12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Тұр, намаз уақыты өтіп барады!

Тұр, намаз уақыты өтіп барады!

Намаз исламның бес шартының екіншісі болып, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) миғражға барған кезде ең қайырлы үмбет болған Оның үмбетіне Аллаһу та'аланың әзәли бұйрығымен күніне бес уақыт ретінде парыз болды.

Намаз – діннің тірегі. Кімде-кім намазын тұрақты түрде дұрыс және толық оқыса, дінін берік қылған, ислам ғимаратын тұрғызған болады. Адам пайғамбардан (алейһиссалам) бері барлық дінде намаз бар еді. Барлық үмбетке бір уақыт намаз парыз еді. Бірақ бір уақытта көп рәкат парыз еді. Біреулеріне таң намазы, біреулеріне ақшам намазы парыз еді. Әр үмбетке әр түрлі уақытта парыз болған намаздар біздің үмбетімізге бәрі бірден парыз болды.

Сүлейман алейһиссалам бір намазын өткізіп алғанда тоғыз жүз құрбандық шалып, кешірім сұрады. Қырық күн аза тұтты. Әйюб алейһиссалам ғибадатында әлсіздік пайда болғанда «Мен шынымен де ауырып қалыппын» деп айқайлайтын. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк тістері түсіп, мүбәрәк жүзінен қан ақса да, қол жайып «Йа, Раббым! Қауымыма хидаят бер. Олар білмейді» деген, бірақ Хәндәк соғысында екінді намазын өткізіп алғанда, яғни уақытылы оқылмауына себеп болғандарында «Бізді екінді намазынан олар мақұрым қалдырды. Йа, Раббым! Олардың жүректерін, көңілдерін отқа толтыр!» деген.

Хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) бір түні үтір намазын өткізіп алды. Түні бойы көп ғибадат жасағандықтан, түннің соңында ұйықтап қалды. Таң намазында пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) артынан жүріп, мешіттің есік алдында жақындап, айқайлай бастады. «Йа, Расулаллаһ! Көмектесіңіз! Үтір намазымды оқи алмадым» деп өтінді. Расул алейһиссалам жылай бастады. Жәбрейіл алейһиссалам келіп, «Йа, Расулаллаһ, Сыддыққа айтыңыз, Аллаһу та'ала оны кешірді» деді.

Баязид Бистами хазретті бір түні ұйқы басып, таң намазын оқи алмады. Ол бұған қайғырып, күйініп, қорқып жылағаны сонша, бір дауыс естіді: «Ей, Баязид, бұл күнәңді кешірдім. Жылағаныңның берекесімен саған бөлек жетпіс мың намаздың сауабын бердім» делінген еді. Бірнеше айдан кейін бір күні қайтадан ұйқы басты. Шайтан келіп, мүбәрәк аяғын түртіп оята бастады: «Тұр, намаз уақыты өтіп барады» деді. Шәйх Баязид бұған таңқалып:

- Ей, малғұн шайтан, сен мұны қалай істейсің? Сен бәрі намазын өткізіп алуын қалайтын едің ғой! – деп сұрады. Ібіліс былай жауап берді:

- Таң намазын оқи алмаған күніңде жылап жетпіс мың намаздың сауабын алған едің. Бүгін соны ойлап сені оятып жатырмын, бір уақыт намаздың сауабын ғана ал. Жетпіс мың намаздың сауабын алмай қал!

Олай болса, ей, мұсылман, уақытыңды бос өткізбе! Уақытыңды жақсы пайдалан! Намазыңды уақытылы оқы, қиямет күні өкініп жүрме. Көп сауап жасап ал... (Намаз Рисаласы).