенеді. Сол Бұхари-и шәрифте қандай да бір сахаба (радиаллаһу та'ала анһ) айтқан хадис шәриф жазылған. Асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) арасындағы соғыстар олардың сөздеріне нұқсан келтірмеген және сенімсіздікке себеп болмаған. Бұл кітапта және басқа барлық хадис кітаптарында әрі хазреті Әлидің, әрі хазреті Муауияның (радиаллаһу анһума) жеткізген хадис шәрифтері бар. Олар өзара соғысқаны үшін сөздерінің қадірі, құрметі жоғалмады. Имам Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) қатарында соғысқандардың сөздері жазылғанындай, Муауияның (радиаллаһу та'ала анһ) қасындағылардың сөздері де жазылған. Егер хазреті Муауияда (радиаллаһу анһ) және онымен бірге болғандарда кемшілік, айып бар болғанда, олар жеткізген хадис шәрифтер кітаптарға жазылмас еді. Дін ғұламаларының ешбірі хадис шәрифтерді таңдағанда Имам Әлиге (радиаллаһу анһ) ергенін немесе ермегенін есепке алмаған. Сондай-ақ, атап өтетін жайт, бұл соғыстарда Имам Әлидікі (радиаллаһу анһ) дұрыс еді. Бірақ Оның ижтиһадына ермегендердің қателескенін де айтуға болмайды. Өйткені асхаби кирамның көбі және табиин, ең үлкен ғалымдар, мазһаб имамдарымыз көптеген ижтиһад мәселелерінде Имам Әлиге (радиаллаһу анһ) ермеген. Егер Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) ижтиһады әрдайым дұрыс екенін қабылдайтын болсақ, осыншалықты дін ғұламалары Одан өзгеше ижтиһад етпес еді. Кейбір мәселелерде Имам Әли (радиаллаһу анһ) та өз ойына қайшы келетін ижтиһадтарды қабылдаған. «Мират-и каинат» кітабының 327-ші бетінде мына хадис шәриф жазылған: «Сахабаларымды жамандағандарды, олардың абыройына жараспайтын сөз айтқандарды ұрыңдар!». Неміс тіліндегі Мейер Лексикон атты атақты ғылыми энциклопедиясында «Шаршамай, қажымай жазған Суютидің үш жүзден астам еңбегі бар» деп тіпті христиандар өздерін ұстай алмай мақтаған Жәлаләддин Суюти «Жами-ус сағир» атты кітабында мына хадис шәрифті келтіреді: «Сахабаларымнан бұдан кейін шығатын қателіктерді Аллаһу та'ала кешіреді. Өйткені олардың ислам дініне жасаған қызметін ешкім жасамаған». Тағы сол кітапта мына хадис шәриф жазылған: «Бәріне шапағат етемін. Бірақ сахабаларыма тіл тигізгендерге, оларды жамандағандарға мүлде шапағат етпеймін!». «Хуласат-ул фәтауа» кітабында жазылғаны бойынша, хазреті Әбу Бәкірді және хазреті Омарды (радиаллаһу анһума) балағаттағандар кәпір болады. Имам Әлиді (радиаллаһу анһ) олардан үстем дегендер бидғат пен адасушылықта болады. Яғни әһли сүннеттен ажырап, тозақтық болады. Тағы 327-ші бетінде жазылғаны бойынша, Имам Ағзам Әбу Ханифа (радиаллаһу анһ) айтқан: Әбу Бәкір мен Омарды үстем санап, Осман мен Имам Әлиді (радиаллаһу анһум) жақсы көру «Әһли сүннет уәл жамағат» белгілерінен. Ол екеуін үстем және екеуін сүйікті деп санау тозақтан құтылғандарға тән. Екеуінің үстемдігін асхаби кирамның барлығы айтқан және табииннің бәрі дін имамдарымызға хабар берген, имамдарымыз кітаптарына жазған. Мысалы Имам Шафиидің және Әбул Хасан Әшаридың (рахимә-һумуллаһу та'ала) Әбу Бәкір мен Омарды (радиаллаһу анһума) бүкіл үмбеттен жоғары санағандығы анық. Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) де халифа кезінде алдыңғы қатарлы адамдарға «Әбу Бәкір мен Омардың бұл үмбеттің ең үстемдері екенін» айтқаны анық. «Менен кейін үмбеттің ең жоғары дәрежелісі Әбу Бәкір мен Омар» (радиаллаһу анһума) хадис шәрифін Имам Әлиден (радиаллаһу анһ) естігенін Имам Зәһәби мен Имам Бұхари (рахимә-һумуллаһу та'ала) хабар берген. Шии ғалымдарының үлкені Абдуррәззақ Лахижи де ол екеуінің үстем екенін айтып, «Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) үстем екенін және ең көп Оны жақсы көретінімді айтсам да, Оның жолынан айрылып, өз пікірімді қалай ұстанамын? Өйткені Ол Әбу Бәкір мен Омардың (радиаллаһу анһума) өзінен де үстем екенін айтқан» деген. Абдуррәззақ бин Әли Лахижи Құм қаласында мұғалім еді. 1051 [м.1642] жылы қайтыс болды. Хазреті Осман мен хазреті Әли (радиаллаһу анһума) халифа кезінде халық арасында фитна мен бүлік көбейіп, бәрі қиналып ренжігендіктен, ол екеуін жақсы көру де әһли сүннет уәл жамағаттың шарты болды. Осылайша сауатсыздардың сахабаларға (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) тіл тигізуінің алды алынған болды. Мұсылмандар пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) халифаларына дұшпандық жасау қауіпінен құтқарылды. Аңғарылғанындай, Имам Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көру де әһли сүннет уәл жамағаттың шарты. Бірақ жақсы көрудің де дәрежесі бар. Кімде-кім хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көруде шектен шығып, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахабаларына тіл тигізіп, оларды балағаттаса, осылайша асхаби кирамның, табиини изамның, сәләфи салихинның (ридуануллаһи алейһим әжмаин) жолынан айрылса, оны адасушы деп атайды. Әһли сүннеттің шарты болған Имам Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көруден мақұрым қалғандар әһли сүннет емес. Оларды «Харижи» деп атайды. «Әһли бәйтті жақсы көреміз» дейтіндер асхаби кирамның бәрін жақсы көріп, оларды құрметтегенде, өте тамаша болар еді. Асхаби кирам арасындағы соғыстардың жақсы себептермен және таза ниеттермен болғанын айтқанда, әһли сүннет уәл жамағат болып, «Бидғатшы» болудан құтылатын еді. Асхаби кирамның бәрін ұлы санап, құрметтеумен қатар әһли бәйтті де жақсы көру «Әһли сүннетке» тән. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Сахабаларымды жақсы көрген адам мені сүйгені үшін жақсы көреді. Оларға дұшпандық жасаған адам маған дұшпандық еткен болады». Олай болса, әһли бәйтті жақсы көрмеу керек пе? Асхаби кирамның бәрі бір-бірін жақсы көретін және әһли бәйтті жақсы көретін. Әһли сүннет әһли бәйтті жақсы көруді иманның бөлігі деп санаған. Соңғы демде иманмен кетуді осы жақсы көрудің күшіне байланысты қылған. «Мират-и каинат» кітабының [327-ші] бетінде жазылғаны бойынша, ғалымдарымыз асхаби кирамды (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) үш топқа бөлген: Бірінші топ «Мухажирин», Мекке жауланып алынғанға дейін Меккеден немесе басқа жерлерден Мәдинаға хижрет еткен мұсылмандар. Талха мен Зубәйр (радиаллаһу анһума) мухажирин сахабаларының ұлыларынан. Екінші топ «Ансар-и кирам», олар Мәдина қаласында немесе айналасында тұрған мұсылмандар, Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көмектескені үшін ансар атауымен абырой тапқан. «Халид бин Зәйд әба Әйюб-әл Ансари» (радиаллаһу анһ) ансар сахабалардың ұлыларынан. Имам Тирмизи хабар берген хадис шәрифте: «Қиямет күні сахабаларымның әрбірі қабірлерінен тұрғанда қайтыс болған бүкіл мұсылмандарының алдына түсіп, оларға нұр мен жарық шашып, Арасат алаңына апарады» делінген. Сондықтан да Стамбұлдағы барлық мұсылмандар хазреті Халидтің (радиаллаһу анһ) артында, Оның жарығымен Махшар алаңына келеді. Үшінші топ, Мекке алынған кезде және одан кейін сол жерде және басқа жерлерде иманға келгендер, олар мухажир және ансар емес. Бірақ сахаба. Муауия және Амр ибн Ас (радиаллаһу анһума) осындай сахабалардың ұлыларынан. Имам Уақидидің айтуынша, асхаби кирамнан Куфа (қазіргі Нәжәф) қаласында ең соңғы қайтыс болған Абдуллаһ ибн Әби Әуфа. Шамда соңғы қайтыс болған Абдуллаһ бин Йәср. Мәдинада соңғы қайтыс болған Сәһл бин Сад. Ол тоқсан бес жасында қайтыс болған. Басрада соңғы қайтыс болған Әнәс бин Малик. Меккеде соңғы қайтыс болған Әбуттуфәйл Амир, ол бәрінен кейін хижреттің жүзінші жылы қайтыс болған. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бірнеше жақын туыстарынан басқа асхаби кирамның барлығы (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жасы бойынша Расулуллаһтан кіші еді. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахабаларының саны нақты белгілі болмағанымен, Ол Меккеге он мың адаммен, Тәбук соғысына жетпіс мың адаммен, қоштасу қажылығына тоқсан мың адаммен барған еді. Қайтыс болған кезінде жүз жиырма төрт мыңнан астам сахаба тірі еді. Асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) ізгілігін, қадірін дұрыс баяндайтын кітаптар мен тарихтар көп. Шәйх Иззәддин Әлидің (рахимә-һуллаһу та'ала) екі томдық «Усуд-ул ғабә» атты кітабы жеті мың бес жүз сахабаның өмірбаянын жазған және еуропа тілдеріне аударған. Ислам тарихы кітаптары арасында дұрыстары Уақидидің, Ибн Халдунның және Ибн Хиликанидің (рахимә-һумуллаһу та'ала) тарих кітаптары. Оларда сахабалар туралы дінге және әдепке қайшы ештеңе жазылмаған. Неміс тіліндегі «Мейер Лексикон энциклопедиясы» техникалық сөздік кітабының бірінші томы, 478-ші бетінде ислам мәдениетін таңданыспен баяндаған жерінде былай дейді: «Соғыстарды жазған Уақидидің тарих кітабы 1882 жылы Велльгаузен тарапынан неміс тіліне аударылған болатын. Уақидидің шәкірті Ибн Са'д пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және сахабаларының (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) өмірбаянын жазған. Кітабы тоғыз томнан тұрып, неміс шығыстанушысы Захау тарапынан 1921 жылы аударылған. Ибн Халдунның тарих кітабы жеті томнан тұрып, 1858 жылы Кутемере тарапынан аударылған». Мейер Лексикон энциклопедиясының 1936 жылғы басылымының 478-ші бетінде, айрықша «ислам» сөзінің тұсына жазғандарының аудармасы Сәйид Абдулхаким ғұламаға (қуддиса сиррух) оқылған кезде ол ұнатқан болатын. Асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) арасындағы соғыстарды баяндайтын тарих кітаптарының көбі Аббасилер дәуірінде олардың талаптары бойынша жазылған тарих кітаптарынан аударылған. Олардың хазреті Айша, Муауия, Талха, Зубәйр және басқа да сахабаларды (ридуануллаһи алейһим) кемсітіп көрсетуі осыдан туындаған. Әмәуилерден және Аббасилерден кейін келген ислам мемлекеттерінің ешбірі, әсіресе түркілер әһли сүннет сенімін бұзуға, өзгертуге тырыспаған. Соның арқасында бұл сенім қазірге дейін сақталып қалған. Ибн Хажәр Мекки (рахимә-һуллаһу та'ала) кітаптың басында айтады: «Ей, жүрегі Аллаһу та'алаға және Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) деген махаббатқа толы мұсылман! Бірінші міндетің пайғамбарымыздың (алейһиссалату уәссәләм) сахабаларына деген махаббатты әһли бәйтке деген махаббатпен бірге жүрегіңде ұстау. Әһли бәйтті Расулуллаһтың ұрпағы болғаны үшін жақсы көргеніміздей, қалғандарын Оның сахабалары болғаны үшін жақсы көруіміз керек! Өйткені асхаби кирамның абыройы өте жоғары. Ол абыройға басқа ешкім жете алмайды. Ол абыройдың бірі – Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк назары оларға түскен және бәріне рухани жәрдеммен көмектескен. Бұл қасиет олардан басқа ешкімде жоқ. Олардың кемелдігіне, кең біліміне, пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алған ақиқат мирасына кейіннен келгендердің ешқайсысы жете алмаған. Әрбір мұсылман олардың барлығын әділ, салих, әулие, ғалым және мүжтәһид деп білуі қажет. Олардан бір қате байқалса да, Аллаһу та'ала олардың бәрін кешіріммен сүйіншілеген. Құран кәрімде «Аллаһ (жәллә жәләлуһ) олардың барлығына разы. Олар да Аллаһу та'алаға разы» делінген. Сахабалардың бірін айыпты деп білу және жамандау осы аяти каримаға сенбеу болады. Күмәнсіз хазреті Муауия (радиаллаһу анһ) сахабалардың тегі тұрғысынан ұлыларының бірі. Пайғамбарымызға (алейһиссалату уәссәләм) тегі арқылы және неке арқылы өте жақыны және туысы. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Оның жұмсақтығы мен жомарттығын мақтаған болатын. Оның бойында ислам, сұхбат, тек және неке арқылы туыстық абыройлары жинақталған, бұлардың әрбірі жәннатта Расулуллаһтың қасында болуға себеп болатын абыройлар. Бұларға жұмсақтық, білім және халифалық абыройлары да қосылса, жүрегінде аздаған тазалық, дұрыстық, ізгілік пен иманы, түсінігі бар адамға бұл мәселеде бұдан артық айтудың қажеті қалмайды». Имам Раббани, Ахмед Фаруқи Сарханди (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мәктубат» кітабының екінші томы, отыз алтыншы хатында былай жазған: «Әһли сүннет белгілерінің бірі – шәйхайнның, яғни Әбу Бәкір Сыддық пен Омар-ул Фаруқтың (радиаллаһу та'ала анһума) ең үстем екеніне сену және екі күйеу баласын, яғни Осман мен Әлиді (радиаллаһу анһума) жақсы көру. Шәйхайнның үстемірек екенін асхаби кирамның және табиини изамның бәрі бір ауыздан айтқан. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк жүзін көрумен абыройлана алмаған, бірақ бір немесе бірнеше сахабаны көру нәсіп болғандарды «Табиин» дейді. Олар сахабаларды көрудің арқасында осы діннің ұлылары болған. Сахабалардың және табииннің бұл сөздерін ғалымдарымыз біздерге жеткізген. Мысалы, шафии мазһабының имамы Мұхаммед бин Идрис Шафиидың және әһли сүннет имамдарымыздың бірі Әбул Хасан Әли Әшаридың айтуынша, Әбу Бәкір мен Омардың (радиаллаһу анһума) бүкіл сахабалардан үстемірек екені нақты, анық. Әли (радиаллаһу анһ) халифа кезінде үлкен жиынның алдында «Бұл үмбеттің ең үстемдері – Әбу Бәкір мен Омар» деген». Имам Мұхаммед Зәһәби (рахимә-һуллаһу та'ала) он екі томдық тарих кітабында жазғаны және ислам дінінің негізін қамтыған, ең дұрыс хадис кітабы болған Бұхари-и шәрифтің авторы Мұхаммед бин Исмаил Бұхари (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқаны бойынша, Әли (радиаллаһу анһ) айтқан: «Пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кейін бұл үмбеттің ең жақсысы Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ). Одан кейін Омар, одан кейін басқасы». Ұлы Мұхаммед бин Ханафия «Ол сенсің!» дегенінде «Мен мұсылмандардың бірімін» деп жауаптады. Әбу Бәкір мен Омардың (радиаллаһу анһума) үстемдіктерін көрсететін хабарлардың көптігі соншалық, бұл тасқа таңба басқандай айқын ақиқат. Бұған сенбеу күннің бар екеніне сенбеумен тең. Ондайлар не өте надан, не соқыр, не ақымақ адамдар. Шиилердің үлкен ғалымы Абдуррәззақ мұны жоққа шығаруға себеп таба алмай, шәйхайнның үстем екенін айтқан. Имам Раббани айтады: Имам Омардың (радиаллаһу анһ) халифа кезіндегі он жыл мен Имам Османның (радиаллаһу анһ) он екі жылының алғашқы алты жылы молшылық және дәулеттілікпен өтіп, ислам мемлекеттерінің бәрінде ислам үкімдері мен діни рәсімдер толықтай орындалуымен қатар ислам әлемі әбден кеңейген болатын. Тіпті бүкіл Арабстан және Африканың басым бөлігі ислам мемлекетінің бір бөлігіне айналып, Траблусғарб, Физан, Бенгази, Тунис, Алжир, Морокко, Марракеш, Думьят, Зәйяд, Аден, Сана, Асир, Бахрейн, Хадрамаут, Катиф, Нәжд, тұтастай Ирак, Үндістан мен Синд, Қытай, Самарқанд, Хиуа, Бұхара, Түркістан, Иран, Кавказ исламның басқаруына өтіп, исламның байрағы Стамбұл қамалдарына дейін жеткен еді. Жаулап алынған елдердің халқы да қуанып мұсылман болғандықтан, ислам халқының саны көбейіп, миллиондардан асқан еді. Осыншалықты кеңдік пен көптіктің себебімен көзқарастардың өзгешеленуі көбейіп, ойлау, түсіну кейіпі арасында ерекшелік тараған еді. Мұсылман кейіпіне енген имансыздардың араңдатуымен халифаға қарсы шыққан көтерілістің кесірінен Османның (радиаллаһу анһ) халифалығының соңғы алты жылы дүрбелеңмен және тәртіпсіздікпен өтті. Ол өзі жұмсақ мінезді болғандықтан, өкінішке орай бұл бассыздық уақытылы тоқтатылмай, қарсы шыққандар он үш мың адам болып, Мәдина қаласын қоршап алуға дейін барып, халифаға орнын босатуын талап еткен еді. Имам Осман (радиаллаһу анһ) болса «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) маған кигізген киімін өз қолыммен шешпеймін» деген болатын, бүкіл сахабалардың (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) және табииннің ижтиһадтары осындай еді. Бірақ қарсы шығушылар бұған көнбеді. Хижреттің отыз бесінші жылы зүл-хиджаның он сегізінші күні өте қайғылы шәһидтік оқиғасы орын алды. Кей адасқандар жыл сайын осы күнді мейрам ретінде тойлайды. Одан кейін Имам Әли (радиаллаһу анһ) бүкіл мұсылмандардың қолдауымен және қалауымен, өз хақысымен халифа болды. Бұл екі халифа дәуірінде осындай кикілжіңдер шығып, бұл алып мемлекеттің халықтары арасында дұшпандық бой көтергендіктен, осы екі күйеу баланы жақсы көру әһли сүннеттің белгісіне айналды. Осылайша надандарға асхаби кирамға (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) осы жолмен құрметсіздік көрсетуіне себеп қалдырылмады. Олай болса, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жәннатпен сүйіншілеген «Әһли сүннет уәл жамағат» жолына кіре алу үшін хазреті Әлиді жақсы көру шарт. Осы сезімнен мақұрым қалған адам әһли сүннет емес, жәннаттық емес. Ондай адамдарды «Харижи» деп атайды. Бірақ хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көруде шектен шығып, асхаби кирамға, тіпті олардың біріне тіл тигізуді, қарғыс айтуды жақсы көрудің шарты дейтіндер де бар. Олар асхаби кирамның, табииннің және бүкіл ұлы ғұламалардың жолынан айрылған болады. Оларды «Рафизи» дейді. Рафизи – тәрк еткен, тастаған деген сөз. Олар әһли сүннетті тастады. Әһли сүннет – орта және тура жолда жүргендер. Хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көрмейтіндерден және асыра сілтеп жақсы көретіндерден болмай, жаман саналатын ифрат пен тәфриттен аулақ болғандар. Ханбали мазһабының басшысы Ахмед бин Ханбал (рахимәһуллаһу та'ала) Имам Әлиден (радиаллаһу анһ) мына хадис шәрифті хабар береді: Имам Әлидің айтуынша, пайғамбар (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Йа, Әли! Сен Иса алейһиссалам секілдісің. Яһудилер Оған дұшпан болды. Оның мүбәрәк анасы хазреті Мәриямға жала жапты. Ал христиандар Оны асыра сілтеп жоғары санады. Оған тән болған дәрежеден жоғары көтерді. Яғни Оны Аллаһу та'аланың баласы деп атады» деген. Әли (радиаллаһу анһ) бұл хадис шәрифті хабар берген соң «Менің кесірімнен екі түрлі адамдар құриды. Бірі, мені асыра сілтеп жақсы көріп, менде болмаған нәрселерді маған тән қылады. Екіншісі, маған дұшпан болып, көп жала жабады» деді. Бұл хадис шәриф харижилерді яһудилерге, асхаби кирамға дұшпан болғандарды насараға, яғни христиандарға ұқсатуда. Асхаби кирамның саны жүз жиырма төрт мыңнан астам екенін жоғарыда жазған едік. Яғни пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) санындай. Әрқайсысы бір пайғамбарға ұқсатылған. Әбу Бәкір Сыддық Мұхаммед алейһиссаламға, Омар-ул Фаруқ Мұса алейһиссаламға, Осман Зиннурәйн Нұх алейһиссаламға, Алий-ул Мұртаза Иса алейһиссаламға, хазреті Муауия Дауд алейһиссаламға ұқсайды (ридуануллаһи алейһим әжмаин). Иса алейһиссаламның әдеттен тыс және Аллаһу та'аланың құдіретімен әкесіз жаратылғанын және аспанға көтерілгенін және әдеттен тыс қияметке жақын аспаннан Шам қаласына түсетінін білеміз. Адамдар оның туылғанын, өмір сүргенін, аспанға көтерілгенін әдеттен тыс, ғажайып нәрсе екенін көріп, үшке бөлінді: бір бөлігі оны өзіне тән дәрежеден әлдеқайда көтеріп, жоғары санап, оны (Аллаһ сақтасын) құдай санап, Аллаһты оған қосылған деп, тіпті оны Аллаһтың баласы деді. Бұлай айтқандар – христиандар. Бір бөлігі әдеттен тыс жағдайларды көріп, Оны өте төмен дәрежелерге түсіріп, лайықсыз сөздер айтып, әкесі белгісіз [бұлай айтудан Аллаһу та'ала сиынамыз] деді. Бұлай айтқандар – яһудилер. Ал бір бөлігі бұл әдеттен тыс жағдайларды Аллаһу та'аланың хикметі мен құдіреті деп біліп, оның тек қана құл, пайғамбар екеніне сенді. Олар тура жолдағы адамдар. Иса алейһиссаламның бұл жағдайлары Тәуратта ұзағынан және айқын жазылған еді. Бұл үш топ адамдардың жағдайлары мен сенімдері Құран кәрімнің көптеген жерлерінде жазылған. Ислам ғалымдары оларды Құран кәрімнен оқып түсініп, кітаптарында кеңінен баяндаған. Бұл жағдайды асхаби кирам да жақсы білгендіктен, пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өзінің көкесінің ұлы, күйеу баласы, ахиреттік бауыры болған Имам Әлиге (радиаллаһу анһ): «Сен Иса алейһиссалам секілдісің» деді. Бұл хадис шәриф асхаби кирам арасында тарады. Бұл хадис шәриф ғайыптан хабар беретін хадистен саналып, мұғжиза еді және Имам Әлиге (радиаллаһу анһ) халифа кезінде көрінді. Ол кезде адамдар үшке бөлініп, бір бөлігі Имам Әлиді (радиаллаһу анһ) оған лайықты дәрежеден және хәлден әлдеқайда жоғары санап, «Аллаһ Имам Әлиге және баласына қосылған және Имам Әли (радиаллаһу анһ) пайғамбар болу керек кезде Жәбрейіл періште (алейһиссалам) қателесіп, Құран кәрімді Мұхаммедке (алейһиссалату уәссәләм) түсірді» деді. Олардың бір бөлігі Имам Әлиді (радиаллаһу анһ) басқа үш халифадан және барлық сахабалардан үстем санап, тура жолдан шықты. Олардың сенімі христиандардың Иса алейһиссаламға деген сеніміне ұқсайды. Адамдардың бір бөлігі Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) жоғары дәрежесіне жараспайтын көптеген жалалар жауып, сенімдері бұзылды. Олар «Харижи» деп аталды. Яғни тура жолдан шығып, Имам Әлиді (радиаллаһу анһ) және кінәсіз ұрпағын жақсы көрмейтіндер. Олар яһудилерге ұқсайды. Ал бір бөлігі Имам Әлиді және ұрпағы мен жанұясын және бүкіл асхаби кирамды пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хадис шәрифтерінде айтқанындай таныған және білгендер. Олар «Әһли сүннет уәл жамағат» деп аталатын дұрыс имандылар. Тозақтан құтылғандар тек қана осылар. Имам Әлимен (радиаллаһу анһ) соғысқандардан пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ең сүйікті жұбайы және Әбу Бәкір Сыддықтың қызы Айша (радиаллаһу анһа) мен Ашәрә-и мубәшшәрадан, яғни жәннатпен сүйіншіленген он кісіден болған Талха мен Зубәйр (радиаллаһу анһума) және пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) уахи жазушысы, пайғамбарымыздың жұбайы Үмму Хабиба (радиаллаһу анһа) анамыздың бауыры болғандықтан, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайын інісі болған хазреті Муауия (радиаллаһу анһ) сахабалардың ұлыларынан. Хадис шәрифте: «Сахабаларымды жақсы көру арқылы менің пайғамбарлық хақымды өтеңдер. Менің хақымды осылай орындағандарды Аллаһу та'ала барлық ісінде қорғайды және көмектеседі. Ал менің пайғамбарлық хақымды орындамағандарды Аллаһу та'ала жақсы көрмейді. Олардың жаза алатын, сүрінетін уақыты өте жақын» делінген. Басқа хадис шәрифте былай делінеді: «Адамдар көбеюде, ал сахабаларым азаюда және қадірі де соған қарай азаюда. Сахабаларымды сөкпеңдер! Сахабаларымды сөккен адамдарды Аллаһ лағнет етсін!». Басқа хадис шәрифте айтылған: «Сахабаларымның ешқайсысына тіл тигізбеңдер, атына дақ түсіруге тырыспаңдар! Оның құдіретімен өмір сүріп жатқан Аллаһыма ант етемін, сендердің бірілерің Ухуд тауындай алтын садақа берсеңдер, сахабаларымның бір муд [екі ритл, 260 шариғи дирхам] арпа садақасының сауабына жетпейді». Басқа хадис шәрифте былай делінеді: «Мені көріп иман келтіргендерге неткен бақыт және мені көргендерді көргендерге неткен бақыт және де мені көргендерді көргендерді көргендерге де неткен бақыт! Олардың барлығы неткен жақсы және бақытты адамдар. Олардың ақыр соңында баратын жері – ең жақсы жер». Пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көргендер – асхаби кирам (сахабалар) (ридуануллаһи алейһим әжмаин). Оларды көргендер «Табиин», ал табиинді көргендер «Тәба-и табиин». Имам Ағзам Әбу Ханифа және Имам Малик – табиин еді. Имам Шафии мен Имам Ахмед – тәба-и табиин (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин). Ибн Хажәр Меккидің (рахимә-һуллаһу та'ала) «Сауаиқ-ул мухрика» кітабының екінші бетінде мына хадис шәриф жазылған: «Аллаһу та'ала бүкіл адамзат арасынан мені таңдады. Бүкіл үстемдіктерді және жақсылықтарды нәсіп етті және маған арнап сахабалар ажыратты, таңдады. Сахабаларымның арасынан маған туысқандарды және көмекшілерді таңдап ажыратты. Кімде-кім мен үшін, менің пайғамбарлығым үшін оларды жақсы көріп құрметтесе, Аллаһу та'ала оны тозақтан қорғайды. Кімде-кім менің құрметімді ойламай, сахабаларымды жақсы көрмей, оларға тіл тигізіп ренжітсе, Аллаһу та'ала оны тозақ азабымен жағып қинайды». Тағы сол кітапта мына хадис шәриф жазылған: «Аллаһу та'ала мені бүкіл адамзат арасынан ажыратып таңдады. Маған сахаба және туыс ретінде ең жақсы адамдарды таңдады. Олардан кейін көптеген адамдар келеді, сахабаларыма және туыстарыма тіл тигізеді. Оларға жараспайтын сөздер айтып, жала жауып, жамандауға тырысады. Ондай адамдармен бірге отырмаңдар! Бірге тамақтанбаңдар! Олармен қыз алысып-беріспеңдер». Бұл хадис шәрифтер сахабалардың барлығын (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жақсы көруіміз, бәрін ұлы деп тануымыз қажет екенін көрсетіп тұр. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Менен кейін мұсылмандар жетпіс үш топқа бөлінеді. Олардың жетпіс екісі тозаққа кетеді, тек бір топ қана жәннатқа кіреді». Ол топ «Әһли сүннет уәл жамағат» деп аталады, ол пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және Оның сахабалары жүрген жолмен жүргендер. Бұл жолды асхаби кирамнан алып, бізге дейін жеткізгендер – төрт мазһаб имамдарымыз және Олар жетілдірген үлкен ғұламалар. Осы үлкен ғалымдардың бәрінің бір ауыздан айтқаны, әһли сүннеттің шарттарының, белгілерінің бірі – асхаби кирамның барлығын жақсы көру. Хадис шәрифтердің көрсетуі бойынша, асхаби кирам туралы жақсылықтан басқа ештеңе айтпау, Оларды құрметтеу, бәрін ұлы деп санау, әрбірінің есімі аталғанда «радиаллаһу анһ» деу қажет. Әсіресе Меккеден Мәдинаға хижрет еткен мухажиринге, оларды Мәдинада қарсы алып пана берген ансарға, ағаш астында пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сөз беріп, бүкіл барын Оған пида еткен мың төрт жүз сахабаға, Бәдір соғысына қатысқандарға, Ухудта шәһид болғандарға және басқа да соғыстарға қатысқандарға көбірек мән беру керек. Үммет-и Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) олардың өте жоғары дәрежелі екенін бір ауыздан бекіткен. Біз мұсылмандардың міндеті – олардың ислам дініне қызметін, жанкештігін ойлап, «радиаллаһу анһум» деп бәріне жақсы дұға ету. Өйткені олар – ислам дінін түсіндіріп, жол көрсеткендер. Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бағынуда және Оның дінін әлемге таратып баршаға жеткізуге жетекші болғандар, Аллаһу та'аланың бұйрықтарын Оның пайғамбарынан бізге жеткізгендер, ислам дінінің іргетасын бекіткендер – олар. Аллаһу та'аланың жерлеріне, Оның құлдарына Оның дінін жайғандар – олар. Мына бізге келген «Ислам діні» ниғметінен асқан ниғмет бар ма? Бәріміз әрдайым олардың осы жақсылықтарына шүкір етуіміз қажет! Пайғамбарымыздың заманына (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақын кезеңдерде болмай, кейіннен ойдан шығарылған өтірік пен жала және хикаялар негізіне құралған асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) туралы кек сақтаулар, дұшпандықтар, тіл тигізулер және қарғыс айтулар бәрі Абдуллаһ бин Сәбәдан бастау алған. Осындай сандырақ сөздерден сақтану бәрімізге уәжіп. Сахабалар (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) арасындағы соғыстарды жаман себептермен, қате ниеттерден туындаған деп санамай, діни көзқарастармен жасалғанына сену керек. Олардың бұл істерінің дұрыс немесе қате екеніне араласу, әрекеттерін талқылау, дін, қисын, әдет және тарих тұрғысынан біздің міндетіміз емес. Құран кәрімге және хадис шәрифтерге анық бағынбайтын, бұларға қайшы келетін барлық нәрсе күпірлік. Бұларға айқын қайшы келмейтін нәрсе бидғат, күнә болады. Олай болса, Муауия және ол сияқты сахабаларға (радиаллаһу анһум) тіл тигізу, оларды жамандау рұқсат емес. Өйткені олардың бәрі Аллаһу та'ала және пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мадақтаған асхаби кирам тобының ішінде. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Сахабаларымның бірін жамандаған, балағаттағандарға Аллаһу та'ала, періштелер және барлық адамдар лағнет етсін!» деген. Шайтанға, яғни лағнетке лайықты Ібілістің өзіне лағнет айтпау кінә емес. Ең дұрысы, ешбір жаратылысты лағнеттемеген жөн. Осы себепті Язидті және Хажжажды да лағнеттеу жақсы емес. «Әһли сүннет уәл жамағат» асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) әрбірін осындай жоғары дәрежелі деп біліп, осылай жақсы көре тұра, асхаби кирам аса қадірлейтін пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көкесінің ұлы және күйеу баласы, ахиреттік досы әрі бүкіл сахабалардан әлдеқайда көбірек хадис шәрифтермен мақтау алған Имам Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көрмеуі мүмкін бе? Әһли сүннетке қарсы осылай жала жауып, Оны тек қана шиилер жақсы көреді деп айту да надандыққа жатады. Хадис шәрифте айтылған: «Аллаһу та'ала маған төрт адамды жақсы көруді бұйырды. Мен оларды жақсы көремін». Олардың кім екені сұралғанда: «Әли олардың қатарында. Әли олардың қатарында, Әли олардың қатарында және Әбу Зәр, Миқдад, Салман» деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) асхаби кирамның (ридуануллаһи алейһим әжмаин) бір-бірімен бауыр болуын әмір еткен. Имам Әли (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың алдына келіп, «Йа, Расулаллаһ! Мені неліктен біреумен бауыр қылмадыңыз?» деп сұрағанында «Сен менің дүниеде және ахиретте бауырымсың!» деген еді. Бір күні Имам Әли (радиаллаһу анһ) айтқан: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) маған «Сені жақсы көрген адам – мүмин. Жақсы көрмейтіндер – тек қана мұнафиқтар» деген болатын». Әбу Саид Худри (радиаллаһу анһ) айтқан: «Біз арамыздағы мұсылмандар мен мұнафиқтарды Имам Әлиге (радиаллаһу анһ) деген сүйіспеншілігі және дұшпандығы арқылы ажырататын едік». Хадис шәрифте: «Мен ілімнің қаласымын. Ол қаланың есігі – Әли» делінген. Имам Әли (радиаллаһу анһ) айтады: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мені Йеменге әкім ретінде жібергісі келгенде мен әлі кішкентай едім. «Йа, Расулаллаһ! Мен жаспын. Оларға қалай әкім бола аламын?» деп сұрадым. Ол Мүбәрәк қолын кеудеме қойып: «Йа, Раббым! Оның жүрегіне хидаят, тіліне айқындық бер!» деп дұға етті». Басқа хадис шәрифте «Араларыңда бәріңнен артық әкім болуға лайықты және білімді – Әли» делінген. Хадис шәрифте: «Әлиге қарау ғибадат. Әлиді ренжіткен адам мені ренжіткендей болады» делінген. Хадис шәрифте: «Әлиді жақсы көру мені жақсы көрумен тең. Мені жақсы көру Аллаһу та'аланы жақсы көрумен тең. Әлиге дұшпандық жасау маған дұшпандық жасаумен тең. Ал маған дұшпандық жасау Аллаһу та'алаға дұшпандық жасау болып саналады» делінген. Хадис шәрифте айтылған: «Қызым Фатиманы Әлиге беруді Раббым маған әмір етті. Аллаһу та'ала әр пайғамбардың ұрпағын өзінен, ал менің ұрпағымды Әлиден жаратты». Тағы былай делінген: «Иманның белгілері бар. Бірінші белгісі – Әлиді жақсы көру. Әли жақсылардың басында. Оған көмектескендерге көмектесу керек. Оған қиыншылық көрсеткісі келгендердің өздері жапа шегеді. Жәннат үш адамға ашық: Әлиге, Салманға және Аммарға». Басқа хадис шәрифте айтылған: «Мұнафиқтардың жүрегінде мына төрт адамға деген махаббат бірікпейді: Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әли» (радиаллаһу анһум). Осы жерге дейінгі хадис шәрифтер сәйид Әйюб хазрет жазған «Мәнақиб-и чихар йар-и гузин» атты кітабынан алынған. Төрт халифаның және барлық сахабалардың ұлылығы, қадірі өте кеңінен және өте көркем баяндалған бұл кітап түрік тілінде жазылып, [х.1325] және [м.1998] жылдары басылған. Бұл кітапты міндетті түрде оқуға кеңес береміз. Имам Әлиді (радиаллаһу анһ) қатты жақсы көру әһли сүннеттің белгісі. Оны жақсы көрген болу үшін басқа үш халифаны жақсы көрмеу керек деп айту қате. Оны жақсы көру үшін бір немесе бірнеше сахабаны жақсы көрмеу тура жолдан айрылу саналады. Имам Шафии (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: Шии деп аталатын болса Әлиді сүйгендер, Ей, адам мен жын, мен шии болдым, біліңдер! Шиилер де, сүннилер де Мұхаммед алейһиссаламның отбасын, әһли бәйтті жақсы көретіндігін айтады. Олардың бөлінуі басқа сахабаларды жақсы көру және жақсы көрмеуден туындайды. Әһли бәйт, ал-и Аба, яғни пайғамбарымыздың отбасы (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) – әһли сүннеттің жүрегі. «Мәнақиб-и чихар йар-и гузин» кітабының төрт жүз қырқыншы [440] бетінен бастап әһли бәйттің (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) үстемдігі баяндалған. Бірінші оқиғасында былай жазылған: Аллаһу та'ала Құран кәрімде әһли бәйтке, яғни Имам Әли, Фатима-туз-Зәхра және Имам Хасан мен Имам Хусейнге: «Аллаһу та'ала сендерден рижсті, яғни түрлі кемшілік пен кірді тазалағысы келеді және сендерді нағыз тазалықпен тазалауды қалайды» деген. Асхаби кирам «Йа, Расулаллаһ! Әһли бәйт кімдер?» деп сұрады. Сол мезетте Имам Әли келді. Пайғамбарымыз оны мүбәрәк шапанының астына алды. Имам Хасан келді. Оны да қасына отырғызды. Имам Хусейн келді, оны екінші жағына отырғызды. Кейін Фатиманы шақырды. Хазреті Фатима оранған күйде келгенде Оны да шапанының астына кіргізді. Кейін «Міне осылар менің әһли бәйтім» деді. Осы мүбәрәктар «Ал-и Аба» және «Ал-и Расул» деп аталады (ридуануллаһи та'ала алейһим әжмаин). Осы кітаптың екі жүз қырық бірінші [241] бетінде, тоғызыншы оқиғасында жазылғаны бойынша, Имам Хасан мен Имам Хусейн (радиаллаһу анһума) кішкентай кездерінде ауырып қалған болатын. Әкелері мен аналары Фатима-туз-Зәхра және қызметшілері Фидда балалар жазылған соң үшеуі де атаған оразаларын ұстады. Бірінші күні ауызашарға дайындаған тамақтарын сол кезде есіктеріне келген жетімдерге беріп, ауыз ашпастан екінші күннің оразасын бастады. Ол күннің ауызашар тамағын да сол кезде есіктеріне «Аллаһ үшін жейтін бір нәрсе беріңіздерші!» деп сұрап келген кедей мен мұқтаждарға берді. Сол түні де ауыз ашпай үшінші күннің оразасын бастады. Ол күні кешке тағы есіктеріне келген тұтқындардың қолын бос қайтармау үшін ауыз ашар тамақтарын оларға берді. Осыған орай аяти карима келді. Ол аяти кариманың мағынасы мынадай: «Олар атағандарын орындады. Ұзақ және тұрақты болған қиямет күнінен қорыққандары үшін ең жақсы көретін және қатты жегісі келген тамақтарын кедей, жетім және тұтқындарға берді. Біз оларды Аллаһу та'аланың разылығы үшін бердік. Сендерден бұған ешқандай алғыс, ештеңе күтпедік, ештеңе сұрамаймыз деді. Осы үшін Аллаһу та'ала оларға шәраб-и тахур нәсіп етті». Пайғамбарымыздың әһли бәйтін жақсы көру ахиретке иманмен кетуге, соңғы демде саламатта болуға себеп болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір хадис шәрифте: «Әһли бәйтім Нұх алейһиссаламның кемесі секілді. Оларға бағынғандар аман қалады. Қалғандары құриды» деген. Пайғамбарымыздың әһли бәйтінің қасиеті мен кемелдігі өте көп. Санаумен бітпейді. Оларды түсіндіруге, мақтауға адамның шамасы жетпейді. Олардың құрметі мен ұлылығы аяти каримамен де аңғарылуда. Имам Шафии мұны қалай әдемі жеткізген: «Ей, әһли бәйт-и Расул! Сіздерді жақсы көруді Аллаһу та'ала Құран кәрімде бұйырады. Намазында сіздерге дұға етпегендердің намазы қабыл болмауы құрметтеріңізді, жоғары дәрежелеріңізді көрсетеді. Абыройларыңыз неткен биік, Аллаһу та'ала сіздерді Құран кәрімде сәлемдеген». Әһли бәйтті жақсы көру әр мұсылманға парыз. Бұл соңғы демде иманмен кетуге себеп болады. Ақылы аз, дұрыс ойлана алмайтын кей адамдар осы жерде қателеседі. Жақсы көру үшін сүйгенінің дұшпандарын жақсы көрмеу керек дейді. Ижтиһадының талабы ретінде әһли бәйтпен соғысқан Айша Сыддықаны, Муауияны, Талханы және Зубәйрді (радиаллаһу анһум) әһли бәйтке дұшпан деп санап, осы ұлы тұлғаларға дұшпандық жасайды. Осылайша тура жолдан айрылады. Алайда, аяти карималардан және хадис шәрифтерден аңғарылғаны бойынша, асхаби кирам мен әһли бәйт арасындағы бұл соғыстар дүниеқұмарлықтан, мансап пен абырой құштарлығынан емес еді. Ижтиһадтың өзгешелігінен еді. Соғысу үшін емес, келісімге келу үшін олар қарама-қарсы келген еді. Абдуллаһ бин Сәбә атты яһуди мен оның достарының қулығымен соғысқа жол берілді. Асхаби кирамның бәрі әһли бәйтті жақсы көретін еді (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин). Бұған сенбейтіндер, яғни асхаби кирамды әһли бәйтке дұшпан деп санайтындар аяти карималарға және хадис шәрифтерге сенбеген болады. Аяти карималар мен хадис шәрифтердің көрсеткеніндей, асхаби кирам әһли бәйтке деген сүйіспеншілігін өз имандарының негізі қылған еді. Хазреті Муауия (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасында жазу жазатын еді. Әбу Нуаймның айтуынша, Муауия (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хатшыларының бірі еді. Оның жазуы әдемі еді. Сауатты, жақсы мінезді, салмақты еді. Зәйд бин Сабиттің (радиаллаһу анһ) айтуынша, Муауия (радиаллаһу анһ) Жәбрейіл әкелген уахиды және пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хаттарын жазатын. Демек ол пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сенімді адамы болған. Бұл жоғары мәртебе оның дәрежесінің қаншалықты биік екенін көрсетпей ме? Ол ұлы тұлғаға тіл тигізгендер, жамандағандар пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Құран кәрімді жазуға сенім артқан адамына тіл тигізген болмай ма? Кейіннен мінезі бұзылды, жаман адам болды дейтін болса, бұл одан асқан арсыздық және қастық болады. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) илми ләдун сұлтаны бола тұра, болған-болатын барлық нәрсені біле тұра, уахи хатшысының келешекте сатқындық жасайтынын білмеуін қалайша қабылдауға болады? Абдуллаһ бин Мубәрәктің білімінің дәрежесін білмейтін мұсылман жоқ. Ол дін имамы еді. Барлық ілімде жетік еді. Ақли (дүниелік) және нақли (діни) ілімдерді бірге меңгерген еді. Фиқһ, әдебиет, нахв (тіл ережелері), лұғат (сөз білімі), фәсахат (айқын сөйлеу), бәлағат (шешендік), шәжаат (ержүректік), фурусият (парасаттық), сәха (жомарттық) және кәрәм (кеңпейілдік) иесі еді. Ол түндері намаздарын оқитын. Өте көп рет қажылыққа барған, дін дұшпандарына қарсы соғыстарға қатысқан болатын. Сонымен қатар үлкен саудагер болып, жыл сайын кедейлерге жүз мың алтын тарататын. Аллаһу та'аладан қатты қорқатын. Харам және күмәнді нәрселерден аса сақтанатын. Достарына және мұқтаждарға ақша беріп көмектесуге асығатын. Суфян Сәури, Суфян бин Уяйна, Фудайл бин Ияд, Ибн Сәммак, Мәсрук секілді ұлы тұлғаларға көп көмегі тиген. Оның әр ісі біліміне сай еді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) іліміне толықтай мұрагер еді. Мәулана Абдуррахман Жами (рахимә-һуллаһу та'ала) парсы тілінде жазған «Шәуаһид-ун нубуввә» кітабында Абдуллаһ бин Мубәрәктің үстемдігін мысалдар келтіріп ұзақ баяндаған, көп мақтаған. Осы ұлы ғалым айтады: «Муауия (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасында кетіп бара жатқанда мінген атының мұрнына кірген шаң Омар бин Абдулазизден мың есе абзал». Бұдан кейін артық сөздің не қажеті бар? Қарсы шыққандардың тұжырымдары жоққа шықпай ма? Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) намаз оқытқан кезде рукуда «Сами Аллаһу лимән хамидәһ» дегенде алғы саптағы Муауия (радиаллаһу анһ) «Раббана ләкәл хамд» деді. Осы айтқаны мақұлданып, мақталып, осылай айту қияметке дейін сүннет ретінде қалды. Неткен жетістік! Абдуллаһ бин Мубәрәк секілді заттық-рухани үстемдігі дін имамдарының барлығы тарапынан расталған үлкен ислам ғалымы Муауия (радиаллаһу анһ) туралы осыншама мақтау айтқаннан кейін надандардың және нәпсілеріне алданғандардың, қырсыққандардың жүгінетін дәлелдері қала ма? Жастарды алдауға тырысқан шетелдегі ислам дұшпандары әһли бәйтті жақсы көреміз дейді. Егер әһли бәйтті жақсы көрумен шектеліп, асхаби кирамға дұшпандық жасамағанда, асхаби кирамға құрмет көрсеткенде және асхаби кирам арасындағы соғыстардың ижтиһад себебімен, дін қайраттылығымен жасалғанына сенгенде, мазһабсыз болудан құтылатын еді. Өйткені әһли бәйтті жақсы көрмеу «Харижи» болу деген сөз. Ал асхаби кирамды жақсы көрмеу адасушылық болады. Әһли бәйтті де, барлық асхаби кирамды да жақсы көру, құрметтеу «Әһли сүннет» болу деген сөз. Демек мазһабсыздық пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) асхаби кирамының бір бөлігін жақсы көрмеу деген сөз. Ал әһли сүннет бәрін толықтай жақсы көру деген сөз. Иманы күшті, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ұлылығын түсіне алатын, ақылы дұрыс істейтін адам асхаби кирамды жақсы көруді оларға дұшпандық етуден әлбетте дұрысырақ және жақсырақ деп біледі. Пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақсы көргендіктен олардың әрбірін жақсы көреді. Онсыз да хадис шәрифте: «Оларды жақсы көргендер мені сүйгені үшін жақсы көреді. Оларға дұшпандық жасағандар маған дұшпан болғаны үшін жасайды» делінгенін жоғарыда жазған едік. Олар қалайша әһли сүннет әһли бәйтті жақсы көрмейді деп санайды? Әһли бәйтті жақсы көру әһли сүннеттің имандарының негізі. Соңғы демде иманмен кете алу үшін оларға деген сүйіспеншілікті шарт етіп қойғанын жоғарыда жазған едік. Имам Раббани (радиаллаһу анһ) 2-ші том, отыз алтыншы (36) хатында айтады: Бұл пақырдың әкесі захир және батын ілімдерінде [яғни көңіл ілімдерінде] үлкен ғалым еді. Ол әрдайым әһли бәйтті жақсы көруге кеңес беріп, соған шақыратын. Бұл сүйіспеншіліктің соңғы демде иманмен кетуге көп көмегі бар дейтін. Қайтыс болатын кезінде бұл пақыр оның қасында едім. Соңғы сәттерінде дүниелік сана сезімі азайғанда одан үнемі айтатын осы насихаттарын есіне түсірдім де, сол сүйіспеншіліктің қалай әсер еткенін сұрадым. Сол жағдайдың өзінде «Әһли бәйтке деген сүйіспеншіліктің дариясында жүзіп жүрмін» деді. Мен бірден Аллаһу та'ала шүкіршілік етіп, мақтау айттым. Әһли бәйтке деген сүйіспеншілік – әһли сүннеттің іргетасы. Ахиреттік табыстың бәрін осы нәрсе береді. Әһли сүннетті танымайтындар ол тұлғалардың орта, әділ, пәк сүйіспеншілігін білмей, ифратты (шектен шығуды) таңдап, жақсы көруде асыра сілтеп, орта және әділ сүйіспеншілікті жақсы көрмеу деп санайды. Әһли сүннетті харижи деп айыптайды. Ол байқұстардың білмейтіні, асыра сілтеп, шектен шығып жақсы көру мен мүлде жақсы көрмеудің арасында ынсаппен, орта шамада жақсы көру бар. Ақиқаттың орны барлық жағдайда ортада, орта шамада. Бұл ақиқат пен әділеттің орта шамасы әһли сүннетке нәсіп болған. Аллаһу та'ала ол ғұламалардың еңбектеріне мол-мол марапатын берсін! Әмин. Бір таңқалдыратыны, харижилерді әһли сүннет жойған болатын. Әһли бәйттің кегін олардан әһли сүннет алған болатын. Әһли сүннетті әлде шии деп санап жүр ме? Әһли бәйтті жақсы көретіндерді шии деп атай ма? Тағы таңқалдыратыны, өздеріне керек кезде әһли сүннетті шии, керек емес кезде харижи дейді. Яғни жақсы көруде шектен шығуды көрмегенде харижи, ал кейде шынайы сүйіспеншілікті көріп шии дейді. Олар неткен надандар еді, әһли сүннет әулиелерінен әһли бәйтке деген сүйіспеншілікті естігенде оларды шии деп санайды. Екінші Дүниежүзілік соғысында Тегеранда шығып жатқан «Иттилаат-и Хефтеги» атты парсы тілді журналда да осылай әһли сүннет ғалымдарының және әулиелерінің көбінің, тіпті қадири болған Сади Ширазидің (рахимә-һуллаһу та'ала) әһли сүннет болмағанын дәлелдеуге тырысып, көптеген сандырақ сөздер ойлап шығарған еді. Әрине бұған күлуден басқа жауап берілмеген болатын. Алайда көптеген жазуларында айтылғанындай және Шәмсәддин Сами мырзаның «Қамус-ул аләм» кітабында жазғанындай, өзі әһли сүннет әулиелерінен шәйх Шихабуддин Сухрауардиден, ол болса Ғаус-и Ағзам Сәйид Абдулқадир Гейланиден білім алған еді. Яғни тасаууфты әһли сүннет ғұламаларынан алған еді. Тоқсан жастан астам өмір сүріп, әһли салиб (крестік) жорықтарына қарсы соғыстарға қатысқан. Бұл надандар әһли сүннет ғалымы болып әһли бәйтті (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) асыра сілтеп және зиянды түрде жақсы көруге тыйым салған және басқа үш халифаны да жақсы көргізуге тырысқан адамдарға харижи дейді. Осындай екі түрлі надандарға да обал болсын. Бұл лайықсыз сөздерін олар батылы жетіп қалай айта алады екен? Жақсы көруде шектен шығу қаупінен және де мүлде жақсы көрмеу пәлекетінен Аллаһу та'алаға сиынамыз. Жақсы көруде қауіпті деңгейде шектен шыққандығы соншалық, олар хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көрген болу үшін басқа үш халифаға дұшпан болу керек дейді. Ынсапқа келіп, жақсы ойлану керек. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) халифаларына, яғни өкілдеріне дұшпандық шарт болатындай, адамдардың ең жақсысы болған сахабаларды балағаттап, қарғауды қажет ететіндей ол қандай сүйіспеншілік? (алейһи уә алиһи уә асхабиһиссалауату уәттахият). Олардың айтуынша, әһли сүннеттің кінәсі әһли бәйтке деген сүйіспеншілік пен Расулуллаһтың сахабаларын ұлы санап құрметтеуді біріктіру және араларындағы соғыстар, қақтығыстар үшін асхаби кирамның (алейһимурридуан) еш бірін жаман деп санамау, жамандамау және бәрін хауа мен таасубтан, яғни қырсықтық пен көре алмаушылықтан аулақ, таза деп білу. Өйткені әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сұхбатына, сөздеріне құрметпен қарағандықтан, сол сұхбатқа қатысу, құлаққа және көңілге ләззат пен өмір сыйлайтын әсерлі сөздерді тыңдау абыройына ие болғандарды ұлы және құрметті деп біледі. Сонымен қатар дұрыс істегендерге дұрыс, қателік жібергендерге қате істеді дейді. Бірақ бұл қателікті дүниеқұмарлық пен қырсықтықтан емес, рәй мен ижтиһадта қателесу деп біледі. Олардың әһли сүннетті жақсы көруі үшін өздері секілді асхаби кирамға (алейһимурридуан) дұшпан болуды және сол дініміздің ұлыларына жаман көзбен қарауды қалайды. Ал Харижилер болса әһли бәйтке (алейһимурридуан) дұшпандық жасалуын, Мұхаммедтің (алейһи уә алә алиһиссалату уәссәләм) отбасына, ең жақындарына дұшпан болуын қалайды. Йа, Раббым! Сен бізге дұрыс жолды көрсеткеннен кейін біздерді қателесуден, тура жолдан шығудан қорға! Бізге қалса, жағдайымыз қиын! Сен шексіз мейірім қазынаңнан бізге қамқорлық ет! Барлық жақсылықты бәріне ихсан етіп беретін, сыйлайтын тек қана сенсің! Әһли сүннет ғалымдарының айтуынша, ол соғыстар кезінде асхаби кирамның үш топқа бөлінгенін жоғарыда жазған едік. Бір тобы дәлел және ижтиһадпен хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) дұрыс істегенін түсінген болатын. Бір тобы тағы дәлел және ижтиһадпен қарсы тараптың дұрыс істегенін аңғарды. Ал үшінші топ дәлелмен ешбір тарапты үстем санамады. Үш топтың да өз ижтиһадтарымен амал етуі керек еді. Олай болса, бірінші топтың хазреті Әлиге (радиаллаһу анһ) көмектесуі қажет болды. Екінші топтың да өз ижтиһадтары бойынша қарсы тарапқа көмектесуі қажет болды. Ал үшінші топтың араласпауы дұрыс болғандықтан, қандай да бір тарапты екіншісінен жоғары санап, бірін таңдауы қате болар еді. Олай болса, үш топтың бәрі өз ижтиһады бойынша амал етті. Өздеріне қажет және міндет болғанын істеді. Осы үшін қайбіріне бір нәрсе айтуға, қалайша тіл тигізуге болады? Имам Шафии және Омар бин Абдулазиз айтады: «Аллаһу та'ала қолымызды сол қанға тигізуден қорғағанындай, біз де тілімізді араластырудан қорғауымыз керек!». Бұл сөзден аңғарылып тұрғаны, бір тарапты дұрыс, қарсы тарапты қате деуіміз дұрыс емес. Өйткені мүжтәһид қателік жіберсе де бір сауап алады, бұл оның ижтиһады мен қайраттылығының марапаты. Екі мүжтәһидтің ижтиһадтары бір-біріне қайшы болса, әрбірі өз ижтиһадын дұрыс, өзгесінің ижтиһадын қате деп білуі қажет. Мысалы Ханафи мазһабында қан ағу дәретті бұзса, шафии мазһабында бұзбайды. Шафии мазһабында бөтен әйелге қол тигізу дәретті бұзады, Ханафиде бұзбайды. Бұлардың әлбетте бірі дұрыс, бірі қате. Бірақ бір мәселеде дұрыс тарап бірден артық бола ма, болмай ма? Бұл өте терең және қиын мәселе. Дұрысы біреу болып, басқасы Аллаһ үшін қате болса, ижтиһады дұрыс болғандарға екі немесе он сауап, ал қателескендер күнә істемегенімен қатар Аллаһу та'ала оларды кешіріп, бір сауап береді. Бір мәселенің дұрысы бірден артық бола алады деген ғалымдар да бар. Мысалы Адам алейһиссаламның дінінде қыздардың ер бауырымен некелесуі әмір етілгенімен, кейіннен жіберілген пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) діндерінде харам болуы да Аллаһу та'аланың әмірі еді. Аллаһу та'аланың әмірлерінде қателік болмайтындықтан, екі әмір де дұрыс. Бірінші әмір Адам алейһиссаламға және Оның үмбетіне, екінші әмір басқа пайғамбарларға және үмбеттеріне дұрыс. Әр мүжтәһидке дұрыс болғаны өз көзқарасы мен ижтиһады. Ижтиһад сол мазһабта болғандарға да хақ, дұрыс. Демек, дұрыс бірден артық болуда. Сондықтан бір мазһабты ұстанатын адам басқа мазһабты ұстанатындарға және ижтиһадтарына қате дей алмайды. Аңғарылғанындай, әр мүжтәһид өз ижтиһады бойынша амал етуге мәжбүр. Мұның хикметіне, пайдасына келер болсақ, «Үмбетімнің ижтиһадтарында бөлінуі Аллаһу та'аланың ауқымды мейірімі» хадис шәрифінің көрсеткеніндей, бұл ислам дінінен айрылмай-ақ дінде берілген жеңілдік. Мысалы Ханафи мазһабын ұстанатын адамның бір жерінен қан шығып тоқтамаса, әрдайым дәреті бұзыла бергендіктен және әр уақытта дәрет алуы қиын болғандықтан, Шафии мазһабына өтіп немесе сол мазһабты тақлид етіп, қиындықтан құтылады, дәл солай Ханафи мазһабындағы адам тістерін зәруліксіз қаптаса немесе пломба салса, ғұсылы қабыл болмайтындықтан, Шафии мазһабын тақлид етіп жүніптіктен құтылады. Неке, талақ және зекетте де Шафии мазһабында кездесетін қиыншылықтарды Ханафиді тақлид ету арқылы жеңілдетуге болады. Су мәселелерінде Ханафилер мен Шафиилер кезіктіретін қиыншылықтарды да Малики мазһабының ижтиһадын тақлид ету арқылы жеңілдетуге болады. Осы секілді көптеген мысалдар, мәселен Шафиилер сапарда бесін мен екінді және ақшам мен құптан намаздарын (жәм етіп) қосып оқи алады. Сапарда қиындық туындағанда Ханафилер де Шафии мазһабын тақлид етуі секілді жеңілдіктер бар. Өйткені кемеде, поезда кеуде құбыладан басқа жаққа бұрылса, ханафи мазһабындағы адамның парыз намазы қабыл болмайды. Мазһабты тақлид ету туралы дін ғұламаларының сөздері «Саадати Әбәдия» кітабында ұзақ жазылған. Асхаби кирамды (алейһимурридуан) жақсы көру, оларға бағыну, адамдардың арасынан ізгілігімен таңдалған осы өте қадірлі топтың өмір сүру салтына сүйсініп, олар сияқты болуға тырысу – Аллаһу та'аланың ең үлкен ниғметі. Хадис шәрифте: «Әр адам өз сүйгенімен бірге болады» делінгендіктен, оларды жақсы көргендер олармен бірге болмақ. Жәннатта олардың қасында болады. Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) қолындағы дәлелдермен Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) дұрыс тарапта екенін, ал қарсы тараптың ижтиһадта қателескенін түсінді. Қателік ижтиһадта болғандықтан, ешкімнің ештеңе айтуға хақысы жоқ. Оларға кінә тағуға, лағынет айтуға болмайды. Олар ижтиһад бұйрығын орындады, еңбектеніп, күш салды. Ақиқатты осылай көрді. Олардың өзара келіспеуі дін ғұламаларының мазһабтарға бөлінуіне ұқсайды. Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) «Бауырларымыз бізге қосылмады. Олар кәпір емес. Күнәһар да емес. Өйткені оларды күпірден, күнәдан қорғайтын ижтиһадтары бар» дегенін жоғарыда жазған едік. Базбіреулер Имам Әлиге (радиаллаһу анһ) қарсы соғысқандарды жамандайды. Ал ғалымдар Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) ижтиһады дұрыс екенін айтумен қатар, қарсы тараптағылардың ижтиһадтарына, тәуилдеріне қате демейді. Ешбіріне тіл тигізбейді, жамандамайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Сахабаларым туралы бір нәрсе айтарда Аллаһу та'аладан қорқыңдар!» деген және маңызын көрсету үшін бірнеше рет қайталаған. Бір ретінде «Сахабаларымның әрбірі аспандағы жұлдыз секілді. Қайбіріне ерсеңдер, саламаттыққа жетесіңдер» деген. Сахабалардың әрқайсысының қадірін, ұлылығын, жоғары дәрежесін көрсететін хадис шәрифтер өте көп. Олай болса, бәрін қадірлі және жоғары санап, қате әрекеттерінің жақсы себептермен, тура ниеттермен жасалғанын білу қажет. Әһли сүннет мазһабы дегеніміз осы. Кей адамдар бұл мәселеде шектен шықты. Әлиге (радиаллаһу анһ) қарсы соғысқандарға кәпір деді. Дін ғұламаларына ұялмай әртүрлі жаман сөз айтты. Олардың мақсаты хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) дұрыс тарапта екенін, ал қарсы тараптағылардың қателескенін жеткізу болса, мұны айту үшін әһли сүннет ұстанған дұрыс жолды таңдау жеткілікті. Дін ғұламаларын сөгу, оларды жамандау мұсылмандыққа жараспайды. Яғни олар ұстанған жолда олар пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) асхаби кирамын сөгуді, қарғауды өздеріне дін және ғибадат қылып алған. Бұл дінсіздіктің нағыз өзі. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) халифаларын балағаттауды ғибадат дейтін ол қандай дін? Бұл әлемде ұзақ ғасырлар ішінде бірнеше адам түрлі нәрсе ойлап шығарып, тура жолдан айрылды, бидғатға түсті. Ол адасқандардың арасында тура жолдан шиилер мен харижилер сияқты қатты кеткендер болмады. Дініміздің ұлыларын балағаттауды, жамандауды имандарының негізі санаған адамдардың тура жолда қандай нәсібі бар? Олар он екі топта. Бәрі асхаби кирамды (алейһимурридуан) кәпір дейді. Құлаққа кірмейтін сөздер айтады. Төрт халифаның үшеуін балағаттауды ғибадат деп біледі. Ондай адамдарға берілетін азаптарды хабар берген хадис шәрифтерді естігенде оны басқалар үшін деп санайды. Ұстанған жолдарының мәнін біліп, бұл жолдан сақтанса ғой. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) асхаби кирамына дұшпандық жасамаса, қандай жақсы болар еді! Христиандар да өздерін «Исауи» (Иса алейһиссаламның жолын ұстанушы) деп атайды. Яһудилер де өздерін «Мұсауи» деп, ешбірі өзін кәпір демейді және кәпір санамайды. Өздерінің дінсіздіктерін жақтырмайтындарға кәпір дейді. Олардың бәрі алдануда, екеуі де кәпір. Асхаби кирамға дұшпан болуды Абдуллаһ бин Сәбә есімді яһуди дүмшесі шығарды. Уақыт өте ұмытылғанымен, әлемге жайып ислам дінінде үлкен жарақат ашылуына қайтадан себеп болған Шах Исмаил Сафауи болды. 907 [м.1501] жылы Иранда Сафауия мемлекетін құрған бұл адамның алтыншы атасы Сафиаддин Әрдәбили софия-и алиядан салих кісі болып, Мұхаммед Гейланиден білім алған болатын. Оның немересі Жүнейдтің шәкірттері өте көп болғандықтан, Қарақоюнлы патшасы Мырза Жихан Шах тарапынан Әрдәбилден шығарылған еді. Дияр Бәкірге келіп, Аққоюнлы патшасы Ұзын Хасаннан қолдау көріп, оның қарындасына үйленген еді. Баласы Хайдар да Ұзын Хасанның қызын алған еді. Әкесі, кейін бауыры өлтірілгеннен кейін, ол біраз уақыттан соң әкесінің өшін алып, Тебризде үкімет құрды да, асхаби кирамға дұшпан болуды ресми түрде жариялады. Мұсылмандарды оңай алдау үшін, ол өзін он екі имамның бірі Имам Мұза Казым (рахметуллаһи алейһ) тегінен екенін айтатын. Бұл сөздің өтірік екенін кітабымыздың соңында өмірбаянын жазған жерде баяндадық. Сол жерден оқыңыз! Осы заманға дейін Иранда ғасырлар бойы өмір сүрген мұсылмандардың бәрі әһли сүннет еді. Әкесінің фитнасы мен бүлігін тоқтатқан Хазар (Каспий) теңізінің батысындағы «Дирбиндия» мемлекетінің үшінші басшысы Ширваншахты ұстағанда денесіне тірідей темір өткізіп, кәуап жасағаны және Тебризді басып алғанда әһли сүннетті қырғынға ұшыратқаны белгілі. Шах Исмаилдың ислам тарихына қара дақ түсірген сол озбыр тірлігінен бұрын ислам мемлекеттерінің ешбірінде мектептерде, медреселерде, мәжілістерде ұстаздардың, мұғалімдердің, шәкірттердің ешбірі сахабалардың ешбіріне тіл тигізбейтін. Ханафи ғалымдары тіпті Язидті қарғауға рұқсат бермеген. Тек алданған кейбір адамдар ғана әһли бәйтті (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) олардың дәрежелерінің үстіне шығарған болса да, олар да сахабалар туралы дінге және әдепке қайшы ештеңе айтпаған еді. Әһли бәйттің құрметін білмеу тұрғысында аббасилер әмәуилерден өтіп кеткен. Явуз Сұлтан Сәлим хан (рахметуллаһи алейһ) дәуірінде Иран патшасы Шах Исмаил дінді саясатқа құрал қылып, мақсатына жету үшін мұсылмандарды әһли сүннеттен айыруға әбден тырысты. Жан-жаққа адамдарын жіберіп, ислам мемлекеттеріне қате сенімін жұқтырды. Ол кездері Анадолыда бекташилік надандардың қолында болғандықтан, сол медреселерге келіп шоғырланды. Мемлекетті бұл пәлекеттен қорғау үшін бекташи медреселері жабылған болатын. Ол медреселерден әр жаққа тарап кеткендердің әрқайсысы бір-бір медресе тауып кіріп, бұзық сенімдерін жасырып, әһли сүннет болып көрініп, қате сенімдерін уақыт өте жариялай бастады. Әһли бәйтті жақсы көру үшін сахабаларға дұшпан болу керек деп, медреселерге келген Анадолының ақкөңіл, таза мұсылмандарын алдай бастады. Медресенің шәйхтық мансабы атадан балаға өтетін мансапқа айналып, көп жерлерде білімі таяз және әһли сүннет сенімінен хабары жоқ сауатсыздар қалғандықтан, бұл жаман сенім дәруиштер арасында да жайылды. Сахабалар (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) арасындағы соғыстар туралы олар өздерінің көзқарастарына және дүниелікке деген құмарлықтарына қарай өзгертіп айтатын болды. Оқиғаларды өзгертті. Жаман хикаялар ойлап шығарды. Аяти карима мен хадис шәрифтерге қате, бұзылған мағына берді. Бұл нашар сенім уақыт өте бүкіл медреселерде тарады. Соңғы кездері шиилік жұқпаған бірде-бір медресе қалмағандай болды. Муауия (радиаллаһу анһ) және немересі екінші Муауия мен Омар бин Абдулазизден басқа бүкіл Әмәуи халифалары дәуірінде әһли бәйттің жоғары дәрежелеріне жараспайтын нәрселер ойдан шығарылып айтыла бастады. Бұл мұсылмандардың арасында тарады. Аббасилер дәуірінде халифа болатындар арасында ижтиһад ете алатын ғалымдар болмай, дүниелік пайдалары үшін халифа болуға ұмтылғандықтан, сол заманның тарихшылары асхаби кирам арасындағы оқиғаларды да Аббаси халифаларының жағдайына ұйқастырып жазды. Әмәуи халифаларына да жала жауып, олардың атына дақ түсіріп, жаман қылып таныстырды. Олар әһли бәйтті (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) өздері сияқты деп ойласа керек. Әһли бәйтті хазреті Әбу Бәкір мен Омарға (радиаллаһу анһума) дұшпан деп білді. Оларды да өздері сияқты екі жүзді мұнафиқ деп санады. Хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) үш халифамен әйгілі достығының саяси және көз бояушылық үшін болғанын, оларға шын көңілімен емес, екі жүзділікпен құрмет пен қошемет көрсетті деп ойлады. Неткен жаға ұстататын нәрсе. Олар әһли бәйтті егер Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сүйгені үшін жақсы көрсе, онда пайғамбарымыздың дұшпандарына да дұшпандық жасауы қажет болар еді. Оның дұшпандарын әһли бәйттің дұшпандарынан көбірек балағаттап, қарғауы қажет болар еді. Олардың ешбірінің Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ең үлкен дұшпаны болған және мүбәрәк денесіне, нәзік рухына қорлық пен азап берген Әбу Жәһлді қарғағаны, сөккені байқалмаған. Бірақ бұлар Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ең сүйікті досы Әбу Бәкірді (радиаллаһу анһ) әһли бәйттің дұшпаны санап, аяти каримамен, хадис шәрифтермен мақталған осы ұлы тұлғаны қарғаудан, жаман сөздер айтудан еш тартынбайды. Бұл қандай мұсылмандық болғаны? Аллаһ сақтасын, хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омардың (радиаллаһу анһума) әһли бәйтке дұшпан екенін қалай ойлауға болады? Ол ынсапсыздар әһли бәйттің дұшпандарын қарғасын мейлі, бірақ асхаби кирамның (алейһимурридуан) ұлыларының есімдерін араластырмағанда және дін ғұламаларын жамандамағанда, әһли сүннеттен айырмашылығы қалмас еді. Өйткені әһли сүннет те әһли бәйттің дұшпандарына дұшпан. Олардың жаман және төмен екенін айтуда. Әһли сүннеттің ізгілігінің бірі, бәлкім мұсылман болған шығар, тәубе еткен болар деп ешбір кәпірді және ешбір опасызды есімін атап қарғауға рұқсат бермеген, кәпірлерді жалпылай қарғауға рұқсат еткен. Олар болса хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарды (радиаллаһу анһума) ұялмай, тартынбай қарғауда. Асхаби кирамның ұлылығына тіл тигізуде. Аллаһу та'ала оларға тура жолды көрсетсін! Әһли сүннет екі маңызды мәселеде бұлардан ажырауда: 1) Әһли сүннет төрт халифаның да халифалығының дұрыс екенін, төртеуінің де халифа болғанын айтады. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Менен кейін халифалық отыз жыл жалғасады» деген. Бұл ғайыптан хабар беретін хадис шәрифтердің бірі. Отыз жыл хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) халифалығымен толды. Бұл хадис шәриф төрт халифаны көрсетуде және халифалық реті дұрыс. Олар (шиилер) болса үш халифаның халифалығының дұрыстығына сенбейді. Күш қолдану, мәжбүрлеу арқылы халифа болды дейді. Хазреті Әлиден (радиаллаһу анһ) басқа ешкім халифа бола алмайтын еді дейді. Хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) үш халифаға қол беріп бағынуы «тақийя» еді, яғни өзі қаламай, саясатпен жасаған дейді. Бұл сөздерімен адамдардың ең жақсысының сахабалары арасында екі жүзділік бар, олар бір-бірін алдап араласатын болған деп санайды. Өйткені олардың айтуынша, хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көретіндер мен жақсы көрмейтіндер жылдар бойы бір-бірімен өтіріктен сыйласып келген екен-міс. Жүректеріндегі қарсылықты жасырған, дұшпандықтарын достық ретінде көрсеткен екен-міс. Олардың айтуынша пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк сұхбатында әдеппен отырған, жетіліп шыққан асхаби кирамның бәрі айлакер, қу, өтірікші және екі жүзді екен-міс. Жүректеріндегіні жасырып, жоқ нәрсені көрсеткен екен-міс. Бұлардың нанымы бойынша бұл үмбеттің ең жамандары олар болуда, ал дәрістердің ең жаманы пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дәрістері мен сұхбаты болуда. Өйткені бұл жаман мінездер пайғамбарымыздың дәрістерінен туындаған болуда. Олардың айтуынша, ғасырлардың ең нашары асхаби кирамның (алейһимурридуан) ғасыры болуда. Өйткені олардың ғасыры дұшпандыққа, кекшілдікке және екі жүзділікке толы болған екен-міс. Алайда Аллаһу та'ала Құран кәрімнің «Фәтх» сүресінде: «Олар өз араларында тұрақты түрде және өте көп мейірім көрсетеді» делінген. Аллаһу та'ала бәрімізді осы бұзылған сенімдерден қорғасын! Бұл үмбеттің алдыңғы қатарлылары осыншалықты жаман мінезді болса, кейіннен келгендерде жақсы қасиет болуы мүмкін бе? Олар пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сұхбатына қатысудың үстемдігін және бұл үмбеттің қаншалықты қайырлы, қадірлі екенін көрсететін аяти карималарды және хадис шәрифтерді көрмеген бе, естімеген бе сонда? Әлде бұларды естіп сенбеген бе? Құран кәрімді және хадис шәрифтерді бізге сахабалар үйретті. Асхаби кирам (алейһимурридуан) жаман болса, олардан үйренілген дін де жаман болмай ма? Олардың мақсаты әлде осы перденің артына жасырынып дінді құлату ма, ислам дінін жою ма? Әһли бәйтті жақсы көретін болып көрініп, олар ислам дінін жоқ қылуға тырысып жатыр. Хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көретіндерді құрметтегенімен қоса, ең болмағанда оларды екі жүзділікпен айыптамауы керек еді. Хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көрді немесе жақсы көрмеді деп санаған сахабалар отыз жыл бір-бірімен өтірікпен, кекшілдікпен, екі жүзділікпен араласқан болса, олардың қай жерінде жақсылық қалсын? Қай сөздеріне сенуге болады? Олар (шиилер) Әбу Хурайраға (радиаллаһу анһ) тіл тигізіп, балағаттайды. Алайда, олардың білмейтіні, оны жамандағанда ислам үкімдерінің жартысы жамандалған болады. Өйткені ижтиһад дәрежесіне көтерілген ұлы ғұламаларымыздың айтуынша, ислам үкімдерін көрсететін үш мың хадис шәриф бар. Яғни үш мың ислам үкімдері сүннетпен белгілі болған. Бұл үш мыңның бір мың бес жүзін хабар берген – Әбу Хурайра. Олай болса, оны жамандау ислам үкімдерінің жартысын жамандау болады. Имам Мұхаммед бин Исмаил Бұхаридың айтқанындай, Әбу Хурайрадан (радиаллаһу анһ) хадис шәриф естіп айтқандар сегіз жүзден астам. Олардың бәрі де сахабалар мен табииндер. Одан хадис риуаят еткендердің бірі Абдуллаһ бин Аббас, бірі Абдуллаһ бин Омар, бірі Жабир бин Абдуллаһ, бірі Әнәс бин Малик (радиаллаһу анһум әжмаин). Олардың айтатыны, Әбу Хурайраны (радиаллаһу анһ) жамандайтын сөз хадис шәриф емес, тоқыма. Керісінше оның білімін және қабілетін көрсететін хадис шәриф мәшһүр. Өз ойымен осындай ұлы тұлғаны хазреті Әлиге (радиаллаһу анһ) дұшпан деп санап, оған қарсы аузына келгенін айту неткен ынсапсыздық. Бұл адасушылықтары олардың жақсы көруде тым шектен шығуының салдары. Имандарының кетуіне аз қалды. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) туралы екі жүзділік жасап үндемей қалды дейді. Оның шәйхайнды, яғни хазреті Әбу Бәкір мен Омарды (радиаллаһу анһума) мақтайтын сөздеріне не дейді екен? Халифа кезінде көптеген адамның арасында айтқан үш халифаның халифалығының дұрыстығын мәлімдеген сөздерін не істейді екен? Өйткені екі жүзділікпен халифалықты өз хаққы екенін, үш халифаның халифалығының дұрыс емес екенін айтпады десе де, олардың халифалықтарының дұрыс екенін және өзінен үстемірек екенін айтуы қажет емес еді. Бұдан басқа үш халифаның үстемдігін көрсететін хадис шәрифтерге және оларды және басқаларды жәннатпен сүйіншілеген хадис шәрифтерге не дейді екен? Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) да екі жүзділік жасады деп айтуы жаиз емес. Пайғамбарлардың дұрысты білуі қажет. Тағысын тағы! Оларды мақтайтын аяти карималарға не дейді екен? Аллаһу та'алаға да тіл тигізе ме? Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Тәубе», «Маида», «Мужадәлә» және «Бәйинә» сүрелерінде «Біз олардың әрбіріне разымыз. Олардың әрбірі де Аллаһу та'алаға разы» дейді. Демек, олар әрі жақсы көрген, әрі жақсы көрілген. «Араф» және «Хижр» сүрелерінде «Біз олардың жүректеріндегі ғыл мен ғышшты түбегейлі алып тастадық» делінген. Яғни олардың жүректеріндегі кекшілдік, қиянат, бір-біріне дұшпандық секілді нәрселерді түбінен алып тастадық делінді. Бұл аяти кариманың көрсетіп тұрғаны, ешбір сахаба ешбір сахабаға көре алмаушылық жасай алмайды және кек сақтай алмайды. Бұндай жаман мінездердің тамыры олардан алынып тасталған. Өйткені олардың бәрі Хаққул яқинға жеткен. Араларында орын алған қақтығыстар пен соғыстар ижтиһад себебімен еді. Әрқайсысы өз ижтиһадымен амал етуге міндетті және мәжбүр болғандықтан, олардың ешбіріне тіл тигізуге болмайды. «Әнфал» сүресінің 64-ші аяти каримасында Аллаһу та'ала Расулына (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Саған Аллаһу та'ала және мұсылмандардың саған бағынғандары жетеді» деген, бірақ ол кезде сахабалар өте аз еді. Аяти кариманың мағынасына зер салатын болсақ, сахабалардың (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) ұлылығы мен дәрежелерінің жоғарылығы аңғарылады. Олардың әрбірі ислам дінінің жайылуында пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жеткілікті болуда. Аллаһу та'ала олардың есімдерін өз есімінің қасына қойып, ақиқатында мен саған жетемін және олар менің жеткілікті болуымның көрінісі болады. Көріністе олар саған жетеді. Басқа біреудің жәредеміне қажеттілік қалмайды деген. «Фәтх» сүресінің 18-ші аяти каримасында Аллаһу та'ала: «Ағаш астында саған биат еткен [яғни әмірлерді келісімсіз, шартсыз орындауға ант берген] мұсылмандарға Аллаһу та'ала разы» деген, олар асхаби кирам еді, «және де оларға сәкинә [яғни жан тыныштығын, жүректеріне күш] береді және саған деген сүйіспеншілігін, адалдығы мен ықыласын біледі және оларға жақында жеңіспен сауаптандыратынын сүйіншілейді». «Худәйбия» келісіміндегі Сидрә немесе Сүмрә ағашының астында орын алған ант беруге бұл ишара. Көрініп тұрғанындай, сахабалардың әрбірінің (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) Аллаһу та'аланың разылығын алғаны және жүректерінің таза, пәк болғаны, жүректерін қуаттауы және жеңіспен сауаптандыратынын хабар беруі абыройлары мен құрметтерінің жоғарылығына айқын дәлел. «Фәтх» сүресінің басқа аяти каримасында «Саған биат еткендер», яғни сенімен соғысқа қатысып, ислам дінін таратуда, құлдарыма насихат беруде және тура жолды көрсетуде бірге болатынына ант беріп, уәде еткендер «Аллаһу та'алаға уәде еткен болады» деді. Басқа аяти каримада «Олар Аллаһу та'аланы жақсы көреді. Аллаһу та'ала да оларды жақсы көреді» деді. Көрініп тұрғанындай, сахабалардың барлығына (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) Аллаһу та'аланың махаббаты және сүйікті құлы болу мәртебесі нәсіп болған. «Тәубе» сүресінің 103-ші аяти каримасында: «Мекке халқынан болып, мухажирин деп аталған сахабалар мен Мәдина халқы болған ансарға және оларға жақсылықта бағынғандарға Аллаһу та'ала разы. Олар да Аллаһу та'алаға разы» делінеді. Хазреті Муауия (радиаллаһу анһ) Мекке сахабаларының құрметті, абыройлы азаматтарының бірі. «Әнфал» сүресінің жетпіс екінші аяти каримасында «Олардың бәрі пайғамбарды (алейһиссалату уәссәләм) іштеріне орнықтырған, ислам дінін таратуда көмектескен» делінеді. Имам Маликтың (радиаллаһу анһ) айтқаны бойынша, Шам қаласын жаулап алғанда сол жердегі насара [яғни христиандар] «Сендердің пайғамбарларыңның сахабалары біздің хауарилерімізден жақсырақ. Өйткені олардың есімі Тауратта және Інжілде аталған әрі мақталған» деген. «Фәтх» сүресінің жоғарыда жазылған аяти каримасына сүйеніп, Имам Малик (радиаллаһу анһ) сахабаларды жақсы көрмейтіндердің кәпір болатынын айтқан. Имам Шафии (рахимә-һуллаһу та'ала) да осылай айтты. Бұл аяти карималар мен хадис шәрифтердің көрсетіп тұрғаны, Аллаһу та'ала мен Оның Расулы (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) асхаби кирамның бәрін әділ деп білген. Аллаһу та'ала және Оның пайғамбары (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әділ деп білген адамдарды біреулер әділ деп білмеуінің қандай маңызы мен зияны болсын? Егер асхаби кирам аяти каримамен және хадис шәрифпен мақталмаған күннің өзінде исламға көмектері және осыған арнап мал-мүлкін, жанын, ата-анасын, бала-шағасын пида етуі, пайғамбарымызға (алейһиссалату уәссәләм) көмектесуі, имандарының күштілігі бәрінің әділетті болғанын және осылай сенуіміз керектігін айқын көрсетіп тұр. Әһли сүннет ғалымдарының мазһабтары осы. Асхаби кирамның ізгілігін, үстемдігін, абыройы мен дәрежесінің жоғарылығын көрсететін хадис шәрифтер санауға келмейтіндей көп. Олардың барлығы туралы айтылған хадис шәрифтер том-том кітаптарды құрайды. Олардың бірнешеуін жазайық: Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Сахабаларымның барлығы бірге де, жеке-жеке де, жұлдыздар секілді нұрлы. Олардың қайбіріне ерсеңдер, яғни олардың соңынан жүрсеңдер, негізгі құтылу жолы, адамзаттың кемелдігі мен бақыты болған Аллаһу та'аланың сүйіспеншілігіне кенелесіңдер». Сондықтан да дін имамдарымыз, яғни бұл діннің ғұламалары асхаби кирамның әрбірінің сөздерін, іс-әрекеттерін құжат, дәлел ретінде алған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұл хадис шәрифте айтқысы келгені, «Сахабаларымның қайбірін өздеріңе мазһаб имамы ретінде таңдап, өздеріңе жетекші, жол сілтеуші қылсаңдар, оның рәй және ижтиһадымен амал етсеңдер, көрсеткен жолымен жүрсеңдер, тура жолда жүрген боласыңдар». Бұдан аңғарылғаны бойынша, олардың бәрі мүжтәһид. Әрбірі аяти карималарда және хадис шәрифтерде айқын айтылмаған діннің үкімдерін өз білімдерімен, жоғары дәрежелерімен, кемелдіктерімен және жүректерінің нұрымен аяттардан, хадис шәрифтерден тауып шығара алады. Сондықтан да пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) асхаби кирамның көбісін ислам дінін тарату және баршаға жеткізу үшін алыс мемлекеттерге жіберген кезде ескертіп «Алдыларыңнан шығатын оқиғалардың, жағдайлардың қалай орындалу керектігін Құран кәрімде және хадис шәрифтерде анық көрмеген кездеріңде аяти карималардың дәлелдерінен, белгілерінен, рәміздерінен, айтылу түрінен, лайықты мағыналарынан, түрлі мағыналарынан, әмірлердің қажетінен шығарып түсініңдер және түсінгендерің бойынша амал етіңдер әрі амал еткізіңдер!» деген. Мүжтәһидтердің міндеті осы. Асхаби кирамның әрбірін жұлдызға теңеді, теңізде, тауда, далада, қырда, жазықта, шөлде жолдан адасқандар құбыланы, басқа бағыттарды іздегендер олардың жарығының арқасында жол таба алады. Асри саадаттан кейін «Хуләфа-и рашидин» және бүкіл асхаби кирам осылайша бір-бірін мүжтәһид ретінде таныған. Бір-бірінің рәй мен ижтиһадына қате демеген. Асхаби кирамның сұхбаттарында және дәрістерінде жетілген табиин-и кирамның көбі де осылай мүжтәһид болды. Олардың сұхбаттары мен дәрістеріне қатысқан тәбә-и табииннен бір бөлігі ижтиһад дәрежесіне көтерілді. Имам Ағзам Әбу Ханифа, Имам Малик, Имам Шафии, Имам Ахмед бин Ханбәл, Имам Әузаи, Суфян Сәури, Суфян бин Уяйнә, Дауд Таи және басқа да ғұламалар (рахимә-һуллаһу та'ала) осылардың қатарында. Олар уақыт өте азайып, төртінші ғасырдың соңында ижтиһад жасай алатындай үлкен ғалым жетілмейтіндей болды. Одан бұрын келген мүжтәһидтердің көбінің мазһабтары ұмытылды. Қазір тек қана төрт имамның мазһабы қалды. Олар Имам Ағзам, Имам Шафии, Имам Малик және Имам Ахмед бин Ханбәл (радиаллаһу анһум). Олардан кейін бұл дәрежеге, бұл мәртебеге ешкім жете алмады. Сондықтан мазһабтар төртеу болып қалды. Мұсылмандардың барлығы осы төрт мазһабтың бірін ұстануға мәжбүр және міндетті болды. Осында жазылған бірнеше аяти карималар мен хадис шәрифтердің алдында Аллаһу та'ала мазһабсыздарға ынсап берсін! Баршаға мәлім, екі жүзділік сатқындықтың белгісі. Асхаби кирамға және әсіресе ең қадірлілерінің біріне, Аллаһтың арыстанына екі жүзді деуге бола ма? Пендешілікпен дұрыс сөзді бір-екі сағат немесе бір-екі күн жасыруға болады десе, орынды болар. Бірақ Аллаһтың арыстанына толық отыз жыл опасыздықтың белгісін жүктеу және осы ұзақ уақыт бойы екі жүзділікпен өмір сүрді деу неткен жаман, неткен төмен жалаға жатады. Кіші күнә әрдайым істеле берсе, үлкен күнә болады делінген. Жаман адамдардың, мұнафықтардың бір жамандықты отыз жыл тұрақты істеудің не боларын ойлау керек. Бұл сөздердің салмағын, жамандығын біліп, шәйхайнның үстемдігін қабылдағанда, осылайша хазреті Әлиге (радиаллаһу анһум) опасыздық жасаудан, төмендетуден құтылған болар еді. Екі бәленің кішісін таңдаған болар еді. Сондай-ақ, шәйхайнның үстемдігін айтуда хазреті Әлиді (радиаллаһу анһум) төмендету жоқ және оның халифалығы жоққа шығарылған болмайды. Әулиеліктегі жоғары мәртебесіне және хидаят, иршад дәрежесіне тиіскен болмайды. Алайда, олардың айтқанындай, оны екі жүзді деп білу арқылы осы қасиеттердің, үстемдіктердің барлығы одан алынған болады. Өйткені екі жүзділік мұнафықтардың, ең төменгі адамдардың және өтірікші, алдаушылардың ісі. Шәйхайнның халифа болатыны және тіпті Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасына жерленетіні хадис шәрифтерде хабар берілген болатын. Әбу Бәкір Сыддық және Омар бин Хаттаб, Осман бин Аффан, Әли бин Әби Талиб (радиаллаһу анһум) мақталған, мадақталған хадис шәрифтерді көргісі келгендерге бір мың екі жүз алпыс төртінші және бір мың үш жүз жиырма бесінші хижри жылы Стамбұлда басылған түрік тіліндегі «Мәнақиб-и чихар йар-и гузин» атты кітапты оқуға кеңес береміз. Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) туралы пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Пайғамбарлардан кейін (алейһимуссалауату уәссәләм) Әбу Бәкірден үстем ешкімнің үстіне күн тумаған және батпаған». Басқа хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала кеудеме төккен білімдердің бәрін Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) кеудесіне төктім» делінеді. Омар бин Хаттаб (радиаллаһу анһ) туралы хадис шәрифтердің бірінде пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтады: «Менен кейін пайғамбар келгенде, Омар (радиаллаһу анһ) пайғамбар болар еді». Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) дәрежесін Жәбрейілден сұраған еді. Жәбрейіл (алейһиссалам): «Мен Жәбрейіл болсам да, әлем жаратылған кезден қиямет күніне дейін Омардың ізгілігі мен кемелдігін айтсам, бітіре алмаймын!» деген болатын. Сонымен қатар, хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) бүкіл үстемдіктері хазреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) үстемдіктерінің тек біреуі ғана. Имам Османды (радиаллаһу анһ) мақтайтын хадис шәрифтердің бірінде айтылған: «Әр пайғамбардың жәннатта досы бар. Менің досым – Осман». Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) жоғары дәрежесін хабарлайтын хадис шәрифтердің бірінде айтылған: «Әлидің (радиаллаһу анһ) маған деген жақындығы Харун пайғамбардың Мұса алейһиссаламға деген жақындығы секілді». Харун алейһиссалам Мұса алейһиссаламның бауыры және уәзірі, орынбасары еді. Осы хадис шәрифтерден мазһабсыздардың қате мағына шығарғаны және жауабы үшінші бөлімде және «Хақ сөздің дәлелдері» кітабында айтылды. Имам Ахмед бин Ханбәл айтқанындай, Имам Әли (радиаллаһу анһ) туралы айтылған хадис шәрифтердей ешбір сахаба туралы айтылмаған. 2) Екіншісіне келер болсақ, әһли сүннет асхаби кирам арасындағы соғыстардың дүниелік үшін емес, ақиқатты табу үшін жасалғанын хабар береді. Олардың бәрін кекшілдік пен дұшпандық секілді төмендіктерден аулақ деп біледі. Өйткені, асхаби кирамның барлығы адамдардың ең жақсысының сұхбаты мен насихаттарының арқасында тап-таза болған, кекшілдік, дұшпандық секілді жамандықтар жүректерінен шығарылған еді. Олардың әрқайсысы ижтиһад дәрежесіне көтерілген болатын. Әр мүжтәһидтің өз ижтиһады, өз пайымы бойынша амал етуі уәжіп болғандықтан, өзгеше-өзгеше ижтиһад еткен мәселелерде бір-бірінен бөлінуі қажет болады. Әрбірінің өз ижтиһадын ұстануы дұрыс болады. Олай болса, олардың бөлінуі де бірігуі секілді дұрыс еді. Рахаты, шәһуаты, нәпсілерінің қалауы үшін емес еді. Ижтиһад себебімен еді. «Ижтиһад» Құран кәрімде және хадис шәрифтерде айқын айтылмаған бұйрықтарды айқын айтылғандарға ұқсатып, бір үкім шығару деген сөз. Бұл «Фә’тәбиру» және «Уәс’әлу әһләззикри» аяти карималары арқылы бұйырылуда. Яғни еңбектеніп, күш салып, бүкіл зейін мен ой-пікірді салып, Құран кәрімде және хадис шәрифтерде табылмаған мәселелерді табылғандармен салыстырып, ұқсатып, үкім шығарыңдар деген әмір берілуде. «Мизан» кітабында жазылуы бойынша, ижтиһад етуді бұйырған аяти карималар көп. «Нахл» сүресінің қырық төртінші аяти каримасында: «Бізден түскендерді адамдарға түсіндіруің үшін» және «Ниса» сүресінің елу тоғызыншы аяти каримасында: «Аллаһтың кітабына және Расулдың хадистеріне жүгініңдер!» делінген. Бұл аяти карималар ижтиһад етуді бұйыруда. Имам Ағзам Әбу Ханифаның шәкірттерінен ижтиһад дәрежесіне көтерілгендердің ең атақтылары Имам Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед, Имам Зуфәр және Хасан бин Зияд (рахимә-һумуллаһу та'ала) секілді ғұламалар. Олар Имам Ағзамнан тек бірнеше мәселеде ғана бөлінген, бұл мәселелерде өз ижтиһадтары бойынша амал еткен. Өйткені, бұл мәселелерде өз ижтиһадтары қандай болса, сол бойынша амал етуі парыз болып, Имам Ағзамның рәй және ижтиһадын ұстануы рұқсат болмайды. Асхаби кирамның әрқайсысы мүжтәһид болып, ижтиһад дәрежесінің толықтай иесі болғандықтан, аяти карималарда және хадис шәрифтерде айқын көрсетілмеген мәселелерде өз рәй және ижтиһадтары бойынша амал етуі парыз болып, өздерінен жоғары тұрған сахабалардың жоғары, үстем екенін біле тұра олардың рәй және ижтиһадтарына бағынбады. Осы себептен пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көзі тірісінде және хуләфа-и рашидиннің халифалығы дәуірінде ислам дінін тарату үшін алыс мемлекеттерге жіберілген сахабаларға аяти карималар мен хадис шәрифтерде айқын көрсетілмеген мәселелерді қияс етіңдер (салыстырып үкім шығарыңдар) деген бұйрық берілді. Мысалы, Муаз бин Жәбәлді (радиаллаһу анһ) Йеменге әкім қылып тағайындаған кезде «Ол жақта қалай үкім жүргізесің?» деп сұрады. Ол «Аллаһу та'аланың кітабымен амал етемін» деді. «Құран кәрімнен таба алмасаң, не істейсің?» деп сұрағанда «Аллаһу та'аланың пайғамбарының (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хадис шәрифтерін өзіме ереже және заң қыламын. Яғни оның сөздерімен, хәлдерімен және істерімен амал етемін» деп жауап берді. «Расулуллаһтың сөздерінен де таба алмасаң, не істейсің?» деген сұраққа «Аяти карималар мен хадис шәрифтердің шеңберінен шықпай өз ижтиһадыммен амал етемін» деп жауаптады. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұл жауаптарды естігенде Муаз бин Жәбәлдің (радиаллаһу анһ) білімі мен ұлылығы үшін Аллаһу та'алаға мақтау айтып, шүкіршілік етті. Бұл жағдай усул-и фиқһ кітаптарында Мәнар және Хашиясы Ибн Мелек (рахимә-һуллаһу та'ала) кітаптарында жазулы. Асхаби кирамнан (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) ижтиһадтары хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһум) ижтиһадына сай болмай, онымен соғысқандарды шиилер кәпір дейді. Соғысқандары үшін барлық жаман сөздерді айтып, қарғайды. Алайда, асхаби кирам (алейһимурридуан) ижтиһад етілуі қажет болған көптеген істерде пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өзгеше ижтиһад еткен болатын. Бұл өзгешелік айып саналмаған болатын. Періште келген, уахи әкелген болса да, бұл бөлінуге тыйым салынбаған еді. Олай болса, хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) ижтиһадынан бөлінгендерге кәпір деуге бола ма? Бұл үшін асхаби кирамға (алейһимурридуан) тіл тигізуге бола ма? Оның ижтиһадынан бөлінген мұсылмандар өте көп еді. Олар асхаби кирамның ұлылары еді және бір бөлігі жәннатпен сүйіншіленген еді. Оларды кәпір деу, тіл тигізу жеңіл іс емес. Ислам дінінің жартысын бізге жеткізген осы тұлғалар. Оларды жамандайтын болса, діннің жартысы құламай ма? Бұл ұлы тұлғаларға қалай тіл тигізуге болады, олардың ешбірінің хабар берген хадисін ислам ғұламалары жоққа шығармаған. Оларды әмір, уәзір, фақиһ, ұлы деп қабыл еткен. Аллаһу та'аланың кітабы Құран кәрімнен кейін бүкіл кітаптардың ең сахихы «Бұхари-и шәриф». Шиилер де бұған сенеді. Бұл пақыр [яғни Имам Раббани] шии ғалымдарының үлкені Ахмед Тәбтиден естідім, «Китабуллаһтан кейін ең дұрыс кітап Бұхари» деген еді. Міне осы кітапта хазреті Әлиге (радиаллаһу анһ) ергендердің де, ермегендердің де хабар берген хадис шәрифтері жазылған. Бұл соғыстар олардың әділеттігіне, дұрыстығына дақ түсірмейді. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) айтқан хадис шәрифтері жазылғанындай, хазреті Муауия (радиаллаһу анһ) айтқандары да жазылды. Егер хазреті Муауияда (радиаллаһу анһ) және оның сөздерінде күдіктенетіндей, тіл тигізетіндей бір нәрсе бар болса, ол жеткізген хадис шәрифтерді кітабына жазбайтын еді. Бұрынғы ғалымдарымыз, хадис мамандары да бір ауыздан осылай істеген, асхаби кирамның (алейһимурридуан) бөлінгенін ойламай, бәрі жеткізген хадис шәрифтерді дұрыс деп қабылдап, кітаптарына жазған. Хазреті Әлиге (радиаллаһу анһ) бағынбауды кемшілік және айып деп санамаған. Білу керек болғаны, хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) бөлінгендегі әр ісінде дұрыс болуы қажет емес және одан бөлінгендердің әрдайым қателескен болуы қажет емес. Иә, бұл соғыстарда оныкі дұрыс еді. Бірақ, әрдайым ақиқаттың оның тарапында болуы қажет емес. Өйткені, ижтиһад істерінде табииннің ұлылары және дін имамдары [мешіт имамдары емес] көп рет оның ижтиһадына бағынбаған, басқаша ижтиһад етіп, өз ижтиһадтары бойынша амал еткен. Ақиқат әрдайым оның тарапында болғанда, ешкім оның ижтиһадынан бөлінбес еді. Мысалы, табиииннің ұлыларының бірі және мүжтәһидтердің жоғары дәрежелісі Қазы Шурәйһ (рахимә-һуллаһу та'ала) оның ижтиһадымен шешім қабылдамады. Имам Хасанның куәлігін қабыл етпеген еді. Мүжтәһидтер үнемі Қазы Шурәйһтің шешімімен амал етіп, ұлының әкесіне куә болуын рұқсат деп санамаған. Тағы көптеген істерде осы ұлы имамға бағынбайтын ижтиһадтар таңдалған. Ынсапты оқырмандар бұларды жақсы біледі. Демек, хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) ижтиһадынан бөліну қылмыс емес. Бөлінгендерге тіл тигізу рұқсат емес. Айша Сыддықа (радиаллаһу анһа) Аллаһу та'аланың сүйіктісінің сүйіктісі еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуына дейін оны қатты жақсы көрген және қасынан айрылмайтын еді. Оның бөлмесінде, оның төсегінде және мүбәрәк басы оның құшағында болып жан тапсырған еді. Оның жұпар иісті бөлмесіне жерленіп, сонда қалған. Осы барлық үстемдіктер мен құндылықтардан бөлек өзі үлкен ғалым және мүжтәһид болған. Пайғамбарымыз (алейһиссалату уәссәләм) діннің жартысын жеткізуді оған қалдырған болатын. Асхаби кирам (алейһимурридуан) қиыншылыққа тап болған кезде оған келіп, одан сұрап білетін еді. Осындай Сыддықа және мүжтәһидаға әмірге [Әлиге] (радиаллаһу анһума) ермеді деп тіл тигізіп, оған жараспайтын жаман жала сөздер айту мұсылмандыққа лайықты емес. Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) иманы бар адамның аузынан мұндай сөздер шықпайды. Әли (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) күйеу баласы және көкесінің ұлы болса, Айша (радиаллаһу анһ) зәужа-и мутаһһарасы (жұбайы), өте жақсы көрген жанұясы. Бірнеше жыл бұрынға дейін бұл пақыр [яғни Имам Раббани] кедейлерге ас берген кезімде әһли абаның рухтарына ниет ететін едім. Яғни Расулуллаһпен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бірге Әли, Фатима, Хасан мен Хусейн (радиаллаһу анһум) хазреттердің рухтарына бағыштайтынмын. Бір түні түсімде пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көріп, сәлем бердім. Ол менің сәлеміме жауап бермей, мүбәрәк жүзін теріс бұрды да, «Мен тамақты Айшаның үйінде жейтінмін. Маған ас жібергісі келгендер Айшаның үйіне жіберетін еді» деді. Бұдан түсіндім, түсімде теріс бұрылуының себебі ас бергенде ниетте хазреті Айшаны (радиаллаһу анһ) ортақ қылмағаным екен. Одан кейін хазреті Айшаны да, тіпті зәужа-и мутаһһараның бәрін ниетте ортақ қылдым. Әһли бәйттің барлығын (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) арашы қылып дұға ететін болдым. Өйткені олар да әһли бәйттен. Олай болса, Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Айша Сыддықа жолымен келген ауыртпалық хазреті Әли (радиаллаһу анһума) жолынан келген ауыртпалық пен жападан көбірек. Ақылы мен ынсабы бар адам мұны жақсы түсінеді. Иә, бұл айтқандарымыз хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақсы көріп құрметтегені үшін жақсы көріп құрметтегендерге айтылған. Бірақ, кімде-кім Мұхаммед алейһиссаламды араға қоспай оны тікелей жақсы көретін болса, бұған айтар сөзіміз жоқ. Өйткені, ол сөз түсінбейді. Оның мақсаты ислам дінін құлату, ислам үкімдерін бұзу. Бұлар Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)-ді арадан алып тастап, Олсыз дін құруды, тікелей Имам Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) өзін жақсы көруді және оған байлануды қалайды. Шынында тарих бойынша көптеген замандарда кейбір жағымпаздар, ақымақтар бастарындағы залымдарға, диктаторларға жағымпазданып, дүниелікке қолжеткізу үшін оларға пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм), тіпті Аллаһу та'аланың ұлылығын қондырады. Олардың өздері де, жағымпазданғандары да құрып кеткен, болмыстары шіріген, сасыған, жиіркенішті күйге енген. Лас рухтары да тозақ азабына түсіп, дүниедегі азғындықтарының, исламға жасаған қорлықтарының жазасын тапқан. Алданғанын түсінген. Мұхаммед алейһиссаламнан бет бұру, басқа біреуді Одан ұлы, Одан сүйікті деп білу күпірлік, адасушылық, дүмшелік. Имам Әли (радиаллаһу анһ) оларды жақсы көрмейді. Асхаби кирамның бәрін (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) және хазреті Осман мен хазреті Әлиді (радиаллаһу анһум), барлығын пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) деген құрмет пен сүйіспеншілік үшін жақсы көру керек. Өйткені «Оларды жақсы көрген адам мені жақсы көргені үшін жақсы көреді. Оларға дұшпан болған адам маған дұшпандық жасаған болады» деген. Талха және Зубәйр (радиаллаһу анһума) асхаби кирамның ұлыларынан және ашәрә-и мубәшшәрадан еді. Яғни жәннатқа кіретіні сүйіншіленген еді. Оларға тіл тигізуге бола ма? Оларды балағаттау өз-өзін балағаттау, төмендету болып саналады. Омар (радиаллаһу анһ) қайтыс боларында асхаби кирам арасынан алты кісіні халифа болуға лайықты санап, олардың бірін халифа ретінде сайлауға кеңес берген болатын. Олардың бірін өзгелерінен жоғары санамай, таңдау жасай алмаған болатын. Талха мен Зубәйр (радиаллаһу анһума) сол алты кісінің екеуі. Екеуі де халифалықты қаламай, хақылары мен дауыстарын қалған төртеуіне қалдырды. Талха (радиаллаһу анһ) пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әдепсіздік жасады деп өз әкесін өлтірген, пида еткен кісі еді. Аллаһу та'ала оның бұл әрекетін Құран кәрімде мақтаған. Зубәйр (радиаллаһу анһ) болса, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оны өлтірген адамның тозақта екенін хабар берген. Оған тіл тигізгендер, қарғау айтқандар төмендікте оның өлтірушісінен кем емес. Олардың екеуі де исламның ұлылары және мұсылмандардың ардақтысы. Асхаби кирамды төмендету қалай рұқсат болсын, олар ислам дінін көтеру және Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көмектесу үшін адам күшінің үстінде еңбек еткен, дін үшін күн-түн демей бар күшін салған. Мал-мүліктерін Аллаһу та'ала жолына пида еткен. Туған-туыстарын, отбасыларын, бала-шағаларын, отандарын, үйлерін, өзендерін, егістіктерін, ағаштарын Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) деген махаббат жолында тастап кеткен. Оның мүбәрәк денесін өз денесіне, Оған деген махаббатты мал-мүлкіне, бала-шағасына деген махаббатқа ауыстырған. Олар сұхбат, яғни достық абыройын иеленген және сол сұхбатта басқа ешкімге нәсіп болмайтын берекеттер мен дәрежелерге ие болған. Олар уахи, яғни Құран кәрім түсуін көру және Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отыру мәртебесіне қауышқан. Мұғжизаларға, ғажайып оқиғаларға куә болған. Басқаларға есту нәсіп болған ниғметтерді және ілімдерді олар көрген. Олардан кейін ешкімге берілмейтін жүрек тазалығы, рух кемелдігі оларға берілген. Басқалар таудай алтын садақа берсе, олардың бір уыс арпа садақасының сауабына, тіпті жартысына да жетпейді. Аллаһу та'ала оларды Құран кәрімде мақтап «Оларға разымын, олар да маған разы» деген. «Фәтх» сүресінің соңында оларға ашуланған, дұшпан болғандарға «Кәпірлер» делінеді. Олай болса, оларға дұшпан болудан күпірліктен қашқандай сақтану керек. Олар пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) аса жақсы көргендіктен Оның сүйіктілері болды. Егер кейбір істерінде бір-бірінен бөлініп, өз ижтиһадтары бойынша амал етсе, ештеңе дей алмаймыз. Бұл – ақиқатты және дұрысты табу үшін орын алған бөліну және біреудің ижтиһадын ұстанбау. Имам Әбу Юсуф ижтиһад дәрежесіне көтерілгеннен кейін Имам Ағзам Әбу Ханифаға (радиаллаһу анһума) ергенде, қате болар еді. Оның өз ижтиһадына еруі дұрыс. Имам Шафии (рахметуллаһи алейһ) асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) сөзіне ермей, өз ижтиһадын ұстанатын еді. Сыддық-и Ағзам болса да, Имам Әли болса да, қай ұлы сахаба (радиаллаһу анһум) болса да, олардың сөздеріне ермей, өз ижтиһадымен шешім қабылдауды дұрыс жол деп білетін. Қандай да бір мүжтәһидтің сахабаның (радиаллаһу анһ) сөзіне ермеуі мүмкін және рұқсат болса, асхаби кирамның ижтиһад істерінде бір-бірінен бөлінуі, сөз тартысуы неге кінә болсын? Асхаби кирам (радиаллаһу анһ) ижтиһад істерінде кейде пайғамбарымызға да (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ермеген, пайғамбарымыздың ижтиһадынан бөлінуі кінә болмаған, нашар іс деп қабылданбаған, бұған тыйым салынбаған және жазғырылмаған. Асхаби кирамның (радиаллаһу анһум) бұлай бөлінуін Аллаһу та'ала ұнатпағанда, әлбетте тыйым салып, бөлінгендерге азап беретінін хабарлайтын еді. Алайда Расулуллаһпен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жоғары дауыспен сөйлескендерге бұған тыйым салып, жазғырған болатын. «Бәдір» соғысында «Түскен тұтқындарды не істейміз?» деген сұрақ қойылғанда да асхаби кирамның пікірлері әртүрлі болған еді. Омар-ул Фаруқ және Са'д бин Муаз (радиаллаһу анһума) тұтқындарды өлтірейік деді. Басқа сахабалар (радиаллаһу анһум) ақшаға ауыстырып босатайық деген еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) да осы пікірді қабылдап, оларды босатып жіберді. Кейін аяти карима келіп, бірінші пікірдің дұрыс екені білдірілді. Асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) ұлылығын және мазһабтарының қандай екенін түсіну үшін ижтиһадты жақсы білу қажет. Мал-мүлікке беріліп кетпе, Мендей адам бар ма деме. Ерекше жел келіп соғады, Тас-талқаныңды шығарады. |